Турашева Гулзия
Алматы қаласы,
«N157 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК,
тәрбиеші
Мақсаты: балаларды «Алтын сақа» ертегісімен таныстыру жұмыстарын жалғасыту;
— ертегі кейіпкерлерінің жағымды және жағымсыз әрекеттерін сипаттауға үйрету;
— балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру;
— балалардың тілін ұстарту, сөздік қорын молайту.
— асықтар арқылы 1-ден 5-ке дейін санауға үйрету;
-асықтармен ойнай отырып балалардың ұсақ мотрикасын дамыту, ой – өрісін кеңейту;
— балаларды қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыру;
Қолданылған материалдар: асықтар, «Хан талапай» ойыны, «Тиісті орнына орналастыр» дидактикалық ойыны, «Ұлттық құндылықтар» үстел үсті дидактикалық ойындары, асықпен шашка тақтасы, ертегі кіпап, Жалмауыз кемпір, музыка центрі.
Шаттық шеңбері:
Кел достарым, келіңдер!
Қолдарыңды беріңдер!
Шаттық толы шеңберге,
Қуанышпен еніңдер!
Шақырамын сендерді,
Жолдастарым кел бері!
Толтырайық шаттыққа,
Дөңгеленген шеңберді!
Балалар көрпешеге, өз орындарына жайғасып отырады.
Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Иә, жақсы көреміз.
Тәрбиеші: Ал саяхат жасағанды ше, жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Иә, жақсы көреміз.
Тәрбиеші: Олай болса балалар, мен сендерді ертегілер әлеміне саяхатқа шақырамын! Барасыңдар ма?
Балалар: Иә, барамыз!
Тәрбиеші: Олай болса балалар, сиқырлы сөздерді айтып, ғажайыптарға толы ертегілер әлеміне аттанайық!
Ал, балалар, тыңдайық!
Алақанды соғайық!
1,2,3,4,5
Есігін ашсын ертегі,
Ғажайыпты бастайық!
Музыка ойналады, топқа Жалмауыз кемпір келеді.
Жалмауыз кемпір: Сәлеметсіңдерме балалар! Сәлеметсізбе тәрбиеші апай!
Тәрбиеші: Сәлеметсізбе, Жалмауыз кемпір! Қош келдіңіз!
Жалмауыз кемпір: рақмет, рақмет! Асан сендерге мына хатты беріп жіберді: Оқыңдар!
Тәрбиеші: Асан? Алтын сақа ертегісіндегі Асан ба? Оған не болып қалды екен? Неге ол хатты Жалмауыз кемпір арқылы беріп жібереді екен? Қане, абыржымай хатты оқып көрейік.
«Сәлем балалар! Менің атым Асан, Алтын сақа ертегісіндегі баламын. Мен далада жалғыз өзім асық ойнап жүргенде мені Жалмауыз кемпір ұрлап алып кетті. Маған көмектесіңдерші өтініш. Мен үйіме, әкеме және анама барғым келеді. Көмектесіңдер!».
Тәрбиеші: Жалмауыз кемпір, сенің Асанды үйіне қайтаруың үшін біз не істеуіміз керек?
Жалмауыз кемпір: Балалар менің мына тапсырмаларымды орындаулары қажет! Егер дұрыс орындасаңдар, сұрақтарға жауап берсеңдер ғана мен Асанды үйіне жіберемін! Қателессеңдер Асанжы жеп қоямын!
Тәрбиеші: Жоқ Асанға тиіспе, әрине балалар Асанға көмектеседі, тапсырмаларды орындайды. Солай ма, балалар?
Балалар: Әрине, көмектесеміз.
Жалмауыз кемпір: Асанға көмектеспеулерің үшін мен сендерге көп тапсымалар орындадым. Сендерді Асан «өте ақылды, білімді балалар»- деп мақтап еді. Сол рас па екен, әлде ол шатасты ма екен деп тексеруге, өз көзіммен көруге келдім.
