Ағымдағы жылдың 4 қазанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес, Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуда көмек көрсету мақсатында «Qoldau» акциясы өткізілді.
Акцияның басты мақсаты азаматтарға, кәсіпкерлерге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу бойынша көмек көрсету, кеңес беру болып табылады. Акция барысында азаматтарға дәл сол орыннан мемлекеттік қызметтерді алу бойынша элеткронды өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған.
Сондай-ақ акцияға Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова, бөлім басшылары Мейірхан Нұрақынұлы Мухамедиев, Толқын Дүйсеғұлқызы Базарқұлова, Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Дархан Алдоңғарұлы Сисенов, бөлім басшысы Назима Қайсарқызы Көпес пен бас маман Эльмира Аскатбековна Имангалиева қатысты. Бұдан бөлек, акцияға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Меруерт Серікқызы Мұқанова қатысты.
Іс-шара барысында азаматтарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу тәртібі сияқты бірқатар мемлекеттік қызмет түрлері бойынша кеңестер берілді.
Бұндай іс-шаралар бекітілген кестеге сәйкес алдағы уақытта барлық аудандық басқармаларда және Департаментте өтетін болады, бұл туралы алдын ала Департаменттің интернет-ресурсында, «instagram», «facebook» әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарлама орналастырылады.