Home » Мақалалар » Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің әлемдік деңгейдегі университеттердің қатарына қосылуына Экономика және бизнес жоғары мектебінің рөлі айрықша

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің әлемдік деңгейдегі университеттердің қатарына қосылуына Экономика және бизнес жоғары мектебінің рөлі айрықша

Экономика және бизнес жоғары мектебінің
Логистика мамандығы бойынша
3 курс студенті – Ишимбаев Батырхан
әль-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық Университетінің
аға оқытушысы Шарапиева М.Д.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің әлемдік деңгейдегі университеттердің қатарына қосылуына Экономика және бизнес жоғары мектебінің рөлі айрықша

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жаңа даму кезеңінде  білім берудің әлемдік озық үлгісі мен қуатты корпоративтік  жүйесін құру мақсатында Экономика және бизнес жоғары мектебі құрылды.

Жоғары мектепте білім беру ісі  мен оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне еніп, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау толығымен қамтамасыз етіліп, жаңа Академиялық саясаты іске асырыла бастады.

Экономика факультеті ең алғаш 1949 жылы құрылған. 1951 жылы  2 жеке дербес Экономикалық және философиялық факультеттер  Философиялық-экономикалық факультет болып бірікті. 1997 жылы экономика және құқық факультеттері бірігіп – Экономика және құқық институты құрылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңесінің шешімімен 2001 жылы Экономика және құқық институты экономика және бизнес факультеті және құқық факультеттері болып бөлінді. 2001-2002 жылдың оқу жылынан бастап қазіргі Экономика және Бизнес жоғары мектебінің құрылымы қалыптасты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми кеңесінің шешімімен 2010 жылы Экономика және Бизнес факультеті Экономика және Бизнес жоғары мектебі болып құрылды.

Экономика және Бизнес жоғары мектебі  қазіргі заманға сай әдістерді қолдана отырып, жоғары дәстүрлі классикалық білім беру негізінде жүргізіледі. Қазіргі таңда 3000-нан астам студенттер дәріс алады, олардың 2800-ден астамы күндізгі бөлімде оқиды.  Экономика және Бизнес жоғары мектебінде оқу барысында студенттер әскери дайындықтан өтеді және жатақханамен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі таңда Жоғары мектепте ҚР ҰҒА академигі, э.ғ.д., профессор Сатыбалдин С.С., жиырмаға жуық доктор мен профессор, 60-тан астам ғылым кандидаты мен доценттер және жоғары классификациялық практикалық-мамандар қызмет атқарады.   Университет PhD бағдарламасы бойынша шетелдерден Италиядан, АҚШ, Ұлыбританиядан, Жапониядан және т.б. профессорлар шақырылады.

Жоғары мектептің негізгі бағыттары:
Бизнестің түрлі саларында (экономика, қаржы, маркетинг, менеджмент, кәсіпкерлік) терең тәжірибелік білім алу;
Қолданбалы зерттемелер, технологиялар және жобаларды коммерциализациялау;
Жеке ой-өрісті кеңейту және бизнес жайлы ғаламдық мәлімет алу;
Дәрістерді тыңдау және қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдардан үйрену;
Бүкіл әлемнен бизнес-контакттар алу және халықаралық мансап құру;
Жеке дамуға пайдалы инвестициялау;
Инновациондық мәдениетті дамыту және кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға қолдау жасау.
Экономика және бизнес Жоғары мектебінің қазіргі заманға сай оқу-әдістемелік базасы және мамандандырылған алты кафедра мен ағылшын, француз, неміс тілдерінің озық мамандары еңбек ететін шет тілдері кафедралары бар. Сондай-ақ есеп және аудит кафедрасы, экономика кафедрасы, қаржы кафедрасы, менеджмент және маркетинг кафедралары да жұмыс істейді.

Профессорлар мен оқытушыларымыздың соңғы 5 жылда 1100-нан астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері жарық көрді. Соның ішіне 30 монография, 40 оқулық пен оқу құралдары, 10 жинақ, сөздік, жүзден астам оқу құрал мен ғылыми мақалалары кіреді.

Экономика және бизнес Жоғары мектебінде қазақ, орыс және шет тілдерінде оқытушылардың, магистрлардың, докторантуралар, ізденушілер және үздік студенттердің мақалалары жарияланатын «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы, экономика сериясы журналы шығып тұрады.

ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебінің түлектері Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Парламентінде, ҚР Экономика және Бюджеттік жоспарлау министрлігінде, ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Статистика жөніндегі агенттігінде, ҚР Ұлттық Банкінде, коммерциялық банктерде, сақтандыру және аудиторлық компанияларда және өзге де қаржылық ұйымдарда, сонымен қатар еліміздің экономикасының түрлі салаларындағы өндірістерде жұмыс істейді.

Олар:  Қазақстан ҰҒА-ның академигі, э.ғ.д., профессор Сагадиев К.А., э.ғ.д., профессор Карағұсова Г.Д., «Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Алшанов Р.А.,  Халықаралық Бизнес Университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Абишев А.А., т.б.

Экономика және бизнес жоғары мектебі спорт, мәдениет және өнер саласында елеулі табыстарға жетті. Экономика және бизнес факультеті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дербес бөлімшесі ретінде қызмет атқара бастаған кезден бастап студенттер, магистранттар және аспиранттармен тәрбие жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді. Тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес және студенттер мен жекелеген кафедралардың ұсыныстары бойынша көптеген шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.   Тәрбие жұмысы кафедра мүшелері мен академиялық топ кураторларының студенттермен тығыз байланыста болуын міндеттейді. Бұл ретте кафедраның міндеті оқу үдерісінің барысына талдау жасау, студенттер арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға, шығармашылық белсенділікті арттыруға, салауатты өмір салтының, тіл мен мәдениеттің насихатталуына т.б. жұмыстарға айрықша үлес қосуда.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Таймс» университеттерінің беделді рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының тізіміне енуіне және университетте жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ жоғары білікті кадрларды даярлауды жүзеге асыруда,  университеттің барлық ғылыми-зерттеу саласын дамыту мен   ғылыми және зияткерлік әлеуетін көтеруде Экономика және бизнес жоғары мектебінің рөлі жоғары.

Сондай-ақ,  әл-Фараби, ҒЗТКЖ нәтижелерінің тиімділігін және оқыту сапасын арттыру, инновациялық қызметті ұйымдастыру, білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғалымдар мен мамандардың халықаралық ынтымақтастығын нығайту үшін ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік қызметті кешенді дамытуда да өз үлесін  қосуда.

Оқу орнының 90 жылдық мерейтойына орай ҚазҰУ-да Орталық Азиядағы алғашқы Индустрия 4.0 модельдік фабрикасын құру жоспарлануда.

Сондай-ақ, 2024-2027 жылдар аралығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен ҚазҰУ құрылысының ІІ кезеңі салынады. Әрқайсысы 1060 орындық, жалпы 3180 орынға арналған заманауи үш жатақхана құрылысы жүруде. Бұдан бөлек, оқу корпустары, спорттық-сауықтыру орталығы, қызметкерлерге арналған тұрғын үй, инновациялық орталық, ғылыми-зерттеу орталығы, технопарк жоспарланған.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.