Маңғыстау облысы,
Ақтау қаласы.
Бастауыш сынып мұғалімі:
Суиесинова Кенжегүл Беришбайқызы
Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, сіз бен біз болып, білім алушылардың, сіз бен біздің балаларымыздың 4-тоқсанның алғашқы еки аптасында тәмәмдадық. Әп-сәтте бәрі бұлыңғыр,қорқыныш пен үрей туғанда «Ұстаз»деген ұлылықтың тылсым күші бәрімізді қамшылағаны рас.Әрине, қиындықтар алаңдатады. Дегенмен, балаларымызға, мұғалімдерге сенім артып, кедергілерге мойымай, бар мүмкіндікті пайдаланып, басқа түскен сынды, кәсіпқойлықты танытып, тығырықтан шығудың бар мүмкіншілігін қолданып және абыроймен атқардық. Ата-ана жауапкершіліктен, мұғалім — басына түскен жүктемеден қашпады, қайта ата-ана мен ұстаз,оқушы арасындағы одақ нығая түсті.Оған дәлел ата-ананың мұғалім туралы ойлары мен тілектері.Осындай ата-аналарымызға үлкен рахмет. Шынайы қалағанға шектеу жоқ Адам ықыласпен қаласа,қабырғадан да өтіп кете алатын тылсым күшті мұғалімге бере салған құдретті күшке рахмет! Қашықтан оқу арқылы мұғалім,оқушы,ата-ана болып, даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті басталған сияқты. Бастауыштың мұғалімі ретінде қашықтан оқытуға, сол ватсаппен өтуді ыңғайлы көрдім. Біраз баламен көзбе-көз сөйлесіп алдым. Сұрақ-жауап сияқты. Ал ,бір қуанғаным,ұяң балаларымның ашылғанын көріп,ішкі жан-дүниесін түсінуге көп мүмкіндік алдым. «Шынымен де»бұл ән -бұрыңғы әннен өзгерек» дегендей мықты дайындықты талап етті.Алдағы уақыттада,шәкірт алдындағы абырой мен ел алдындағы сенімді ақтауғада тырысамыз. Себебі біз ұлағатты ұстазбыз,сенімді арқалаған еңбекқор батыр жанбыз,қоғамда мәртебесі биік толық адамбыз!Сөзімді ұлы ұстазымыз Ыбырай атамыздың «Халық мектептері үшін ең керектісі – мұғалім! Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды».