Home » Мақалалар » Балабақша және педагог маманмен бала арасындағы қарым-қатынас және тәрбиенің маңыздылығы

Балабақша және педагог маманмен бала арасындағы қарым-қатынас және тәрбиенің маңыздылығы

Турумова Анар Султанқызы,
Астана қаласы әкімдігінің

№ 76 «Әдемі» балабақшасының тәрбиешісі

     Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңі тұлға ретінде қалыптасуға бастапқы кезең болып табылады. Яғни, тұлғалық мінез-құлық дамыту факторы орын алады. Мектепке дейінгі балалардың қарым-қатынасындағы бірінші және айрықша маңызды жағы – түрлі коммуникативтік әрекеттер болып табылады. Екінші маңызды мәселе деп- балабақшадағы балалардың ашық, эмоционалдық түрде бір-бірімен араласуы. Және де тәрбиеші педагог маманның да алар орны бір бөлек. Әрбір балаға жеке анализ жасай отыра, психологиялық түрде түсініп сараптама жасау. Әр балаға мейлінше, ерекше көңіл бөле отырып, басқа да балалармен араласуға әрекет жасау арқылы       мүмкіндігін ескеру нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра, педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау, кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т.б.

Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдерін қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ересек балалардың бір-бірімен қарым – қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі-өнеге.
Бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру. Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.

30 комментариев

  1. Жаксы жазылған макала, өзекті мәселені қарастырған.

  2. Нургуль

    Еңбегің дана берсін!

  3. Нургуль

    Еңбегің жана берсін

  4. Нуржамал

    Сізге ақ жол!

  5. Қарақат Санатқызы

    Мақала жүйелі әрі мазмұнды екен👍

  6. Гүлсанат

    Мақала жақсы жазылған, бала тәрбиесі туралы өте жақсы айтылған.

  7. Айгерим

    Жарайсыз. Енбегініз жана берсін

  8. Гульмира Турарбекоана

    Өте тамаша еңбегің жемісті болсын биіктерден көріне бер🤗👍👍😘😘

  9. еңбегіңіз жана берсін
    керемет апай

  10. Жаным Анашым , енбегыныз жемысты болсын , мен сызбен мактанамын жаным ❤️😍🤲🏽🤲🏽😘😘😘😘😘😘😘😘😘

  11. Керемет мақала. Еңбегіңнің жемісін көр. Тәрбиеленетін кішкентай бүлдіршіндерің көп болсын. Жұмысыңа сәттілік. Биік белестерді бағындыра бер.

  12. Бибигуль

    Жаным алтын женгем .Биіктен көрне бер,Еңбегінің жемісінің көр. 😘😘

  13. Еңбегіңіздін жемісін көріңіз, менің ұлымның тәрбиеші, өте жақсы педагок өз ісінің маманы . Мақала жазған бағыттарда жұмыс жасай біледі , жай ғана сөз емес.

  14. Бақытгүл Советханқызы

    Анар Сұлтанқызы өте білікті педагог, баланың психологиясы менақыл-ой даму динамикасын жетілдіру бағытындағы шағын топ тәрбиешісі ретіндегі еңбегі орасан зор.Әр баланың тілін тауып ой-өрісін дамытудағы жеке жұмыстары көңіл қуантарлық. Әр бастамаңызға сәттілік, ізденімпаз, ұстаз!

  15. Анар Сұлтанқызы жан- жақты,шығармашыл тәрбиеші.Балаларға шуағын шашып,жақсы тәрбие мен білімін бере алады.Еңбегің жана берсін тәрбиеленген балаларыңның асар асулары,шығар таулары биіктерден болсын.

  16. Еңбегіңіз бағалансын! Балаларыңыз жемісіңізді биіктен көрсете берсін!

  17. Анар Зейнелханқызы

    Анар Сұлтан қызы мақалаңыз өте жақсы жазылған, еңбегіңіз жемісті болсын.

