А.Меңдалыұлы атындағы
орта мектеп мұғалімі
Бақтыгелдиева Күнімжан Қонайқызы
Әлем күн сайын жаңаруда. Күн сайын түрлі жаңалықтар ашылуда .Күн сайын жаңа жобалар іске асырылуда .Сондықтан әр күнге жаңаша көзқараспен дайын болуымыз керек.Әлемдегі соңғы оқиғалар адамзатты дүр сілкіндірді.Еліміздің карантинге жабылуы ,жұмыстың тоқтауы,әр- түрлі іс — шаралардың тоқтатылуы – бәрі біздер үшін күтпеген жаңалық болды.Ал, ең үлкен өзгеріс бұл мектептердің қашықтықтан оқытуға көшуі. Бұл оқушылармен бірге ,мұғалімдер мен ата-аналарға оңайға соқпады.Қашықтықтан оқыту ерте ме, кеш пе бізге жететіні ақиқат.Өйткені бұл заман талабы.Оқушылар қашықтықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады.Ақпарат жүйелерін пайдалану мүмкіндігі артады.Қашықтықтан оқыту біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әлі ертерек. Толыққанды қашықтықтан оқыту үшін оқушының үйінде жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Оның үстіне байланыстың сапасы жоғары болуы тиіс,бізде ол жағы әлі әлсіздеу.Қашықтықтан оқыту міндетін түсіну үшін оқушылардың арасында мониторнг сараптамасы жүргізілуі керек.Мониторинг нәтижесі бойынша қашықтықтан оқыту оқу процесіне оң нәтиже береді.Балапан және Ел арна телеарналарынан бейне сабақтардың берілуі тіпті жаңа формат.Біздің ұстаздар тележүргізуші ретінде мүлде жаңа рөлді меңгеруде . Бүл оңай шаруа емес.Бұл цифлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе тақырыпты қайта қарауға ,онлайн сабақ өткізуге ,кері байланыс алуға зор мүмкіндік береді.Қашықтықтан оқыту оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де тиімді екенін уақыт дәлелдеді.Қашықтықтан оқыту жүйесіне ата –аналардың көзқарасы жақсы қалыптасып келеді.Сондықтан біз іштегі үрей, қорқынышымызды жеңіп алға қарай қадам жасауымыз керек.