Home » Мақалалар » Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы

Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы

Жұмағұл Әйгерім Нұрланқызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№ 76 «Әдемі» балабақшасының тәрбиешісі

     Қазіргі кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік рухани тәрбие беру. Ата-бабаларымыз баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде, қойылған мақсаттардың бірі үздіксіз білім беру. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы өте жоғары. Осы уақытқа дейін тәрбиеші ретінде балаларға үздіксіз тәрбие мен білім беруде жаңартылған педагогикалық  технологияларды­ кеңінен қолдануға тырысамын. Себебі қазіргі заман балаларының берілген ақпаратты тез қабылдауынан, есте сақтау қабілеттері жоғары дамығандығын байқауға болады.
Мектепке дейінгі мекеме балаларына  үздіксіз тәрбие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша мен тәрбиешілері.   Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне  оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі технологиялары енгізілуде. Мәселен, ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді  ізгілендіру,  ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді,  педагогикалық шеберлікті, балалардың жан-дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиешілердің­  ұстанымы ауысқан: ол­ балаларға басшы емес, білім беру қызметінің тең қатысушысы. Мұндай оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айтарлықтай шамада анықтайды, балаларға мінезін қалыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ойлауды, дүниетанымды дамытуға, сыни ойлауды қалыптастыруға және жеке мүмкіндіктерді беретін дамытушы орта құруға мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады.  Тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығады.

Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту өзімнің басты мақсаттарымның бірі екенін қуана айта аламын.

20 комментариев

  1. Меруерт

    mira.baisautova@gmail.com

  2. Меруерт

    Оте керемет мушалим

  3. Айгерім

    Өте жақсы тәрбиеші. Рақмет Айгерім Нұрланқызына.

  4. Өте тәрбиелі тәрбиеші Әйгерім Нұрланқызы

  5. Әйгерім апай, біздің ең мейірімді, ең әдемі ұстаз❤️

  6. Айгерім Нурланқызы- өте жақсы тәрбиеші, әдемі, ақылды, мейірімді, сабырлы кісі❤️ қызымыз балабақшаға қуана қуана барады

  7. Айгерім білікті маман, балалармен тіл табыса алатын , ұстамды педагог

  8. Аллаға сансыз шүкір 🙏 осындай тамаша біздің баларымзда барына. Балалар тез үйреніп кетті, жақсы көреді, садике бармаймын демейді. Ол нәтиже Айгерім білікті, жүрегі Балаларға деген мейрімі шексіз болғаннан. Балалар бәрін сезеді. Их не обмануть.

  9. Очень внимательная, добрая и воспитанная

  10. Жанаргүл

    Айгерім Нұрланқызы, ең білікті білікті маман, балалардың тілін оңай табатын, өзі еңбекқор,түсінігі мол тәрбиешіміз🫶🏻 Ең бастысы қызым балабақшаға қуанып,асығып барады

  11. Айгерім Нұрланқызы өте керемет тәрбиеші
    Балам қатты жақсы көреді
    Балаларға деген мейірімі ерекше жан
    Аллаға сансыз шүкір осындай тәрбиешіні бергеніне

  12. Әсемгүл

    Біздін сүйікті тәрбиешіміз Айгерім Нұрланқызы ❤️

  13. Еркенай

    Өте керемет тәрбиеші. Ұжыммен де балалармен де тез тіл табыса біледі. Еңбегі жана берсін.

  14. Эльмира Таурбаева. Айгерім керемет тәрбиеші. Шығармашылық табыс тілеймін!

    taurbaevaelmira gmail

  15. Айгерім Нұралнқызы өте керемет тәрбиеші! Рахмет сізге қызым қуанып барады бала-бакшага.

  16. Айгерім Нұрланқызына рахмет. Өте білімді, ашық-жарқын, мейірімді, балаларымызды бірден баурап алды. Бақшаға балам қуанып барады. Бақшаға барғалы балам жақсы сөйлей бастады. Сізге тілерім мықты денсаулық, еңбегіңіз елене берсін. Табысыңыз мол болсын.

  17. Айгерім апай, өте мейірімді, салмаұты, ақжарқын кісі, балалармен өте жақсы тіл табысады, жүзі өте жылы, апайға тек шығармашылық жетістіктер тілеймін

  18. Айгерім

    👍🏻👍🏻👍🏻

  19. Кетебай Шолпан

    Өте керемет тәрбиеші,балаларға деген көзқарасы бөлек.Мейрімді қарапайым ☺️

  20. Ерлан Мақатай

    Өте білікті маман,балалармен қарым қатынасы өте жақсы,білікті маманның иесі Айгерім жарайсың🙌🏻🙌🏻

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.