Home » Мақалалар » Бастауыш сынып окушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

Бастауыш сынып окушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

Абилкасымова А.Н
Мергенбаева А.

Кіріспе

Мақсаты:  Функционалдық сауаттылық  ­- адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыру. Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделу

Міндеттері:

үнемі білімін жетілдіріп отыру

шығармашылық тұрғыда ойлау;

шешім қабылдай алу;

өз кәсібін дұрыс таңдай алу;

өмір бойы білім алуға дайын тұруы

Білім берудегі заманауи үрдіс функционалдық сауаттылықты дамыту болып табылады, оның қалыптасуы қазіргі әлемде бәсекеге қабілетті шығармашылық адамның қалыптасуын қамтамасыз етеді. Функционалдық сауаттылық деп адамның өмір бойы алған білімін адам қызметінің, қарым-қатынастың, әлеуметтік қатынастардың және т.б. түрлі салаларында өмірлік мәселелерді шешу үшін пайдалану қабілеті түсініледі.

Функционалдық сауаттылықтың құрамдас бөліктері мыналардан тұрады деп санаймыз:

  1. Адамның жазбаша мәтіндерді түсіну және пайдалану, олар туралы ойлау және мақсаттарына жету үшін оқумен айналысу қабілетінен тұратын оқу сауаттылығы.
  2. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, адамға жаратылыстану-ғылыми мәселелерге қатысты белсенді азаматтық ұстанымға ие болуға мүмкіндік береді
  3. Жаһандық құзыреттілік – бұл басқа мәдени ортаға жататын адамдармен жеке немесе виртуалды қарым-қатынаста сәтті қолданылатын білім, дағдылар, көзқарастар, қатынастар мен құндылықтардың жиынтығы.
  4. Инновациялық және тиімді шешімдер, жаңа білім алуға бағытталған идеяларды әзірлеу, бағалау және жетілдіру процестеріне нәтижелі қатысуға мүмкіндік беретін шығармашылық ойлау.
  5. Адамның қаржылық мінез-құлқы саласындағы білімнің, дағдылардың және көзқарастардың жиынтығын білдіретін қаржылық сауаттылық, бұл әл-ауқаттың жақсаруына және өмір сүру сапасының жақсаруына әкеледі.
  6. Математикалық сауаттылық. Математиканы әр түрлі контексте тұжырымдау, қолдану және түсіндіру қабілетінен тұратын математикалық сауаттылық жатады. Математикалық пайымдау және математикалық ұғымдар мен құралдарды қолдану сауаттылығын қамтиды.

