Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы
«№13 мектеп-гимназия» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі:
Қадырбаева Құндыз Сарсенбаевна
Денсаулық – ең басты байлық екендігі баршамызға белгілі. Қазіргі таңда әлемдік қауіпке айналған індеттің таралуы барша жұртты алаңдатуда. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағына жариялаған Төтенше Жағдай кезеңінде мемлекеттік деңгейде қабылданған барлық шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Еліміздегі мегаполистердің карантинге жабылуы, жұмыстың тоқтауы, қоғамдық шаралардың кейінге шегерілуі – бәрі біздер үшін күтпеген жаңалық. Ал, ең үлкен өзгеріс – мектептердің қашықтан оқытуға көшуі. Әрине, бұл оқушылар тұрмақ, мұғалімдер мен ата-аналар үшін де қиындау болды.Дегенмен, іштегі қорқыныш, үрей, сенімсіздікке қарамастан алға қарай қадам жасау маңызды.
Әлем күн сайын жаңаруда. Күн сайын түрлі жаңалықтар ашылуда. Күн сайын жаңа жобалар іске асырылуда. Күн сайын бұл өмірдің бізге дайындаған сыйы артуда. Сондықтан әр күнге жаңаша көзқараспен қарауға дайын болу керек.
Биылғы оқу жылдың ІV тоқсанын барлық мектеп қашықтан оқу әдісімен бастады. Көптеген дайындық жұмыстары жүргізілді.Еліміздің барлық мектептерінде қашықтан оқытудың сынама сабақтары мен ата-аналар жиналысы өткізілді.Қашықтан оқытуға алғашында қиналдық.Алай да өз еңсемізді көтеріп жұмысқа қызу кірісіп кеттік. Мектебіміздің оқушыларына қашықтан оқуға мүмкіндік жасаған мейірімді жандар да өз үлестерін қосты.Тағайындалған волонтерлардың (мектебіміздің мұғалімдері) жұмыстары қарқынды жүрді.
Білім алушы мен педагог қызметкерлері әлеуметтік желіні жете пайдаланудың жолдарын тереңірек түсінуде.Шығармашылық жұмыстарын кеңінен қолданып,оқу мақсаттарын толық қол жеткізе алуда.Сонымен қатар,тек оқушы мен білім берушінің арасында емес,мұғалім мен ата-ана арасында да тығыз байланыс орнауда.Әріптестеріміздің арасында да қашықтан оқыту барысында бір-бірімізге көмектесіп,арамызда жылулық,ынтымақтастық орнауда
Әрине, кез келген оқыту түрі біржақты бола бермейді. Яғни, оның өз артықшылықтары мен кемшіліктері де болады. Қашықтан оқыту түрінің еркіндігі мен икемділігі, географиялық жағдайға қарамайтын, кез-келген тұлғаның білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік тудыратын артықшылығы бар.
«Ынтымақ -бұзылмайтын қорған,
Қосылып еккен ағаш-орман» демекші бірлесе жұмыс жасап,уақытша қиындықты артқа салып,оқу жылын жақсы қорытындылайды деген көз қарастамын.
Біз біргеміз!
Біз мықтымыз!