Астана қаласы әкімдігінің «Шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәни атындағы
№85 мектеп-лицейі» шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сагиндикова Камар Кайратовна
Тақырыбы: «Абай өлеңдеріндегі рухани құндылықтар»
Орындаған: 6 «А» сынып оқушысы Есен Ерназар
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сагиндикова Камар Кайратовна
Пікір
Оқушым Есен Ерназар бұл зерттеу жұмысында Абай танымындағы рухани құндылықтар және оның ұлттық танымға тигізер ықпалын егжей-тегжейлі зерттеуге тырысты. Ақынның түрлі өлеңдеріне талдау жасап, келер жас ұрпақтың бойына сіңірер, тәрбиелік мәнге ие болатындай мағынасын аша білді. Рухани құндылықтарды ұлт санасына, ұрпақ санасына сіңіруде Абайдың ақындық айналасының оның ішінде поэзиясының рухани маңыздылығын жүйелі түрде сипаттап көрсете алған.
Зерттеу жұмысында жинақтау, талдау, зерттеу әдістері кеңінен қолданылған.Абайдың лирикалық өлеңдеріндегі рухани құндылық, адамгершілік-имандылық, табиғат, тақырыптағы жырларының мазмұн мен поэтикасы тұрғысынан талдаған.
Әдебиеттанушылардың пікірлерін енгізе отырып, өзінше ой қорытынды түйіндейді.Қажетті әдебиеттерді, мақалаларды жүйелеп, зерттеу жобасына кірістірген. Абайдың өлеңдеріндегі рухани құндылықтарды нақты айқындап, дәлелдермен көрсете білген.
Жетекшісі: К.К.Сагиндикова
АННОТАЦИЯ
Бұл ғылыми жобада Абайдың өлеңдеріне талдау жасалып, рухани құндылықтар негізінде әдебиетті, білім мен ғылымды, еңбекті, адамгершілікті, мінез-құлықты, тарихты баса назарға аударып, шолу жасаған.
Ақынның өлеңдерінен қазақ жастарының рух жігерін, қайраттылығын, қазіргі замандағы бейнесінен жоғары деңгейлігін көрсетеді. Ұлы ойшыл Абайдың қалдырған мол мұрасы кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес асыл қазына екендігін дәлелдейді.
АННОТАЦИЯ
В этом научном проекте был проведен анализ стихов Абая, на основе духовных ценностей был проведен обзор литературы, знаний и науки, труда, нравственности, поведения, истории.
Из стихов поэта он демонстрирует дух казахской молодежи, мужество, высокий уровень его образа в современном мире.Богатое наследие великого мыслителя является бесценным сокровищемдля будущего поколения.
АNNOTATION
In this scientific project, the analysis of Abay’s poems was carried out, which focused on literature, education and science, work, morality, behavior and history based on spiritual values.
The poet’s poems reflect the spirit, courage and high level of modern image of Kazakh youth.The rich heritage left by the great thinker Abay proves that it is an invaluable treasure for generations.
Мазмұны
І. Кіріспе…………………………………………………………………………………………………….5
ІІ. Зерттеу бөлімі.
2.1. Рухани құндылықтар Абайдың ақындық айналасында……………………….6-9
2.2. Абай поэзиясы адамзаттың асыл қазынасы……………………………………….9-13
2.3. Абай өлеңдеріндегі ұлттық рухтың тәрбиелік мәні………………………….13-17
2.4. Рухани құндылық — ұлт тірегі………………………………………………………….17-19
ІІІ. Қорытынды……………………………………………………………………………………….20
- Пайдаланылған әдебиеттер.………………………………………………………………21
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Бұл зерттеуде Абай танымындағы рухани құндылықтар және оның ұлттық танымға әсері, ең бірінші Абай адамды дүниенің ең маңызды бөлігіне жатқызғандығы туралы сөз болды. Абайдың баяндауынша: адамның хайуаннан айыратын екі үлкен қасиеті бар. Оның бірі дүниені тану, ақиқатты білу, ғылымды үйрену, екіншісі көпке пайдалы еңбек ету. Ол өзіне дейінгі мәдени мұраны бойына сіңіре отырып, мәдениетке тың арна салды. Ақынның түрлі өлеңдерінен шолу жасалып, келер ұрпақтың бойына сіңірер, тәрбиелік мәнге ие болатындай мағынасын ашуды жөн көрдім.