ХХІ ғасырдағы өзгерістерге ең сезімтал сұранысқа ие құзіреттіліктердің бірі – білім және оның маңызды құрылымдары болып табылады. Адам үшін өзінің жеке білімін және қоршаған ортада өзін ұстауға септігін тигізетін факторлардың бірі функционалдық білім екендігі белгілі. Сонымен қатар білім қоғамдық санада белгілі бір шындықтың маңызды қасиеттерін бейнелейді. Осы арқылы білім қоршаған ортамен әрекеттесуге ықпал ететін тұрақты семантикалық құрылым ретінде сипатталады. Бүгінгі таңда функционалдық сауаттылық туралы көбірек айтылуда. Мұндай қызу пікір-талас заңды да. Әлем жыл сайын жаңа ақпараттармен толысуда. Балалар ақпараттарды еркін меңгеріп, оның жүзеге асыра алудың маңыздылығы артуда. Егер бұрын бастауыш сынып оқушысының жетістігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі оның оқу жылдамдығы болса, қазір мұғалімдер оқу сапасы, оның мағынасы сияқты белгілерді басшылыққа алады. Мұның бәрі функционалдық сауаттылыққа тікелей байланысты.  Білім беру ісі қай кезеңде болмасын өзекті мәселе болғаны анық. Әсіресе бастауыш сыныптарына берілетін білім мазмұнының маңыздылығы өте жоғары. Бастауыш сыныптарында оқушылардың бойында қалыптасқан құзіреттілік олардың алдағы білім алу үдерісі барысында өзінің жоғары нәтижеге қол жеткізуінің басты кепілі болып табылады. Рас ел егемендігінің алғашқы жылдарынан бастап ақ білім беру саласына үлкен назар аударылды. Азаматтық қоғамның қалыптасуы, заман ағымы мен жаңа талаптар білім беру ісіне түбегейлі өзгерістер әкелді. Ендігі кезекте бастауыш сыныптарында білім беру тек қана жазу, оқу, қарапайым арифметикалық амалдарды игерту ғана емес, оқушыларды индустриалды және инновацияға толы қоғамның белсенді мүшесі етіп даярлаудың алғышарттары қалыптасатын маңызды кезең ретінде белгіленіп отыр. Ақпараттық қоғамда барлық сала сапалы білімге негізделетіні түсінікті. Ал сапалы білім оқушылардың зияткерлік дамуы және тұлға болып қалыптасу ерекшеліктерін де өз бойына жинайды. Оқушылардың өзін-өзі жетілдіруі, өзгермелі қоғамның даму сұранысына үнемі сай бола білуі де бүгінгі білім беру ісінің басты мақсаттарының біріне айналып отыр. Қазіргі таңдағы бастауыш сыныптарында білім берудің басты мақсаттарының бірі – қоршаған әлеммен тығыз байланыста бола отырып, өздігінен ізденіп, білім қорын молайтуды үйретіп, оқушылардың өзін-өзі дамыта алатын тұлғаға айналдыру болып табылады. Қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар кез-келген жаңа жағдайда өздігінен шешім қабылдауға қабілетті, әрі сол шешімін өзінің жоғары коммуникативті мәдениет пен кең дүниетанымымен байланыстыра алуы тиіс.

Мектеп жасына келген балалардың білім алу жолындағы алғашқы қадамдары бастауыш сыныптарымен тығыз байланысып жатыр. Осы кезеңінде оқушылар білім алумен қатар, қоршаған орта туралы түсінік, тіл табыса алу мүмкіндіктері, қолданбалы міндеттерді шешу және өзге де маңызды құзіреттіліктерді өз бойына қалыптастырады. Оқушы тұлға ретінде дамып, қоғам мен мемлекет үшін өзінің алар орнының маңыздылығын толыққанды түсінеді. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы кейінгі жылдардағы өзгерістер, жаңартылған білім беру мазмұны заман талаптарына толыққанды жауап беретін, ашық әрі әмбебап бола түсті. Осы ретте еліміздің бастауыш сыныптарында білім беру дәстүрі халықаралық ұйымдар мен түрлі даму тұжырымдарының талаптарының аясында ұйымдастырылуда. Нәтижесінде бастауыш сынып оқушылары білім алу барысында базалық әмбебап құзіреттіліктерді меңгеріп, танымдық, коммуникативтілік және шығармашылық мүмкіндіктері артады. Мұның барлығы алдағы уақытта қоғамдық қарым-қатынастар өздерінің нақты шешімдері арқылы жағдайды реттеуге қабілетті тұлға даярлау міндетімен тығыз байланысып жатыр. Бастауыш сыныптары үшін алғашқы білім мазмұнын беріп қана қоймай, одан әрі де білім алуға деген ынтасының оянуы аса маңызды. Әлеуметтік құндылықтарды дәл анықтап, өз мүддесімен ұштастыра алу да білім берудің алғашқы сатысында жүзеге асады. Демек осы келтірген аса маңызды міндеттер мен құзіреттіліктерді қалыптастыру ең алдымен мұғалімнің оқу үдерісін тиімді ұйымдастыра алуымен тығыз байланысты. Бұл өз кезегінде бастауыш сыныптарындағы оқушылардың білім алуға ынтасын көтеруге бағытталған әдіс-тәсілдерді сараптап, нақты тәжірибелік маңыздылығын айқындауды қажет етіп отыр. Оқытудың әдістемесі мәселесіне қатысты нақты ұсыныстар беріп, оның өзекті тұстарын талдау сөзсіз бастауыш сыныптарындағы білім беру үдерісін тимді ұйымдастыруға мүмкіндіктер береді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.