  18. Кырыкбаева Жанар Жетибаевна

    Анарка керемет жазылған еңбегін жемісті болсын. Шәкірттерің биітен көрінсын сен жақсы ұстаз білікті мамансың

  19. Гулнара

    Астана каласындагы 76-шы балабакшанын Алга койган жоспарлары оте зор екени байкалады .балабакшанын мат.базасы толыкканды жабдыкталганын отилип жаткан им шарадан байкауга абден болады. Осы тургыда балабакшанын оку адискерлеримен басшысынын тарбиешилермен биригип жумыс засаду методикасынын тыгыз екенин байкауга болады .
    Анар Султанкызнын бойында Туа биткен дарындылыктын бар екени байкалады .Тарбиеши озинин жумысын жаксы корип, караманындагы балаларга (тарбиеленушилерге) интеллекти билим беруден жалыкпайтыны байкалады.тарбиели кызметкер,мыкты жуйкели дал азаматша екени байкалады .
    Сизге шыгармашылык табыстар тилеймин .
    Отбасыныз Аман болсын.

  20. Карлыгаш

    Анар Султан қызы керемет тәрбиеші.Шәкірттеріңіздің кқп болсын.Жұмысыңыз табысты болсын.Биіктерден көрінеберіңіз

  21. Айгул құдағи

    Сіздің жазған мақалаңыз керемет.
    Бала жанын терең ұғына білетін, талапшыл, кішіпейіл, жас бүлдіршіндердің тәрбиешісі Анар Сұлтанқызының жақсы қасиеттерін жас ұрпақтардың бойынан танимыз.
    Сіздің ел- ертеңі жас бүлдіршіндерді тәрбиелеудегі еңбегіңіз өте зор.
    Сізге зор денсаулық, күш қуат, барлық істеріңізге сәттілік тілеймін. Еңбегіңіздің жемісін жеңіз.
    Қазақстанымыздың туын желбірететін, әнін асқақтататын жас ұрпақтарыңыздың мақтанышы, үйретушісі, қорғаушысы болыңыз, тек алға

  22. Гулнара С.

    Анар Султанқызы бала тәрбиесіне арнап жазған мақаланыз өзекті де жанга жағымды екен . Кішкентай бүлдіршіндерініз көп болсын. Сіз бала тәрбиесіне көңіл бөлетін білікті мамансыз.Сізге еңбекте алда болуынызға жіне өмірдегі бар жақсылыкты тілеймін. Өз жумысына ынталы,ұкыпты,балалармен тіл табыса білетін қабілетініз ұлғая берсін келешекте.Балалардын дамуына,білім алуына қабілеттідігініз жогары болсын. Ашық мінезінмен адамгершилігін мол болсын……

    ЖАУАП БЕРУ

  23. Замзагуль

    Керемет!Тәрбие атасы балабақшадан басталады!

  24. Анар мақалаң өте бала тәрбиесіне керекті мағлұматтар жазылған. Жұмысыңа тек табыс тілеймін.

  25. Анар апай, жарайсыз.Кішкентай балапандардың жан-жақты дамуына, өскелең ұрпақ тәрбиелеуге жазған мақалаңыз керемет!Балаға бағыт- бағдар , тәлім -тәрбие беріп мәртебеңіз көтеріле берсін. Еңбегіңіздің жемісін көріп, отбасыңызға бақыт тілеймін.

  26. Өте тамаша 👍 жүйелі түрде .әрі нақты. Еңбегіңіз еленіп жүре беріңіз

  27. Касымова Ардақ

    Анар Сұлтанқызы өте өзекті мақала екен, кішкентай балапандардың бала-тәрбиесіне көңіл бөліп отырғаныңыз. Сіздер шығармашыл, талапты ұстаздарымыз көп болсын!!! Жұмысыңызға алға өрлей берсін

  28. Алмагүл

    Өте керемет жазылған мақала 👍👍👍

  29. БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ АРНАЛГАН МАКАЛА ОТЕ ЖАКСЫ МАЗМУНДА ЖАЩЫЛЫПТЫ ТАРБИЕЛИ УРПАККА БЕРЕРИНИЗ КОП БОЛСЫН

  30. Сарсен Қалибек

    Керемет мақала екен. Биіктен көріне беріңіз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.