Home » Мақалалар » Ұстазым менің, ұстазым…

Ұстазым менің, ұстазым…

Адамның адамшылдығы-жақсы ұстаздан болады, — деп, Абай атамыз айтқандай, «Ұстаз — ең қастерлі ұғым».
Ұстаз — Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі десем артық айтқаным болмас.
Мыңдаған бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, таудай азамат етіп шығаратын ұстаздарға барлық адамзат баласы борыштар деп ойлаймын.

Мен Абай облысы Білім басқармасына қарасты “Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебі” КММ-сінде 6 сынып оқушысымын. Мектебімдегі әр мұғалімімнің орны бөлек. Менің сүйікті ұстаздарымның бірі, алғашқы ұстазым Раушан Толеноваға айтар алғысым шексіз. Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, жан жылуын төгіп, бар білгенін үйретіп, өзінің шыңдалған білімімен бастауыш сынып бағдарламасын терең меңгерткен жан.
“Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы,”- деп бекер айтпаса керек. Сондай жақсы ұстанымға ие еткізе білген қазіргі ұстазым — Ажибекова Ләйлә. Ол ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, адал, білімді және мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көреді. Үнемі ақылын айтып, білмегенімізді үйретеді.
Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол-ұстаз.
Мен мақтан тұтатын, үлгі етер ұстазымның бірі — біздің мектеп директорымыз Сихымбаева Гүлнұр.
Гүлнұр мұғалім мектептегі барша баланың анасы сынды. Бізді үнемі қолдап, тәлімді тәрбиесімен қанаттандырып жүреді.
Мен күрес үйірмесіне қатысамын. Алғашқы жетістіктерім де көз қуантарлық. Бізге жеңіске деген жігер сыйлап, қанаттандырып, өз арманымызға қарай қадам басуға мүмкіндік берген Гүлнұр мұғалімге алғысымды айтамын.
Әр жарыс алдында бізді өзі қабылдап,
ақ тілегін айтып шығарып тастайды.
Ол кісінің қолдауы біз үшін бүгінгі тілмен айтқанда үлкен — мотивация.
Мен ұстаздарымды мақтан тұтамын!
Ойымды: «Мен үшін жақсы ұстаз бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген ұлы ағартушы
Ыбырай Алтынсариннің сөзімен қорытындылаймын.

Құрметті ұстаздар!
Құрметті “Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебі” КММ-нің ұстаздары сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын!Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп
жүрсін! Ең ізгі тілектеріңіздің орындалуын, сондай-ақ отбасыларыңызда әрқашан бейбітшілік, келісім, қуаныш пен жайлылық болсын.
Оқушыларыңыз биік белестерді бағындырып, еңбектеріңіз ақтала берсін.
Мен ұстаздарыммен мақтанамын.

Абай облысы, Аягөз ауданы,
“Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебі” КММ-нің
6-сынып оқушысы
Амангелді Нұрислам

One comment

  1. Өте жақсы жазыл ған нурислам моладетц

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.