Алматы қаласы «№65 мектеп- гимназия» КММ,
тарих және құқық пәні мұғалімі
Абдиманов Сырым Амиржанович
Білім саласына жаңалықтар ағыны толассыз енген заманда оқу-тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыру кәсіби шеберлікті қажет етеді. Басты байлық саналатын білімді үздіксіз жетілдіру арқылы толағай табыстарға қол жеткізуге болады. Күн сайын біз түрлі инновациялық тәсілдерді қолданудамыз. Соның бірі – біз қолданатын, Жапон мектептерінде мұғалімдердің біліктілігін арттырудың негізі боп саналатын, батыстық білім философиясынан бастау алған Lesson Study тәсілі. Менің тәжірибемде Lesson Study зерттеу жұмысына жете көңіл бөлуге, білім мен тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді шешуге негіз болды. Lesson Study қазіргі уақытта мен үшін ғана емес, әрбір педагог үшін өз білімін шыңдаудың, дамытудың кілтіне айналды. Педагогтер бұл жаңа оқыту әдістемесін жүйелі қолданып, сабаққа дейін бірге жоспарлап, сабақ үстінде бақылап, сабақтан кейін өзара талқылап, бірлікте жұмыс жасауда. Lesson Study ынтымақтастыққа ашық, дамуға және тәжірибе алмасуға дайын мұғалімдер тобы үшін өте тиімді екенін дәлелдеуде. Мен Lesson Study-ді оқу үрдісінде қолданатын ең тиімді педагогикалық тәсілдердің бірі ретінде бағалаймын. Дәлірек айтқанда, біздер, мұғалімдер әріптестеріміздің сабақтарын бақыладық, көргендерімізді талқыладық, соның арқасында педагогикалық шеберлігімізді шыңдадық, кәсіби қоғамдастықта, ынтымақтастықты жұмыс жасадық. Мұғалімдермен бірлесе бір пәнді де, тіпті әртүрлі, мүлдем байланысты емес сабақтарда да зерттеп, бақыладық. Соңында білім беру нәтижелері жайлы, зерттеу топтары туралы пікір алмасып, керібайланыс жасадық.
Lesson Study тәсілін қолданатындардың көпшілігі жеке оқушылардың оқу қажеттіліктері мен мінез-құлқы туралы көбірек біліп, оларды мақсатты түрде бақылай отырып, олар әр оқушыға жеке зерттеу жасады. Нәтижесінде, Lesson Study қосымша ақпаратты шамадан тыс жүктемей, әр баланың қажеттіліктерін білуге және ескеруге мүмкіндік беретінін түсіндік. Алдағы уақытта да аталған тәсілді жүйелі пайдаланып, осы бағыттағы жұмысымызды жандандырып, зерттеушілік құзіретімізді дамытуды жоспарлаудамыз.