С.А Меңдібаева
Қ.Е.Қасымова
А.С.Ыбраш
Г.Ш.Жанаева
Нұр-Сұлтан қаласы , Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазақ әдебиеті сабақтарында шығармашылық жұмыс мақсатын жүзеге асыруда, мұғалімдер білімі мен біліктілігінің әлеуетіне қарай тырысып жүмыс істеуде. Бұл — төменгі сыныптардан бастап, шағын ертегі, өлең шығару, ойтолғау жазу сияқты тапсырмаларды береді. Бұл – өте құптарлық іс. Мұғалім тапсырманы оқушыға бергенмен, бірнеше мәселе назарынан тыс қалады. Ол:
- бұл тапсырмалардың уақытша сипатта болуы
- шығармашылық жұмыстардың форма, жанрына қатысты алуантүрліліктің болмауы (төменгі сынып болса, ертегі жазу, жоғары сыныптарда ойтолғау жазу)
- Көзделген мақсаттың көмескі болуы
- жазылған жұмыстарға кері байланыстың берілмеуі
- жақсы жұмыстардың ары қарайғы дамуының болмауы.
Осы мәселелерді қалай шешуге болады? Жаңартылған оқу бағдарламасында оқушының қиялын дамыту, шығармашылығын ұштау қалай көрініс тапқан?