Тәрбиеші: Асанның айтқандарының бәрі рас! Балалар өте ақылды, тәрбиелі, әдепті балалар.
Жалмауыз кемпір: Олай болса, мен балаларды байқап көрсем қайтеді? Сұрақтар мен тапсырмаларым көп.
Тәрбиеші: Әрине, Жалмауыз кемпір, тапсырмаларыңыз бен сұрақтарыңызды қойсаңыз болады. Балалардың жауап беретіндігіне, тапсырмаларды дұрыс орындайтынына сенемін.
Жалмауыз кемпір: Олай болса, бастайық! Менің мына қоржынымда асықтар бар. Әр асықта жасырылған сұрақтар бар. Ал, мықты болсаңдар, мен дайындаған сұрақтарыма жауап беріп көріңдер.
1-тапсырма: Сұрақтар.
1 асық: Асан Жалмауыз кемпірге не себепті жолықты?
2 асық: Асанның мінген атының бір аяғы неге жұлынып қалды?
3 асық: Жалмауыз кемпірден қашқан Асан ненің үстіне өрмелеп шығып кетті?
4 асық: Жалмауыз кемпірді қандай аңдар алдап кетті?
5 асық: Асан қандай құстардан көмек сұрады?
6 асық: Асанды Жалмауыз кемпірден нелер құтқарып қалды?
Жалмауыз кемпір: Дұрыс жауап бердіңдер. Бірақ мен сендерді тағы да сынап көрейін. Сендер санай аласыңдар ма?
Балалар: иә, санай аламыз.
Жалмауыз кемпір: оны тексеріп көрейік. Әр сақаның жанына тиісті белгілерді (саусақтарды) қойып шығыңдар.
2-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Тиісті орнына орналастыр».
Тәрбиеші: Балалар, естеріңде ме Асан Жалмауыз кемпірден немен қашып еді?
Балалар: Атпен қашты.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жылқы асықты алып қашуға Асанға көмектесті. Ал, айтыңдаршы, Асанның ең сүйікті ойыны қандай ойын еді?
Балалар: Асықпен ойнау.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар. Ендеше мен сендерді Жалмауыз кемпірмен «Хан талапай» ойынын ойнауға шақырамын.
3-тапсырма: «Хан талапай» ойыны.
Ойынның барысы: тәрбиеші балаларды ортаға жинайды да «Талапай-ау, талапай! Табылды ойын алақай!» — деп, асықтарды балалардың ортасына шашады. Балалар: «Хан талапай! Хан талапай!» деп, асықтарды өздеріне жинай бастайды. Кімге хан асық түссе, бірінші болып ойынды сол бала бастайды.
Ататын 1 асықты өздеріне қалдырып, жинаған асықтарын ойын алаңына тігеді (тізбектеп қояды). Тізбектеп қойылған асықтар таусылғанша атып ойнайды да, ең көп асық жинаған бала жеңімпаз атанады.
Жалмауыз кемпір: Тамаша! Балалар, сендер асықпен керемет ойнайды екенсіңдер!
Сергіту сәті.
1 дегенде тұрайық,
Алақанды соғайық.
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық!
4-тапсырма «Ұлттық құндылықтар» дидактикалық ойыны.
Тәрбиеші: Асанның сақасының түсі қандай еді?
Балалар: Алтын түсті.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жалмауыз кемпірдің бізге дайындаған 4 тапсырмасында асықтарды түсіне сай қажетті орнына оналастырасыңдар.
Балалар тапсырмаларды орындап шығады.
Жалмауыз кемпір: жарайсыңдар, балалар! Сендер менің дайындаған барлық қиын тапсырмаларымды дұрыс орындап шықтыңдар! Сендер расында да, өте ақылды, өте тапқыр, зерек бала екенсіңдер! Сол себепті мен өз сөзімде тұрамын. Үйіме барып, Асанды үйіне қайтарайын! Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!