Home » Мақалалар » Биология пәнінде омыртқалылар мен омыртқасыздар зоологиясын оқыта отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру тәсілдері

Биология пәнінде омыртқалылар мен омыртқасыздар зоологиясын оқыта отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру тәсілдері

Алиева Гульнар Расуловна
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы
«Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
биология пәні мұғалімі, педагог-шебер

         Келешек елдің тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпаққа білім мен тәлім-тәрбие беру ұстаз алдындағы ең ауыр міндеттің бірі. Бүгінгі жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелеуде, мұғалім үздіксіз ізденіп, кез-келген тосын сұраққа жауап бере алатын, кез-келген ситуациядан шыға алатын, білімдар болу қажет. «Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де жойылады» деген қағидасын ұлы педагог К.Д.Ушинский нақты айтқан болар. Мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ барысында оқушыларға терең де, тиянақты теориялық және тәжірибелік білім беру.

Функционалды сауатты адам қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып табылады. Жаратылыстану білімі ерекше және өзекті маңызға ие, ол оқушылардың бойында табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, оқушылардың табиғат әлемімен қатар өзгермелі әлемде өз орнын табуларына жағдай жасауға бағытталған және олардың дүниетанымдық, мәдениеттанымдық және тәжірибеге бағытталған сипатын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту негізінде сыни ойлау қабілеттерін дамытады, құндылықты және тұлғалық сапалар жүйесін тәрбиелейді. Оқушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып табылады.

Осы орайда, 7-8 сыныптарда «Омыртқалылар мен омыртқасыздар зоологиясы» тақырыбында таңдау курсын құрастыруды жөн санадым. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша биология бұрынғыдай ботаника, зоология, анатомия деп жеке курстар болып берілмейді. Сондықтан оқушылар сабақ кезінде барлық жануарлардың типтерін, класс, отрядтары бойынша сипаттамасын, олардың ерекшілігін қарастырмайды. 7-8 сыныпта қысқаша жануарлардың кейбір типтері бойынша қысқаша мағлұмат алады.   Сондықтан оқушылардың дүниетанымдық кеңістігін  арнайы курстар арқылы кеңейтуге болады. Оқушылардың көпшілігі жануарлардың тіршілігімен, олардың ерекшіліктері туралы ақпарттармен қызығады.  Бұл курста оқушылар тек қана жануарлардың түрлерін ғана емес, сонымен қатар тірі ағзалардың қоршаған ортамен байланысын анатомиясы мен физиологиясы тұрғысынан түсінеді.

Курс мақсаты:  оқушыларда жануарлардың анатомиясы мен физиологиясы бойынша білім қалыптастыру, адам өмірі және табиғат үшін жануарлардың маңызын ұғындыру. Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру.

Курс міндеттері:

  1. Жануарлардың анатомиясы және мекен жалпы ерекшіліктері туралы білімдерін жетілдіру;

2.Түрлі жүйелік топтарға жататын жануарлардың физиология мен мекен ету ортасына қарай бейімделуі туралы түсінікті қалыптастыру;

  1. Оқушылардың алған білімдерін анализдеу, түрлі ақпаратты талқылау және сараптау, логикалық тұрғыдан қорытынды жасау, тіршілік ету ортасы мен анатомиясын байланыстырып қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.

Курс  нысаны:  7-8 сынып оқушылары

Күтілeтін нәтижe: Бұл курс оқушылардың пәнді тереңірек меңгеруіне, болашақта түрлі зияткерлік сайыстарға қатысуына, олимпиадалар мен ғылыми жобаларда және ҰБТ  кезінде де жоғары нәтижеге қол жеткізуіне септігін тигізеді.

Курстың  жаңашылдығы: жануарлар әлемі бойынша біржасушалылардан бастап омыртқалыларға дейін жануарлардың тіршілігі, дене құрылысы, физиологиясы сипатталған. Оқушыларға берілген ақпарат деңгейге қарай сараланған: бастапқы деңгейде жалпы жануарлардың типтері мен класстары бойынша қысқаша мағлұмат және өз білімін пысықтау үшін тест орындау қарастырылған, орташа деңгейде мектеп бағдарламасынан тереңдетілген ақпараттарды саралау мен талдау, жоғары дейңгейде оқушылар олимпиадалық тапсырмаларды орындау арқылы алған білімдерін пысықтап, қорытынды жасайды.

Оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру мақсатында мысал ретінде біржасушалылар әлемі тарауы бойынша алатын болсам: Оқушы нені біледі: Мектеп курсынан оқушылар 7- сыныптан біржасушалы жәндіктердің кей түрімен таныс. Оларды сурет бойынша сипаттай алады. Оқушы нені білу керек: Біржасушалы жәндіктердің құрылысын. Безгек плазмодиясының даму айналымын. Паразит өкілдерінің ерекшіліктерін.

Бағдарлама бойынша оқушы нені білді: Біржасушалы жәндіктердің жасуша құрылысын, жасушадағы қызмет атқаратын бөліктерін. Біржасушалы жәндіктердің типтерін және олардың өздеріне тән сипаттамаларын. Біржасушалы жәндіктерде жүретін процесстерді түсіндіре алады.

Insert «Түртіп алу» әдістерін қолдана отырып, оқушылар тек қана материалдарды оқып қана қоймай, олардың ішінен маңызды ақпараттарды дәптеріне жазып отырады. Сол арқылы есте сақтайды, ұмытқан жағдайда қайталау арқылы жаңғыртады.

Венн диаграммасы әдісі арқылы біржасушалы жәндіктерді бір бірімен  салыстыру кезінде қолданылады, мысалы амеба, эвглена, инфузорияны салыстыру кезінде.  Суретпен жұмыс. Бұл әрқашан да маңызды әдіс. Себебі олимпиада кезінде практикалық турда оқушыларға кестелер мен суреттер бойынша тапсырмалар береді, сондықтан оқушыларды суреттерге қатты назар аударту қажет. Бірнеше суреттерді алдына беріп, оны оқушы сипаттай, анализдей алуы керек.

Функционалды сауаттылықты арттыратын тиімді тапсырмалар:

Суретті пайдаланып берілген тұжырымдардың бұрысы мен дұрысын анықтаңыз

А. 2 санымен көрсетілген құрылым бөліп шығару және осмореттелу қызметін атқарады

В. «9+2» моделі  6 санымен берілген құрылым қызметі сипаттайды

С. Егер 8 санымен көрсетілген құрылымды алып тастаса, инфузория тіршілігін жалғастыра береді

Д.  Инфузория жынысты жолмен анизогамиялы конъюгация арқылы көбейеді, ал жыныссыз көбеюі жүрмейді

 

A,B,C,D берілген мүшелер жүйесін атаңыз

A________  B________ C__________ D_____________

 

 

Бауырсорғыш құртының даму айналымын сипаттаңыз

Мектептегі жұмыс тәжірибесін көрсеткендей, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы кіріспе сабақтарда, оқудағы сабақтарда және жаңа білімді алғашқы бекітуде қолайлы. Бұл технология — оқушылардың аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған, балаларға білімді өз бетінше алуға мүмкіндік беретін, ойлау қабілетін дамытатын педагогикалық жүйе. Балалар өз ойын тұжырымдап, дәлелді түрде дәлелдеуі және оның мәнін тыңдаушыға жеткізуі керек, яғни серіктеске үйрету.

Технологияның артықшылығы айқын. Сыни тұрғыдан ойлай алатын, әр түрлі ақпарат түрлерімен жұмыс істеуге сенімділік сезінетін, әр түрлі ресурстарды тиімді қолдана алатын оқушы. Ол тақырыпты оқуда көбірек табысқа ие және өмірге бейімделуі оңайырақ. Жоғары деңгей қоғамның белгілі әлеуметтік-мәдени жетістіктерін көрсетеді; төмен — ықтимал әлеуметтік дағдарыс туралы ескерту. Сондықтан, Қазақстан үшін оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін зерттеу ерекше өзекті болып табылады. Барлық осы функционалдық дағдылар мектепте қалыптасады.

Қорыта айтқанда, функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың басты міндеті — оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолдануымен қатар тәуелсіз еліміздің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға үлестерін қосу болып табылады. Осы ретте, жаратылыстану бағытындағы пәндерін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Оқушылардың функционалдық дағдылары мектеп қабырғасында қалыптасады. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.