Жұмыстың мақсаты:Рухани құндылықтарды ұлт санасына, ұрпақ санасына сіңіруде Абайдың ақындық айналасының оның ішінде поэзиясының маңыздылығын болашақ ұрпаққа таныту.
Жұмыстың міндеттері:Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылады:
- Абай поэзиясын рухани құндылықтың бастауы ретінде қарастыру;
- рухани құндылықтардың Абай поэзиясындағы түрлерін реттеу;
- тәлім-тәрбиелік маңыздылығын айқындау.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бірнеше мәселеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің негізі: Оқытудың заманауи әдістері, білім беру үрдісіндегі әрекеттік және құзыреттілік тәсілдерін меңгереді.
Зерттеудің болжамы:Қазақ халқының баспанасының түрлеріне қарай, адам әлеуметтік жағдайын анықтау.
Зерттеу пәні: әдебиет.
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинақтау, талдау, зерттеу әдістерін пайдалану.
Зерттеудің объектісі: Абай поэзиясын толық зерттеп қорыту барысында жасалған тұжырымдар теориялық жағынан негізделіп, нақты мысалдармен дәйектелді.
Жобаның ұсыну формасы: Зерттеушілік.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Рухани құндылықтар Абайдың ақындық айналасында.
Абай поэзиясы баға жетпес мол қазына, тереңі таусылмас асыл мұра. Лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның барлығы бар. Абайды тану, оны түсіну адамзат баласының қолы онайлықпен жете бермейтін рухани, адами, биіктікке апаратын басқыштың бір баспалдағы. Шын мәнісінде Абай қазақ әдебиетіміз бен мәдениетімізді, әдет-ғұрып пен салт-сана, рухани болмысымыз үшін өзегі терең бәйтерек.
Данышпан ойшыл, өз заманынан озық туған ғұлама ХІХ ғасырдың өзінде жалпыадамзаттық құндылықтардың мәні жайлы терең ой түйіп, біртұтас қазақ этносының, ұлысының тұтастығы, оның ұл-қыздарының тағдыр-талабы бірлікте және татулықта болуы жайлы толғанды. Абай шығармашылығын жалпыадамзаттық тұрғыдан зерттеуге көшу оның философиясының әлеуметтік-мәдени және дуниетанымдық негіздерін түсінуге, шығармаларының тылсым сырлы бояулары мен қайнар көздерін ашуға, ұлы ұстаз ұсынған идеялардың құпия сырларын танып білуге, қазақ халқының шынайы тарихындағы, тағдыры мен дамуындағы ақынның орны мен рөлін, маңызын пайымдауға мүмкіндік береді.
Өз халқының тағдыры, ұлттық рухы, бостандығы, мінез-құлқы ұлы ақынды ерте толғандырды. Абай адамды бүкіл дүниенің қуатты қайнар көзі деп білді, сондықтан оны бүкіл философияның мәні мен шыңы деп таныды. Ол тіптен адамды құдайға бағалап және жеке адамды жан-жақты жетілген әмбебап, толық адам деп қарастырды.Абайдың әлеуметтік тақырыптағы өлеңдері өте көп. Оның негізгі идеясы – қалың бұқараның көзін қойып, көңілін ашу. Қараңғы қауымды еңбекке, білімге, өнерге, адалдық пен адамгершілікке бастау, азаматтыққа тәрбиелеу.
Ұлы Абай – ұлт поэзиясының кемеңгері. Ақынныңөмір сүрген замандағы қоғамдық: өмірдің ең күрделі, ең жанды мәселелерін қозғаған, толғаған, поэзия. Қазақ топырағында адамгершілік пен әділдікті, еңбекті, өнер мен ғылымды қастерлеген басқа да ақындар аз болған жоқ. Бірақ Абай шығармаларының қазақ әдебиеті, мәдениеті тарихында өзінше бөлек, өресі биік, мүлде жаңа ой-пікір, көркем сезім әлемін ашқаны даусыз. Абай поэзиясының ішкі рухы мен көрініс-көркі, сипаты мен сыны бұрын әдебиетте дәл мұндай дәрежеде көрінбеген жарасымды жаңалық танытады.
Ақын поэзиясына осындай қуат-күш, көркемдік сәулет беріп тұрған – оның шығармасында қазақ халқының бүкіл өмірінің, әсіресе сол дәуірдегі қоғамдық өмірінің, шындығы терең бейнеленуі және оларда әдебиеттегі ұлттық көркем ой, өмір құбылыстарын сөзбен бейнелеу, мүсіндеу шеберлігінің жарқырап көрінуі. Абай өлеңдерінің тілі, сөз кестесі мен өлең өрнегі қоспасы жоқ таза халықтығымен, келісті қарапайымдылығымен құнды.Қазақтың өлең тілін дамытуға Абайдың қосқан үлесі айрықша бағалы екенін әдебиет зерттеушілер әр кез мойындап, жан-жақты дәлелдеп айтып келеді. Осы мәселені арнайы тексерген Қ.Жұмалиевтың мына бір қорытынды пікіріне назар аударсақ: «…Қазақтың өзіне дейінгі тіл байлығын, шығыс, орыстың классик поэзияларының үлгілерін меңгере отырып, қазақтың әдеби тіліне өзіне дейінгі әдебиеттерде қолданылмаған жаңа сөз, жаңа сөйлем құрылыстарын енгізді. Әйтсе де, Абай тіл жөніндегі енгізген жаңалықтарының негізі етіп жасалынды жаңа сөздерді емес, жаңаша сөйлем құрылыстарын алды. Бұрынғы әдебиеттерде қолданылмаған, бірақ қазақтың жалпы тілінде бар сөздердің жақсыларын теріп, өлеңдеріне кіргізіп, өзінің тілдегі жаңашылдығының негізгі тірегі етті»[1,114].Абай қазақ қоғамының дамуына түбегейлі өзгерістерді қажет етіп отырғанын терең түсінді және сондай өзгерістерді жасауға ынта қойды. Даму жолдарындағы амалдарғада тоқтады.
Қазақ халқының XIX ғасырдың соңынан күні бүгінге дейінгі тарихында ұлы ақын, ағартушы, данышпан Абай Құнанбайұлының алар орны ерекше. Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады. Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар, ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады. Абай мұнда, ең алдымен, жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді. Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады. Сонымен қатар ол «Қызмет қылсын, шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп, сынайды.
1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды. Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған. Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып, адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы — ғылым болуы керектігін түсіндіреді.
Ғылым таппай мақтанба!
Орын таппай баптанба!
Құмарланып шаттанба!
Ойнап босқа күлуге, –дейді. Сөйтіп, ғылымға берілудің, ғалым болудың жолдарын әңгімелейді. Ғылым жолы – әділдік жолы. Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды. «Надандарға бой берме, шын сөзбенен өлсеңіз», –дегенде, ол ғылым үйренетін жастың қараңғы, надан қауымнан өзгеше болуын қалайды.
