Home » Мақалалар » Қазыналы қариялар

Қазыналы қариялар

Қариялардың кеудесі – алтын сандық.
Ол сандықта атадан балаға жалғасып келе жатқан имандылық, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттері тұнып тұр.
Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа,
не қайыр?!
Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бұл күн біздің мектебімізде де аталып өтілді. Бала бойына үлкенге деген құрметті сіңіріп, балаларға жақсылықты насихаттау мақсатында бастауыш сынып оқушылары мен ақ жаулықты аналарымыз кездесті. Қазыналы қарттарымыз көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
Қарттарымыз аман, еліміз тыныш болсын!

Алматы қаласынан,
№200 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
Икатова Сауле Балтабаевна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.