Home » Мақалалар » Бірге болсақ қана берікпіз!

Бірге болсақ қана берікпіз!

Мұнайлы ауданы
№9 жалпы білім беру
орта мектебінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қабылова Әйгерім Оразбайқызы

            Заманауи тұлға болып қалыптасу үшін білім алудың түрлі жолы бар. Қашықтықтан оқимыз деген хабарды естігенде  барлығымыз тосылып қалдық. «Қалай жасаймыз?», «Үйде отырып, сабақ оқыған балалардың зейіні басқа жаққа бұрылмай, тек сабақта бола ма?» деген ойларда келді. Дегенмен, мектеп әкімшілігінің, аудандық білім үйлестіру орталығының, аудандық білім бөлімінің жылдам осы жағдайларға икемделіп, білім сапасын бақылауды дұрыс жүргізіп, ұйымдастыруының арқасында қашықтықтан оқытуды жақсы жүйеде алып кеттік.

Мектептегі барлық мұғалімдер бір-бірімен ықпалдастықта жұмыс жасап, ата –аналар мен балаларға түсінік жұмыстары жүргізілді. Балалардың әлеуметтік жағдайы ескеріле отырып, мектептен компьютермен қамтамасыз  етіліп, оқытудың тиімді жақтары қарастырылды.

Бүгінгі қоғам өзгерістерге бейімделуді талап етеді. Сапалы білімге талпынған оқушыларымыз да  бұл жүйеге үйренді. Қазіргі жағдайда балалар мен ата-аналардан кері байланыс жүргізіліп, сабақтар толық игерілу үстінде. «Балапан» телеарнасынан көрсетіліп жатқан бейнесабақтармен қызықты топтамалар да оқушыларға көмегін тигізуде. Түсінбеген жерлерін мұғалімдерінен кез келген уақытта сұрап алып отырған балалар да риза.

Республикалық көлемде де мұғалімдердің чаттары ашылып, тәжірибелерімен бөлісіп, бар дүниелерін ортаға салып жатқандығы, осы жағдайдан шығып кетуге мұғалімдердің ауызбіршілікпен кірісіп жатқандығы деп білемін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі де осындай қиын жағдайда ұйымдасып, сабақта оқытудың тиімді тәсілдерін, әртүрлі әдістерді пайдаланып, оқышының қызығушылығын оятатын тапсырмалар дайындап, жұмыс жасауда.

Қашықтықтан оқуға төселдік, дегенмен жүзбе-жүз оқушылармен кездесіп оқығанға не жетсін?! Мына қиын жағдайдан біз біріккен уақытта ғана шығатынымызға қашықтықтан оқыту арқылы да көз жеткіздік. Білім ошағы болған мектепте шәкірттерімізбен бас қосатын күндер де алыс емес. Жаңа оқу жылында сабақты сыңғырлаған қоңырау үнімен бастайтын күндерімізде алда. Осы орайда еріксіз есіме оралған мына өлең жолдарымен сөзімді түйіндегім келеді.

Мектеп маған күш беретін қабырға,

Кітап байлық шақыратын сабырға.

Тақта, қалам, қағаз біткен серігім,

Егін үшіін, білім берем тамырға.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.