Абай өз шығармаларында рухани жұтаңдықты, білімсіздікті, көкірек көзінің мөрлілігін, надандықты, имансыздықты, тоғышарлықты, енжарлықты, жалқаулықты, сөзуарлықты, екіжүзділікті, күншілдікті, мақтанқұмарлықты, мақтансүйгіштікті, дүниеқоңыздықты, мансапқорлықты, көрсеқызарлықты, менмендікті, мақтаншақтықты, еңбексіздікті, әділетсіздікті, сатқындықты және т.б. қай замандарда болмасын адам бойында болатын моральдық-этикалық қасиеттерді сөз ете отырып, адам баласының бойындағы қасиеттерін жақсартуға, жетілдіруге, толықтыруға, жаман қасиеттері болса солармен күресуге, оларды ауыздықтауға талаптануы керектігін түсіндіріп, ғасырлар бойына адамзат баласының ақыл-ойында ұшталып келе жатқан, діни-пәлсафалық, моральдық-этикалық, интеллектуалдық, адамгершілік туралы тұжырымдамасы – толық адам ілімін адамзат қоғамына мұра етіп қалдырды.
Халқының келешегін ойлап егілген, сол үшін ұнамсыздықты аямай сынау арқылы түзетуді ойлаған Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Соның бірі – достық мәселесі. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ол тіршілікте өзі көрген, халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып, жастарды шын адамгершілік жолына, қиянатсыз, адал достыққа үгіттейді. Оларды жалған татулық, бояма мінезден сақтандырады.
Ұлы Абай қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы болып табылады. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты. Абай шығармашылығымен танысу сананы оятып, ойға ой қосады, жаңа көңіл күй мен сезімге бөлейді, асыл армандарға жетелейді, өзіңді өзің талдап тазаруға итермелейді.
Хакім Абай өз халқының мұң-мұқтажын, қоғамдық-философиялық ойларын, мәдениеті мен әдебиеттегі көркемдік ізденістерін жаңа сапаға көтерді. Ақынның арман-тілегі бүкіл адамзаттың ең биік асыл мұраттарымен де үндесіп жатыр. Қазақты ояту үшін үн қосқан ақындардың бірі Міржақып Дулатұлы: «Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухани сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге артылар, «Бірінші ақынымыз» деп қабірін халқы жиі-жиі зиярат етер, халық пенен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар» [2,47-49] деп болашақ ұрпаққа бабалар алдындағы борышын сезіндіргендей.
Қорыта келе, Абайды тану арқылы біз өз болмысымызды танып, болашағымызды бағдарлаймыз. Бүгінде Абай есімі жеткілікті деңгейде ұлықталып жатыр. Бірақ оның шығармаларымен жаңғыру деңгейіне әлі жете қоймадық. ХХІ ғасырда кез келген қоғамның парқын, түптеп келгенде, адам сапасымен өлшеу үрдісі бірінші орынға шығып отыр. Бұл ретте Абай армандаған «бүтін адам», Абай көксеген «толық адам» тұжырымдамасы ең озық идея ретінде бүгінгі зерделі оқырманды да бей-жай қалдырмайды. Данагөй ақынның терең ойлары мен асыл сөздері, өлеңдері мен қара сөздері қай заманда болмасын жақұттай жарқырап, көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ. Оның мұрасы жаңа ұрпақпен бірге жасай береді.
2.2. Абай поэзиясы адамзаттың асыл қазынасы.
Абай – қазақ поэзиясының биік шыңы, құдіретті ақыны. Абайдың жүрек шерімен жазған туындыларының тағылымы мәңгілік қымбат қазына. Абай жалғыз қазақ халқының ұлы емес, адамзаттың ұлы десек артық айтқандық болмас. Әлем халқы бас иген дара тұлғамызды қай жағынан да айтсақта біздің елдік, халықтық парызымыз болып саналады.Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі моральдық принципі ретінде поэзиялық-тәрбиелік туындыларында үнемі атап көрсетіп отырған.
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
«Әсемпаз болма әрнеге» деп басталатын өлеңінде ол, әділеттілік, мейірбандылық болмаған жерде ақыл мен қайрат та адамды жақсылыққа жеткізе алмайды деп түйеді. Ғылым-білімді, оқу-тәрбиені уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы, әбден орынды. Не нәрсеге болсада ақыл таразы, дүниені танып білуде адамгершілікті ақылдың мүмкіндігі шексіз, мол деп санайды.
