Бекетаева Айман Нұрлықызы
Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен мектеп-лицейі
Мектеп әдіскері
Қашықтық білім туралы айтатын болсам, әкем берген «Қазақ афоризмдері» деген кітаптың қазақ ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың афоризмдерін оқи отырып, қашықтықтан оқыту — бұл: «балам деген жұрт болмаса-жұртым дейтін бала қайдан шықсын!» екен. Сонда «мойындағы борышты білу-білімнің ісі, борышты төлеу-адамшылық ісі» десе, қазіргі мұғалімдердің оқытудағы машақаттарды игеруіндегі әрекеттері. «Мектептің жаны-мұғалім» десе, әлеуметтік желілердегі ата-аналар мен оқушылар алғысы мен сағынышы –соның дәлелі. Ұстаз Ахаңның «Мұғалімі қандай болса-мектебі де сондай болмақ» деуі, өз мектебімдегі әріптестердің сағаттап, уақытын аямай әр оқушыны қамдап, түгендеп, өзара әлеуметтік желілерде конференция, вебинар ұйымдастыруы. «Адамға ең қымбат нәрсе-жұрт қамы, жұрт ісі» болса, әріптестердің қазіргі елдің назарына төтенше жағдайға байланысты челленджілерді ұсынуы. «Сөздің ең ұлысы-тарих!» , демек қазақ елінің болашағы үшін мұғалімдер тарихта қалар тұлғалар.
«Елде жоқ рух-ақын сөзіне қайдан келсін?!» деп Ахаң қамықса, қашықтықтан әр дүйсенбі күні сынып сағатын өткізіп отырған сынп жетекшілер оқушыларды рухтандырып отыр. «Көркем сөз-көңіл тілі, жалаң сөз-зейін тілі» болса, «Балапан» арнасының сабағын көркемдеп, кері байланыс жасап отырған мұғалім қауымы. «Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме-бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер» дейді Ахаң, мектептің болашақ өміріне аттанар түлектер жәйі де мұғалімдер назарынан тыс емес, ҰБТ-дайындығы мен «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» үміткерлері –лицей шежірелері.
«Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек» болса, дәстүрлі оқытуда әр сынып оқушысының 50-60 пайызы бағаланса, қазір 100 пайызға жуық бағалау ісі-әріптестерімнің қажырлы еңбегі. «Білімнің бас құралы-кітап» , яки бағдарламаны меңгертуде ата-ананың байланысы –басты кепілдік. Осы уақытта қай ата-ана болса да мұғалімді көргенде жылы шырайланып, өз жәйін баяндап кетеді. «Күнелту үшін-ас керек, ас істеуге-күш керек, күшті жұмсауға — ес керек» деген Ахаң, қазіргі мұғалім жәйін айтқандай, осы орайда мемлекеттің бас мұғалімі А.Аймағамбетовтың шебер басқаруы, жүйелі жұмысы-мұғалімдерге деген қамқорлығы таңдай қағып, таң қалдырды. Мұғалім мен оқушының жан-дүниесін түсінген , өз тарихымдағы алғашқы министр. «Тән саулығы –тазалықтан, жан саулығының тамыры –тән саулығында» деген ұстаз сөзі, мемлекет жасап отырған ТЖ –дың бекер еместігін, осы саясатта тағы да мұғалім өз отырған ауланың, ауданның тазалығы мен тыныштығы үшін бастама жасаушы екендігі-ватсап желісіндегі әріптестерімнің подъезд бен ауланы тазалау бейне көріністері дәлел.
«Ұлт жұмысы-үлкен жұмыс:үлкен жұмысқа көп жұмыскер керек» деген Ахаң ұраны тап қәзір, қоғамдағы мұғалім беделін көтеріп, Министр қамқорлығы балалардың ойын өзгертті, жұмыссыз жастарға «мұғалім болың» дегім келеді. «Ғылым мен өнер көбейген сайын –бейнет кемиді» -білім үйретуге құштар мұғалімдер саны көбейсе, ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ да артады.
«Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін сынауы керек» дейді Ахаң, ондашы осы қашықтықтан оқу кемшін тұстары көп, ос тұста мектеп мұғалімдерінің пікірін тыңдасам: «Тұрақты мұғалім оқушымен бетпе-бет жұмыс жасамайды, оқушыларда өзара пікірталас жоқ, қозғалыссыз техникамен жұмыс -денсаулыққа зиян келтіреді. Дегенмен оқушылар жұмыстануда «»Мектеп еду» арқылы тапсырма беріп, кері байланыс жасап жатырмыз.Ватсап арқылы да байланысып, түсінбеген тұстарын түсіндіреміз. Оқушылардың сабаққа қатыстары, үй жұмысын орындауы «Mektep edu.kz» мұғалім мониторингісінен көрініп тұр-дейді әріптесім,педагог-шебер Алибаева Балмия, ал облыстық «Ұлттық дәстүрді насихаттаушы мұғалім-2018» иегері Нұрбергенова Айнагүл: «-Көркем еңбекті 10 сыныптарда оқытуда «Ваndikam» бағдарламасын қолданып, әр сыныпқа арнап жасақтадым, тиімді жері интернеттік ақпаратты паралелль қолданып, кері байланыста аудио, видео , фото бағыттында оқушы шыға алады. Оқушы жұмысы толық сақталады.Ұтымды жері –ақпаратты толық қолдану, тесттер арқылы да , шебер сынып, ықшам сабақта, жалпы БЖБ жұмысын өткізіп жатырмын»-дейді.
Ал «Үздік педагог-2016» иегері Ғайша Құлсымақова өзінің жеке бейне-сабақтарын даярлап, облыстағы өткен «Үздік бейне сабақтар» деген мұғалімдер байқауында химия пәні бойынша І орын алды. Оның пікірінше «қашықтықтан оқыту-«сахнаның аржағында не болып жатқанын білмейміз?». Ал білікті ұстаз шебер педагог Құттыбаева Ұлжан : — Қашықтық білім туралы айтсам, алғашқы да «ЗУУМ» қолданып, әлек болдық. Қабаттаса сөйлеу, шу, алғашқы сабақ сәтсіз болды. Ватсап қолдағанда мектептегідей тақырыптарды