Home » Мақалалар » Жаныма жақын мамандық

Жаныма жақын мамандық

Мулдагалиева Ботакоз Зейноллақызы
Батыс Қазақстан облысы  
Орал қаласы
Облыстық көру қабілеті бұзылған
балаларға арналаған арнаулы
мектеп – интернатының
ұзартылған күн тобының тәрбиешісі

Мақсаты: Оқушыларға мамандық, оның ерекшеліктері туралы түсінік беру, заман талабына сай және өз қабілеті мен бейіміне байланысты  дұрыс мамандық таңдай білуге бағыт — бағдар көрсету. Өз ойларын ортаға салып, пікірін еркін айта білуге, жауапты шешім қабылдай білуге баулу.

Көрнекіліктер: Мамандық  иелері туралы суреттер, слайд, нақыл сөздер, шарлар.

Әдісі: әңгімелеу, пікірлесу, сұрақ -жауап,.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Тренинг: Сыныпта көтеріңкі ахуал орнықтыру. (Алма деп  бір рет айтқанда,бір қадам алға секіру, апельсин деп бір рет айтқанда, бір қадам артқа секіру, банан дегенде айналып орнымызға тұру, егер де алма немесе апельсин сөздері  екі рет қайталанса онда екі қадамнан алға, артқа секіреді)

Мұғалім сөзі:     «Өмірде өз мақсатымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білейік» — деп Ж.Аймауытов ағамыз айтқандай

мамандық таңдау да  жасөспірім кездегі ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді аяқ басқан сіздердің алдарыңызда көптеген мамандықтан өзіңіздің көңіліңізге  жақын бір ғана мамандықты таңдау міндеті тұрады.

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» — деп Ж.Аймауытов,  мамандық таңдауда қателеспей, өз көңіліңе жақын, өзің ұнататын мамандықты таңдап, оған үлкен жауапкершілікпен қарауды айтқан.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан, (Абай) – осы өлең жолдарының мағынасын ашып айтсақ.    (оқушылар ойын тыңдау)

Міне, Абай атамыз айтқандай өмірде өз орныңды адаспай тапсаң, сенде орнына дәл қаланған кірпіштейсің, сондықтан да   мамандықты мұқият, көңілмен ұнатып, жаныңызға жақын мамандықты таңдай біліңіздер.

— Мамандық таңдау дегеніміз не?- екен балалар, қандай ой түйдіңіздер?    (оқушылар пікірлерін, ойларын тыңдау)

1.Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?

2.Сен ол мамандық туралы не білесің?

3.Мамандық таңдамауыңның себебі не?

4.Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?

  1. Қай жақта оқығанды ұнатасың?

Оқушылардың әр сұраққа берген жауаптарын мұқият тыңдап, бірлесе отырып талдау жасау.

Мамандық таңдау ол:

—        Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;

—        Адамның болашаққа апаратын жолы;

—        Адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;

—        Мамандық бойынша адам жұмыс істейді;

—        Келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол;

—        Адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.

 

Сенің міндетің – келесі талаптарды орындайтын мамандықты таңдау:

  • Сен үшін мамандығың қызықты және тартымды болуы қажет;
  • Сенің қабілеттеріңе сәйкес келуі қажет;
  • Еңбек нарығында сұранысқа ие болуы қажет.

 

Мамандықты таңдауда  ата — ананың, мұғалімдердің кеңесін де тыңдайтындар бар, ал кейбіреулері үйге жақын аймақты таңдайды немесе қазір өте қажет мамандық деп таңдай салады, біреулері амал жоқ, оқу керек деп соңғы сәтте таңдайды, ал оған соңынан көңілдері толмай, өкінетін сәттері де болады.

Cергіту сәті: «Мамандықты тап» жұмбақтар шешейік. Жауабы сурет арқылы көрсетіледі.

Үлгілерге қараймын

Үй іргесін қараймын.

Өрнектерді оямын,

Терезесін қоямын. (Құрылысшы)

 

Елде сақтап амандық,

Емдеп жұртты аман қып.

Қуантады қашан да,

____________ мамандық (Дәрігерлік)

Денсаулығын баланың,

Денсаулығын ананың.

Денсаулығын қарттың да,

Қамқорлыққа алады.

 

Өндіріске көптеген

Өрісі мол ток берген.

ГРЭС, ГЭС-тер жұмысын Мен арқылы өткерген. (Инженер)

 

Бойында шымыр алаулаған жалын,

Жақсылық жайы толғандырған жанын.

Ізгілік үшін бар ғұмырын арнап,

Ойлаумен жүр басқалардың қамын, (Полиция)

 

Елім деп соғады жүрегім,

Ұлы Отанның түлегі.

Ол ел –қорғаның,

Тыным таппай жүреді (Сақшы )

 

 

Қуантады халықты,

Асыға оны күтеміз.

Жақсылық хабар әкеліп,

Алыс -жақын туыстан. (Пошташы)

 

«Жағдаяттық сұрақтар».

  1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен не істер едің?
  2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамайды, сен ата-анаңның шешіміне қарсы шыға аласың ба?
  3. Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

Қорытынды

Өздеріңіз  айтқан, бүгін ортаға салған  ой пікірлеріңіз өте маңызды болды деп есептеймін.  Жаныңа жақын мамандықты таңдау – болашағыңды айқындаудың өлшемі, қателесуге болмайды. Сол үшін ойланып шешім қабылдау қажет.

«Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау» демек, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін — өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болу заман талабы. Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды таңдаңдар. Абыройлы, адал, ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, болашақта егеменді елімізге еңбек сіңірер, адал маман иелері болуларыңызға шын жүректен тілектеспін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.