Маңғыстау обысы,
Мұнайлы ауданы,
«№14 жалпы білім беру орта мектеп» КММ,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Реимова Ақжарқын Ырысбаевна
Әрбір тарихи кезеңнің өзіне тән терминдері мен концепциялары болатыны мәлім. ХХІ ғасырда әлемдік саяси-әлеуметтік лексиконда кең тараған ұғымның бірі – «жаһандану» сөзі болып отыр. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі. Орта мектепте оқушылар білімдерінің негізі қаланатын болғандықтан, олар жан-жақты білімді болуы, әлемде болып жатқан өзгерістерден сырт қалмауы үшін, ауқымды желіге қосылу, қажетті ақпараттарды іздеп табуға дағдылануы, ақпараттарды қажеттілігіне қарай қолдана алуды үйренуі тиіс. Бүгінгі күнде әлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болған жағдайда өз бетінше білім алуға мүмкіндік беретін, ізденуіді қажет ететін ерекше жүйе «Қашықтан білім алу жүйесі», мүмкін болып отыр. «Қашықтан білім алу» әр адамның өзіндік қажеттілігін ұғынуына, өзіне қажетті білімді іздене отырып үйренуіне мүмкіндік беретіні белгілі.
Үстіміздегі жылдың наурыз айының 16-жұлдызынан бастап елімізде төтенше жағдай енгізіліп, жаппай мектеп қабырғасындағы оқушылар уақытынан бұрын көктемдегі кезекті демалысына шықты. Жарияланған төтенше жағдай уақытының ұзартылуына байланысты VI тоқсан алғаш рет қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды. Қазіргі таңда мектебімізде 1641 оқушы қашықтықтан оқыту жүйесімен білім алуда. Оқушылардың қашықтан білім алуы үшін ата-аналардың атқарар рөлі өте жоғары. Дәстүрлі мұғалім, оқушы, ата-ана үштігі тығыз байланыста болып, әр ата-ананың материалдық жағдайын ескере отырып қолдан келгенше сапалы білім алуды көздей отырып, тиімді интернет желілері таңдап алынды. Атап айтсақ, оқушылар daryn.online, ok.edus.kz сайттарынан да тапсырмалар орындап, кері байланыс жасау үшін ең тиімді деп алынған You tube, whatssap желілері күнделікті сабақ барысында қолданылады. Бастапқыда қалыпқа түсіп кеткенше сәтсіздіктер орын алғанымен, бүгінгі күні түгел дерлік оқушы уақытты тиімді пайдаланып, күнделікті сабағын қалыс қалдырмайды. Қуантарлығы мектеп ата-аналары заман талабына сай техниканы үйде отырып балалары арқылы меңгеру үстінде. Бұл да мектебіміздің төтенше жағдай кезіндегі қашықтықтан оқыту барысындағы өзіндік жетістігі деп білеміз.