Ақылды қара, қылды қырыққа бөлмек,
Әрнәрсеге өзіндей баға бермек.
Абайдың бұл пікірі ғылым үйренуге, ұмтылған жастарға айтқан сөздерінен де айқын көрінеді. Ақын жастардың басқалар айтқан сөздеріне ермей, ақылмен өлшеп тапқан өз пікірі болу керектігін айтып, сол пікірде табандап тұра білуі қажеттілігіне ерекше назар аударған.Ұлы ақын қазақ поэзиясының өсіп, жетілуіне орасан еңбек етті. Өткенді, болашақты, қазіргіні барлай, Абайды терең ойға толы сан алуан өлеңдері, қазақ әдебиетінен кең орынға ие.
Ұлы Абайдың айрықша өзгешелігінің бірі – ол, әсіресе қазақ халқының неше алуан рухани байлығын, ұлттық құндылықтарын бойына мол сіңіріп, сол байлықтың керектігін ақындық өнеріне арқау ете білді. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп халық игілігіне барлық саналы өмірін жұмсады.
Абай – қазақ әдебиетімен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы тұлға. Оның шығармашылығы қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ой парасатының,жаңа арнада өріс алған мәдениетінің, әдебиеті мен өнерінің асқар шыңы болып табылады.Ол өз өлеңдері арқылы қазақ поэзиясын өз кезінен ең озық деңгейіне көтере білді,қоғамдық дамудың шындығын дәл бейнелеп,өркениетті сипатта дұрысқорытынды шығара білді.Өзі өмір сүрген тарихи кезеңнің алға тартқан ащы сұрақтарына ұлт тағдырына қатысты аса білермендікпен жауап беріп, ел санасын ұлы мақсаттарға бұруға талпынды. Ақыл парасаты кемеңгерлікке ұласқан ақынның бұл мақсат-мүдделері оның мән-мағынаға, көркемдікке толы әдеби еңбектері арқылы жетті.
Абай шығармаларында өз дәуірінің келелі мәселелері шынайылықпен суреттелді.Өз кезінің алуан түрлі мәселесі қамтылып,өзі өмір сүріп отырған қоғамның шын сырын ашты. Абай қалдырған әдеби мұра терең мағыналы ізгі ойларға толы,шебер тілмен өрнектелген көркем де асыл туындылар.Бүгінгі таңдағы мүлде жаңа сапаға көшкен қазақ әдебиеті қазіргі деңгейге сол ұлы Абайдан бастау алған рухани төңкеріс нәтижесінде қол жеткізгені аян.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Даналықты көздесең
Жат, тоқып ал көңілге, – деп Сұлтанмахмұт Торайғыров бабамыз жырлағандай, Абай – мен үшін өлеңнің атасы. Абай Құнанбайұлы қазақ халқының басындағы мәңгі өшпес жарық жұлдызы. Абай – қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл.
Ақын ел арасында болатын көптеген жағымсыз әрекеттер: іштарлық, көрсеқызарлық, сондай ақ көреалмаушылық, еріншектік, жалқаулық сияқты теріс қылықтардан аулақ болуға үндеп, ұрпаққа үлгі көрсетпек түгілі қара басын әрең алып жүрген мына халықтың берекесіз тірлігін күні бұрын көріп тұрғандай ашық та айқын суреттеп, тереңнен баяндаған. Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-саттық жасауды үйрену екенін айтты. Ол былай деп жазды:
«Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде».
Оның басқаша ойлауы мүмкін де емес еді. Қазақ даласында жиі болып тұратын жұт қарапайым халықты ауыр қайғы-қасіретке душар ететін. Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді.Сонымен қатар ұлы ақын, ағартушы Абай музыка саласында да кең ауқымды мұра қалдырды.
