Алматы қаласы, білім басқарамасына қарасты Алатау ауданында орналасқан «№ 82 жалпы білім беретін мектеп» ұжымының ұйытқы болуымен аталмыш білім ордасында «Ерекше білім берудегі әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинар шымылдығы мектеп оқушыларының музыкалық шығармашылық шағын концертімен ашылды. Басқосуға Алматы қалалық инклюзивті ресурстық орталығының бөлім әдіскері Интизар Турдиева, аудан -қала мектептерінің ұстаздары атап айтқанда, педагог-психолог, арнайы -педагог, дефектолог, логопед, педагог- ассистенті мамандары қатысты.
Жиналғандар мектеп қабырғасында білім алып жатқан бірнеше ерекше дарынды, талантты балалардың өнерін тамашалады. Атап айтқанда үшінші сынып оқушыларынан құрылған «Анашым анажаным» хоры, музыка жетекшісі Мариям Джумабаеваның сүйемелдеуімен орындалды.
Бесінші сынып оқушысы Алдаберген Нұрасыл Мұқағали Мақатаевтың «Ей өмір» өлеңін оқыса, Қанатғали Нұршат Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін нақышына келтіре орындады. Одан кейін Кин Эмилия «С нами друг» әнін орындады. Әсіресе, осы мектепке 1 ші сыныпқа қабылданып, бүгінде жетінші сынып оқушысы Похомов Владислав заманауй биімен көпшілікті таңқалдырды.
Владиславпен көпжыл еңбектің нәтижесі бірнеше сайыстардан жұлделі болып, даму жолында көп ізденуде дейді ұстаздары.
Семинар әрі қарай осы мектептің педагог психологы Палимбетова Нұрайлым Оразбекқызының «Психологиялық ахуал тудыру» тренингімен жалғасты. Мұнда барлығы шаршауды басу мақсатында ақ қағазбен ойын ойнады. Ары қарай № 184 мектептің арнайы педагогы Айгүл Мамырайымова «Біз бәріміз бір аспанның астында өмір сүреміз, бірақ қызығушылығымыз әр түрлі» тақырыбында ой өрбітті.
Жиын барысында Алақан саусақпен сурет салу арқылы баланы шығармашылыққа баулу, Зияты жеңіл зақымдалған білім алушылардың танымдық процестерін дамыту,тақырыбында № 180 ЖББ мектептің педагог психологы Қанаш Назерке тарқатып айтты. Аружан Анарбекқызының «Әріптер сөйледі» тақырып төңірегінде дайындаған жұмысы жан-жақты талқыланып, ұстаздар бір -бірбірімен тәжрибе алмасты. Барлық мектептер инклюзивті білім беруде, ерекше баланың қалыптасуына ден қойып еңбек етіп келеді. Соның бір дәлелі бүгінгі өткен семинар. Мұнда Ұлағатты ұстаздардың білімі мен тәжрибесі шыңдалды. Одан әрі білімімізді арттыру жолында ізденісте жүрміз деген жас мамандарда аз болмады.
Семинар соңы Рефлексия «Екі жұлдыз бір тілек» кері байланыс пікір алмасумен жалғасты.
Керемет іс-тәжірибесімен бөлісу! 👏👏👏