Home » Мақалалар »  ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТҰСТАРЫ

 ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТҰСТАРЫ

«Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды әрбір қазақстандық сезінуі тиіс. Осы орайда мектеп ұстаздары  келешек ұрпаққа  білім беру бұл ел болашағы үшін аса жауапты іс екені бәріне мәлім. Еліміздегі болып жатқан төтенше жағдайларға байланысты қашықтықтан оқытуды да бастап, талапты орындап жатырмыз. Мен қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру мақсатында, оқушылар мен ата-аналар үшін тиімді деп тапқан You Tube, Zoom, Google Forms интернет желілерін қолданып, оқушылармен WhatsApp желісі арқылы тығыз байланыста отырмын.

Қашықтықтан оқытудың да ұтымды тұстары кездесіп жатыр. Мен бес тиімді жақтарын көре білдім десем де болады.

  • Біріншіден, мұғалім де, оқушы да ақпараттық технология мен коммуникация құралдарын білім алу негізінде жұмыс жасап, тереңірек игеруде.
  • Екіншіден, мұғалімге жүктелген жауапкершіліктің көбі ата-анаға жүктелуде. Уақыты жұмыспен өтетін ата-аналар қазіргі жағдайға байланысты балаларына көңіл бөліп, бірге сабақтарына қарауда.
  • Үшіншіден, мектеп қабырғасындағы сабақ кестесіндей емес, тәуелділік жоқ, сабақ барысындағыдай 40 минутта сабақты аяқтап тастамаймыз. Тәулік бойына интернет желілері арқылы оқушылармен байланыста отырмыз.
  • Төртіншіден, дәстүрлі сабақ кезіндегідей емес, барлық оқушылармен кері байланыс орнатып отырмыз.
  • Бесіншіден, оқушылардың ұстазға деген мейірімділіктерінің кеңейгені.

Көп жағдайда бір-бірімізге бетпе –бет айта алмайтын жақсы тұстарымызды, қашықтықта отырып жеткізіп жатырғанымыз.

Дегенмен, мектепте оқушылармен бетпе – бет отырып, дәстүрлі сабақ өткенімізге жетпейтіні белгілі. Бәрі де уақытша екенін білеміз, ендеше  қашықтықтан оқыту да уақытша. Мәңгілік елдің ұрпағы — біздің болашағымыз!

Сымбат МОҢКЕЕВА,
№14 орта мектептің География пәні мұғалімі,
Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.