Home » Мақалалар » Қазақтың дәстүрлі ойындары

Қазақтың дәстүрлі ойындары

Магашова Жулдыз
Алматы қаласы,
 «N157 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК,
қазақ тілі педагогы 


ҰІӘ: Қазақтың дәстүрлі ойындары

Топ: орыс тілде оқытылатын « Балдырған» тобы

Мақсаты: Ойындар жайлы түсінік беру. Балалардың бойында қазақтың ұлттың ойындарына деген қызғушылықты арттырып, ойын аттарын мен ойынға керек құрал-жабдықтардың аттарын дұрыс айта білу.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, ойынға арналған арнайы ойыншықтар, домбыра, асық.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, жұпқа бөлу, ойын.

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар қатармен топқа кіреді,шеңбер құрады.

Педагог: Сәлеметсіңдер ме?

Балалар: Сәлеметсіз бе, апай?

Шаттық шеңбері:

Балалар: Бақыт-біздің сиқырлы шеңберіміз,

Бақыт-біздің достарға сенгеніміз.

Бақыт-таңнан біреумен достасуың,

Бақыт-кеште достармен қоштасуың.

Қайырлы таң,  көк Аспан!

Қайырлы таң, алтын Күн!

Қайырлы таң, Жер-Ана!

Қайырлы таң, достарым!

  Педагог: Қалдарың қалай?

Балалар:Жақсы!

Педагог:Балалар, бүгін аптаның қай күні?

Балалар: Бүгін бейсенбі.

Педагог: Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем.

Педагог:Көтем мезгілінде неше ай бар?

Балалар:Үш.

Педагог:Қазір қай ай?

Балалар:Наурыз.

Педагог:Наурыз айында қандай мерекелер болады?

Балалар:Аналар күні, 22-наурыз.

Педагог:Балалар, ойын ойнағыларың келеді ме?

Балалар:Иә!

Педагог:Ендеше бүгін сіздермен қазақ халқының ұлттық ойындарымен танысып, ойнайтын боламыз. Бірінші ойын – қыз қуу. Қыз қууды қалай ойнайтынын кім біледі?

Анна: Жігіт қызды атпен шауып, қуып жету керек. Қуып жетпесе қыз жігітті жазалайды.

Қуыршақтар арқылы балалар «Қыз қуу» ойынын ойнайды.

Педагог:Балалар, бұл ойыннан үйренген сөздерімізді қайталайық.

Қыз — девочка

Балалар:Қыз.

Педагог:Жігіт- мальчик

Балалар:Жігіт.

Педагог:Жылқы – лошадь

Балалар:Жылқы.

Педагог: Келесі ойынымыз «Теңге алу». Бұл ойында не істейтінімізді кім біледі?

Аяла: Екі ойыншы жылқыға отырып жарысады да, жердегі теңгені жинайды. Кім көп жинаса, сол жеңеді.

Педагог:Ендеше ойынымызды бастайық.

Амир мен Парвиз ойыншық жылқыларға отырады.

Балалар:Кім тез алса теңгені, сол баланың жеңгені.

Педагог: Педагог:Жеңіске Амир жетті!

Бұл ойыннан үйренген сөздеріміз қандай ?

Теңге – деньги.

Балалар: Теңге.

Педагог:Жылқы – лошадь

Балалар:Жылқы.

Педагог:Ал келеіс ойынымыз «Асық ату». Бұл ойынды қалай ойнаймыз?

Рима: Асықты алып, басқа асықтарды құлататындай, дәлдеп атуымыз керек.

Педагог:Ендеше ойнайық!

Балалар жұп-жұпқа бөлініп, тізіліп тұрған асықты атып ойнайды.

Педагог:Балалар, ойын аяқталды. Енді бәріміз білетін домбырамен ән шырқайық.

Диана: Домбыра- қазақтың ұлттық музыкалық аспабы.

Балалар мен педагог қосылып « Домбырасыз ән қайда?» әнін шырқайды.

Педагог:Бүгінге сіздермен қоштасамын! Сау болыңдар!

Балалар:Сау болыңыз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.