«Ақыл-күшің, сезімді,
Оқушыға арнаған.
Ұстаздардай төзімді
Дүниеде бар ма адам?
Күн сайын бұл өмірдің бізге дайындаған сыйы артуда. Сондықтан әр күнге жаңаша көзқараспен қарауға дайын болу керек. Әлемдегі соңғы болған оқиғалар бүкіл адамзатты дүр сілкіндірді. Еліміздегі облыстардың карантинге жабылуы,мектеп,бала-бақшалардың жабылуы– бәрі біздер үшін күтпеген жаңалық болды. Ал, ең үлкен өзгеріс – мектептердің қашықтықтан оқытуға көшуі. Әрине, бұл оқушылар тұрмақ, мұғалімдер мен ата-аналар үшін де қиындау болғаны рас. Көкейде сауал көп. Дегенмен, іштегі қорқыныш, үрей, сенімсіздікке қарамастан алға қарай қадам жасау маңызды болды.
Сонымен IV тоқсандағы сабақ үрдісімізді елімізде болып жатқан жәйттарға байланысты қашықтықтан оқып бастадық.Бұл біз үшін де, ата- ана мен оқушылар үшін де тың бастама болды.Негізі бұл форматты басқа дамыған елдер әлдеқашан қолданды. Дегенмен біз ұстаздар бұл қиындықты да жеңдік.Басында біраз кемшіліктер орын алғаны рас.Қазір сол кемшілік пен қиыншылықтарды жеңіп ,қашықтықтан оқуға оқушы да,ата-ана да, біз де әбден төселдік.Еліміздің болашағы, мектеп оқушыларының сапалы білім алуы, ғылыми зерттеушілік белсенділігінің қалыптасуы әрбір пән мұғалімінің ғылыми-теориялық ақпаратты меңгерген зерттеушілік білімі мен сауаттылығы негізінде жүзеге асады.Ақпараттық сандық технологиялардың үздік жемісін пайдалану –дамыған елдердің шешімі. Сондықтан әр күнге жаңаша көзқараспен қарауға дайын болу керек.Білім беру бұл ел болашағы үшін аса жауапты үрдіс екені мәлім. Сондықтан білім беру саласына қай мемлекетте болмасын үлкен жүк артылады. Ал қазіргі жағдайда сапалы, ең бастысы нәтижелі білім беру үрдісін ұйымдастыру екі есе қиындай түсетіні анық. Десе де, барша әріптестеріме «қашықтықтан оқытуда»сәттілік тілеймін!
Қашықтықтан оқыту ерте ме, кеш пе бізге жететін еді. Өйткені бұл – заман талабы. Ақпараттандырылған ғасырда озық технологияның үздік жемістерін пайдалану – дамыған елдердің шешімі. Сондықтан еліміз үшін бұл да бір сынақ кезеңі болғалы тұр.
Осы орайда, қиын да қызық еңбек жолымда, заман талабына сай–білікті де білімді, оқытудың түрлі әдіс–тәсілдерімен қаруланған ұстаз атану әрқашан да мен үшін басты мақсат болып қала бермек.
Оқушылардың білім сапасының деңгейін халықаралық еңбек нарығына бағдарланған бәсекеге қабілетті, болашақта өз орнын таба алатын маман етіп тәрбиелеу деңгейіндеміз бе? Әлі де кемшілік тұстарымыз көп. Сондықтан тек қана қызметімді орындаушы болмай, өсіп келе жатқан жас ұрпақты жаңа оқу үрдісінде яғни,қашықтықтан оқытуда сапалы білім беруді мақсат еттім.
Сөзімнің соңын белгілі педогог Ы.Алтынсариннің өлең жолымен түйіндеймін.
Мен үшін шәкірт жас ұлан көзімнің ағы қарасын,
Үйретсем деймін ұрпаққа саналы сөздің сарасын.
Төл тілім еміп арда өскен елінің ойлар панасын,
Жеткізсем деймін биікке қазақтың қара баласын.
Мұнайлы ауданы
№9 жалпы білім беру орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Нургалиева Жанар Малбағарқызы