Home » Мақалалар » ҚАШЫҚТЫҚТАН  ОҚЫТУЫҢ  ЗАМАНАУИ  ТИІМДІЛІГІ

ҚАШЫҚТЫҚТАН  ОҚЫТУЫҢ  ЗАМАНАУИ  ТИІМДІЛІГІ

Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданындағы
«№ 8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
тарих пәнінің мұғалімі
Наубетова  Қызжібек Мырзаевна 

Қазіргі уақытта қандай да бір дәрежеде қашықтықтан оқыту барлық жердегі оқу орындарында: жоғары оқу орындарында, мектептерде, сондай-ақ түрлі ұйымдар мен кәсіпорындарда біліктілікті арттырудың дистанциялық курстары формасында пайдаланылады.

Қашықтықтан оқытуды оқу формасы ретінде қарастырайық. Қашықтықтан оқыту күндізгі оқыту сияқты мақсаттарға (егер ол тиісті білім беру бағдарламалары бойынша құрылса), сондай мазмұнға сәйкес құрылады. Алайда материалды беру формасы, мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасы басқаша болады.

Қашықтықтан оқытудың базалық дидактикалық принциптері кез келген басқа оқыту сияқты, бірақ қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру принциптері басқа, олар қашықтықтан оқыту үшін ерекше, өйткені форманың ерекшелігіне, Интернет ақпараттық ортасының мүмкіндіктеріне, оның қызметтеріне (чаттарға, форумдарға, поштаға, бейне конференцияларға) байланысты.

Қашықтықтан оқытуды қолданудың негізгі салаларына келесілерді жатқызуға болады:

— белгілі бір мамандықтар бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру;

-оқушыларды жекелеген оқу пәндері бойынша экстернмен емтихан тапсыруға дайындау;

— оқушыларды белгілі бір бейіндегі оқу орындарына түсуге дайындау;

— оқушыларды бейіндік оқытуға ұйымдастыру;

— қызығушылықтары бойынша қосымша білім беру;

Менің ойымша, орта мектеп жағдайында қашықтықтан оқыту форматының артықшылықтары төмендегі факторларболып саналады:

1) геолокацияға (геолокация-нақты уақыт режимінде компьютердің, планшеттің немесе телефонның және тиісінше оның иесінің нақты орналасқан жері туралы хабарлайтын деректер) қарамастан білім алу мүмкіндігі;

2) жаңа компьютерлік технологияларды пайдалану;

3) пікір таластарды, топтық жұмыстарды, бірлескен жобаларды ұйымдастыру мүмкіндігі;

4) жоғары оқу жылдамдығы;

5) өзін-өзі ұйымдастыру және дербестіктің пайда болуы;

6) заманауи компьютерлік технологияларды, «гаджеттерді» жылдам игеру және т.б.

Қазақстандағы жалпы білім беретін барлық мектептер16-ншы наурыздан оқу жылының соңына дейін коронавирустық инфекцияның (COVID-19) алдын алу мақсатында міндетті түрде карантинге жабылды. Мұғалімдер мен оқушылар кенеттен ұзартылған демалыстарға түсінікпен қарап, оқуды қашықтықтан жалғастыратын болды.

Іс жүзінде барлық дерлік мектептерде бұрыннан электронды журналдар жүйесі енгізілген болатын. Бұл жағдайда мұғалімдер үй тапсырмаларын береді, оларды уақытында  арнайы чат арқылы электрондық журналға жіберу міндеті қойылған.

Кейде мұғалім бейне сабақтар да ұйымдастырады. Мұндай кезде ол барлық оқушыларға Google Hangouts Meet арқылы алдын-ала ескертеді.

Ол үшін әрбір оқушы тіркеліп, жалпы мектеп поштасы арқылы кіріп, өз аккаунтында аты-жөнін көрсету керек.

Барлығы микрофон, камера орнатады (мысалы, егер өз бетінше жұмыс жүргізілсе, мұғалім оқушыларды қадағалауы тиіс). Камераны жүйе бұзылмайтындай бір-бірден ғана қосуға болады. Сондай-ақ, смартфоннан да бейне байланысын қосу мүмкін.

Алайда қашықтықтан өту форматына жаппай ауысуды оп-оңай деуге болмайды, өйткені кенеттен үлкен жүктемеден электрондық журналда іркілістер немесе жаңылыстар орын алады және оқушылардың мезгіл-мезгіл техникалық ақаулармен бетпе-бет келуі де мүмкін. Бірақ бұл жағдайда да шешім бар: мамандар туындаған мәселелерді жойып жатқанда, оқушыларға ұялы телефонға көшіріп алуға болатын арнайы қосымшалар көмектеседі.

Көбінесе «қашықтықтан оқыту» және «электрондық оқыту» ұғымдары бір-бірімен теңестіріледі. Алайда мемлекеттің білім-беру ерекшеліктерін қарастыратын заңнамалық құжаттарда олардың ара жігі ажыратылады.

         Электрондық оқыту деректер базасында қамтылған ақпаратпен жұмыс жасауды және мұғалімдер мен оқушылар арасында оны өңдеу және беру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануды көздейді.

Қашықтықтан оқыту ақпараттық-телекоммуникациялық желінің көмегімен жүргізіледі, сол арқылы оқушылар мен мұғалімдер бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болады.

Карантин кезінде жалпы білім беру мекемелеріне түрлі электрондық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, мектеп порталында немесе басқа сервисте сабақтар өткізу ұсынылды.

Озық тәжірибелері бар елдерде мектеп бағдарламасы бойынша барлық сабақтар салынған порталдар да бар. Ең танымалдарының бірі-ресейлік электрондық мектеп. Порталда бұл елдің ең үздік мұғалімдерінен мектеп бағдарламасы бойынша 1-11 сынып аралығында интерактивті сабақтар ұсынылған. Сайтта 120-дан астам міндеттер, бейнесабақтар, тақырыптық курстар, сондай-ақ концерттер, фильмдер мен мұражайлар каталогтары жинақталған.Портал кез келген құрылғылардан оңай ашуға болатындығына байланысты ыңғайлы болып табылады.

Қашықтықтан оқытудың жетістігі оқу үдерісін құрудағы жүйелі тәсіл болып табылатын педагогикалық технологияны анықтайды.Ал қазіргі мұғалім оның зерттеліп отырған мәселе бойынша ақпаратқа толықтай ие екендігіне деген сенімділігі жеткіліксіз.

Оқушылардың көпшілігі компьютерлерге қолжетімділікке ие, ақпаратты іздеу және өңдеу тәсілдерін меңгерген, ғаламтордағы шет тіліндегі парақтар оларды аса қинамайды.

         Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту жүйесінде жұмыс істейтін педагог креативті болуы тиіс. Креативтілік деп біз адамның шығармашылық өнім жасауды қамтамасыз ететін интегративті қабілетін түсінеміз. Бұл қабілет жеке тұлғада ерекше қасиеттер тобының болуымен анықталады, олардың ішінде: шабыт, өзіндік ерекшелік, болжамдық, сыншылдық, шығармашылық күмәнге бейімділік, интуиция, эмпатия және т.б. телекоммуникация процесінде болып жатқан осы қасиеттердің өзгеруі және адамның креативтілігін дамытудағы соңғылардың рөлін анықтайды.

Демек, қашықтықтан оқытуды болашақта сабақтың жаңа заманауи әдісі ретінде танып, одан әрі шыңдап, мұғаімдер өз тәжірибесінде кеңінен қолдануға мүмкіндік туғызып, дамыту қажет.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.