Мен Орынғалиева Гүлжаз Баянқызы
№13 мектеп-гимназияның қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімі,
жас маманмын.
Қашықтықтан оқытуға дайынбыз ба? Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі дайын деп есептейсіз бе? Қашықтықтан оқыту Еуропа елдерінде бұрын соңды жолға қойылған білім беру жүйесі. Ол мемлекеттер қандай да бір жағдаят туындаған тұста ұтымды білім жүйесімен ерекшеленеді. Айтайын дегенім білім беру жүйесін жан-жақты ақпараттандырып, қашықтан оқытудың алғы шарттарын Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан — 2030» стратегиялық бағдарламасында айқын көрсетілген. Ал біздің Елімізде бұл білім беру жүйесі Бүкіләлемді шарпыған Төтенше жағдайға байланысты еніп отыр. Ең бастысы Елбасы өз жолдауында «Біздің еліміздің басты құндылығы – адам денсаулығында»,- деген болатын. Мемлекетімізде ең бірінші жолға — адам денсаулығы қойылған. Сондықтан да қашықтықтан оқыту білім жүйесі еніп отыр. Мұндай жүйе сатысына түсу алғашында мұғалімдер мен оқушыларға оңайға соқтырған жоқ. Жүйемен алғашқы рет сабақ өту барысында біраз кемшіліктер орын алды. Біздің мемлекетіміздің жағдайы бойынша жаппай тиімді деп айта алмаймын. Себебі, қалалық жердегі тұрғындарда желіге тіркелу оңайға соқтырғанымен, ауылдық жердегі тұрғындар үшін біраз қиындық туғызды. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайына байланысты жағдайсыз, аз қамтылған отбасылар, көп балалалы отбасылар бар. Міне, сол отбасылардың қалталарына ауыр тиіп жатқандықтан, кейбір оқушылардың бір мезгілде сабаққа қатысуы мүмкін болмады. Сол себепті әзірше біздің мемлекетіміз үшін «Алтын ұя мектебіміздің» орны ерекше болып тұр. Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда мұғалімнің атқарар рөлі орасан зор. Әріптестеріме жүгі ауыр және өте жауапты іс жүктелді. Яғни күнделікті күнтізбелік жоспарға сай қысқа мерзімді жоспар жасақтау, тапсырма құрастыру, оқушының қызығушылығын қанағаттандыру, сұраныстарын ескерумен қатар кері байланыс арқылы оқушының бүгінгі тақырыпты қандай деңгейде бойына сіңіргені жөнінде күнделікті жұмыс атқарып отыр. Міне, бұл жүйеге
түскелі үш апта уақыт өтті. Оқушылар тарапынан туындаған бірқатар қиыншылықтар уақыттың өтуімен бір қалыпқа түсті. Қазіргі таңда оқушыларда қашықтықтан оқу мәселесі – оқуға ниеттенген әрбір білім алушының құқығын үздіксіз жүзеге асырса, мұғалімдер үшін білім мен біліктілігін арттыратын, нағыз өз ісінің шебері екенін танытатын білім беру жүйесіне айналып отыр. Қорыта келе, қашықтықтан оқыту жүйесі – қоғамды алға жетелейтін, білім мен біліктілікті арттыратын, білім саласына тың өзгерістер әкелетін жүйе екеніне көптің көзі енді жетуде. Ақпараттық-технология қарқынды дамыған заманда білім беру жүйесінің қашықтықтан өтуі қоғамға жаңа серпін алып келуде. Қашықтықтан оқыту технологиясы – қазіргі өскелең жас ұрпаққа берілген мүмкіндік. Осы орайда оқушы мен оқытушы арасындағы байланысты сақтай отырып, түрлі қашықтық олимпиадалар мен шаралар өткізіп, бастауыш сыныптардан бастап балаларды дағдыландыруымыз қажет. Осы арқылы жоғарғы оқу орындарында әдіс-тәсілдерді жақсы меңгеріп кетуіне үлкен мүмкіндік. Қазақстандық оқытушылар мен оқушыларға жаңа серпін. Себебі, бұл жүйеде қашықтықтан білім алу арқылы түрлі тиімді платформаларды ойлап табуға, түрлі әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруға тың серпіліс беріп отыр.