Қазақстан Республикасы Президенті
Іс Басқармасыны Медициналық орталығының
«Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК -ы
педагогтерінің 2019 ж. жетістіктері.
Педагогтердің іс-шараларға қатысуы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мәселелерін шешуге зор ықпал етеді. Бұл:
- оқыту процесінде озық және тиімді жұмыс тәжірибесімен алмасу;
- кәсіби ортада педагогикалық қызмет элементтерін пайдалану және талқылау;
- педагогикалық қызметкерлердің рухани, жалпы педагогикалық мәдениеті мен кәсіби шеберлігін арттыру.
Мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру тікелей кадрларға байланысты, себебі педагогикалық қызмет шығармашылық сипатқа ие. Бүгінде шығармашылық дарыны зор, сындарлы-жобалау және рухани-тұлғалық тәжірибесі бар, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен дамытудың заманауи жүйесінде өзінің тұлғалық әлеуетін барынша көрсетуге қабілетті педагог қажет. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері педагогтардың түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысуының арқасында жаңаша ұйымдастырылып, әдіс-тәсілдер тәжірибе жүзінде түрлендірілуде.