Төлеген Құралай Садихинқызы
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№21 орта мектеп әдіскері
Бұған дейін біз «онлайн жұмыс», «онлайн байланыс» дегенге мән бермейтін едік. Оның қай кезде, қандай мақсатқа қолданылатынына да бас қатырмайтынбыз. Биылғы білім саласындағы өзгерістер аталған мәселелерді оқушы мен мұғалімнің түсінуіне ғана емес, ата – аналардың да түйсінуіне мүмкіндік туғызды. Онлайн сабақтың арқасында оқушылардың да жауапкершілігі артып, әр пәнге ерекше қызығушылық танытатын болды. Бұған қашықтықтан оқытудағы еркіндік себеп болып отыр деп айтуға толық негіз бар.
Ел басына қандай жағдай түссе де бала тәрбиесі мен білімі назардан тыс қалмаған. Білім министрлігі мұғалімдер мен оқушылардың қауіпсіздігін ойлап, онлайн сабақтар ұйымдастыруды жолға қойды. «Бір қиыншылықтың, бір жақсылығы болады» дегендей, жаңа әдіс әріптестерімнің қашықтықтан жұмыс жасаудағы шеберлігін шыңдауға әсер етті десем артық айтқандық болмас. Себебі, күнделікті бір жүйемен сабақ өтуге қалыптасқан мұғалім үшін де, оқушы үшін де бұл, жаңа бастамаға айналды. Ұстаз — онлайн байланыс арқылы уақытпен санаспай сабақ берсе, оның балалармен байланысын ата – аналардың бақылау мүмкіндігі жоғарылады. Өйткені, WhatsApp, Telegpam әлеуметтік желілердегі берілген тапсырма мен орындалған жұмыстарды қадағалауға үлкен жол ашылды. Ең басты жетістік, ата-ана мен бала бірге.
Білім саласы қашықтықтан оқытуға көшкенімен білім ордамыздағы шәкірт пен ата – ана арасындағы байланыс нығая түсті. Бұған дәлел мектебіміздегі ұйымдастырылып жатқан әртүрлі онлайн сайыстар. Оған МАД топтарынан бастап, жоғары сынып оқушылары түгел қатыса алады. Байқау барысында оқушы сайыс шарттарын ата – аналарымен бірге орындайды. Қыз балалар дәмді ас пісіру шеберліктерімен бөліссе, ұл балалар әкелерімен бірге түрлі құрылыс жабдықтарын қолданып, қолөнер бұйымдарын жасап шығады. Сонымен қатар биылғы жыл қазақтың сөз зергері Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толды. Мектебіміздің оқушылары онлайн байланыстары арқылы ақынның шығармаларын жатқа оқып, әлеуметтік желілерде жариялауда. Бұл бірінші ретте онлайн арқылы балалардың жұмыс жасауына жоғары нәтижеге берсе, екінші тараптан ұлы ақын шығармашылығының насихатталуына үлкен үлес қосып отыр.
Қиын — қыстау сәтте, ұстаздарымыздың қысылмай, оқушыларымыздың жабырқамай , ұйымшылдықпен жұмыс жүргізіп жатқанына риза боласың. Онлайн сабақтар кейбір ұстаздарымыздың бойындағы белгісіз қырларды танытуға сеп болса, енді біреулері үшін — ізденіс жолдарын ашуға әсер етті.
Әрине, бұл жүйеде тұрақтап қалмасымыз анық… Оны болашақтың еншісіне қалдыра отырып, бейбіт күнде шәкірттерімен ұсдаздарымыздың қауышар күні нәсіп етсін — дегім келеді.