Алматы қаласы Жетісу ауданы
КМҚК «№101 бөбекжай-балабақшасының»
Меңгерушісі: Таева Айнур Манаповна
2023жылы Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері шілде айында Сингапурға білім тағылымдамасынан өтуге барып, шетелдік әріптестерінің бағдарламасын жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған еді. Сингапурдағы білім тағылымдамасынан өту кезінде меңгерушілер күнделікті балалармен өткізілетін ұйымдастырылған іс-әрекеттерде қалдық заттардан жасалған материалдарды көбірек қолданатынын көрді.
Жинақтаған тәжірибемізді іске асыру мақсатында желтоқсан айының 20-шы жұлдызында Сингапурлық тажірибе негізінде әзірленген «Кішкентай жерлестерге үлкен жер туралы» жобаны жузеге асыруга арналган калалық семинар өткен болатын. Жоба мақсаты, балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, экологиялық сауаттылықты ұстану және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау болып табылады, ал міндетіміз, балалардың қоршаған ортаға деген қызығушыықтарын арттыру.
Сондай-ақ, бұл жоба негізінен, балаларды тәрбиелеуде күнделікті өмірде пайдаланылатын материалдардың қалдықтарынан оларға екінші өмір сыйлау үшін пайдалануға үйретуді меңзейді. Бұл балалардың ұсақ-саусақ моторикасын дамытуға көмектеседі.
КМҚК «№101 бөбекжай-балабақшасында» өткізілген жобамызда осы қалдық заттарға екінші өмір сыйлау мақсатында бүлдіршіндеріміз ата-аналарымен бірігіп көрмелер ұйымдастырды. Сонымен қатар қалдық заттардан жасалған түрлі үлгідегі көйлектерді киіп, сұлу қыздарымыз қонақтарды таң қалдырды. Мұндай шығармашылық жұмыстар жоғарыда айтып өткендей, ұсақ- саусақ моторикасын дамытып қана қоймай, ойлау, есте сақтау қабілеттерін де дамытарыда сөзсіз. Ата-аналарымыз әр түрлі техникаларды пайдалана отырып, қалдық заттардан “Өмір ағашын” жасап, таңқаларлық туындыны ұсынды. Сондай-ақ, күнделікті өмірде де әрдайым қолдау көрсетіп, демеу беріп келе жатқан балабақшамыздың барлық ата-аналарына алғысымызды білдіреміз!