Абай адам табиғатын этикалық түрғыда қарай отырып, оның тұтас алғандағы кісілік қалпын, ұжданды, «сегіз қырлы, бір сырлы» сырбаз адам, яки кемеліне жеткен «толық адам» кейпінде алға тартады. «..Адам деген даңқым бар», – дейді Абай. Сол арқылы ол неден қашық, неге асық болуға үндейді, жақсылық пен жамандықтың, надандық пен имансыз адамның шынайы мәнін ашады. Мысалы, ақынның мына сөзі де осының бір дәлелі: «Тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек ол құдайға айтарлық сөз бе? Қүдай біреу үшін біреуге жәбір қылуына лайығы бар ма? Екі сөздің басын қосарлық не ақылы, не қылышы жоқ тура өзімдікін жөн қыламын деп, құр «өй, тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?.. Оларды мұсылман деп қалайша иманы бар ғой дейміз?»
…Жүрегіңнің түбіне терең, бойла,
Meн бір жұмбақ адаммың оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай адамды жаратушының қаһарынан қаймыққаннан емес, өзінің арының, ұятының, халқының алдында сол істеген қылығы үшін жауапты болғандықтан да кайырымды, мейірімді болуға тиісті деп біледі. Қазіргі біз бастан кешіп отырған кезенді, әдетте, адамдардың қылықтарының кезеңі деп атайды. Сөйтіп, әнгіме қылықтардың философиясы туралы қозғалады.[3, 342].
Абайдың этикалық тұжырымдамасында «еңбек» деп аталатын ұғым ерекше орын алады. «Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ», – деп қандай еңбекті дәріптеу керектігін байқатады.Тіптен ақынның адал, шынайы еңбектің адам өмірінде зор орын алатындығын қозғамайтын шығармасы жоқ деп айтуға да болады. Өйткені еңбек адамның азамат ретінде қалыптасуы үшін рухани тұрғыдан да, парасаттылық тұрғысынан да басты қызмет атқарады деп есептеген. Сондай-ақ, ақын еңбек кісінің жан дүниесін мейірімділікке бөлейді, ал, оның қадірін білмейтін салбөксе жалқаулар көбіне теріс қылықты болып келеді деген тоқтамға келеді. Сол себепті ол: «Еріншектік күллі дуниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, үятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады», – деп жазды. Қысқасы, ақын еңбекті ең жоғары игіліктің көзі, адам қаракетінің ең биік өлшемі, халқына қызмет етудің, оның ұлттық арман-мүддесін жүзеге асырудың, намысын қорғаудың басты көрсеткіші деп білді. Адамның тұлға ретінде қалыптасу процесінде өскен ортаның, тәрбиенің рөліне үлкен мән бере отырып, ұлы ақын әркімнің өзін-өзі жуйелі түрде тәрбиелеп отыруы керектігіне айырықша көңіл бөледі. Өзінің он бесінші сөзінде ол осы ойды былайша толғайды: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір – өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздін, екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей .қалыппысың?» Бұнда ақын адамның өзіне өзгелердің көзімен қарап, күнделікті істеген ісіне талдау жасауға, барлық әрекетіне жауап бере алуға, өзінің, өмірдегі орнын біліп, соған лайық іс-қимыл жасауға міндеттілігін ашады Адамның тұтыну мүмкіндіктері жайлы толғана келіп, Абай бұл мәселеде қанағатсыздыққа ұрындырмайтын мөлшер, шамадан асып кетпеу керектігін өсиет етеді: «Әрбір жақсы нәрсенің, өлшемі бар, өлшемінен асса – жараманды. Өлшемін білмек – бір үлкен керек іс… Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің бәрінің де өлшемі бар». Ал, сол өлшемнің шамасын қалай анықтауға болады? Ақын пікірінше, оның таразысы – ұяттылық пен арлылық. Осы сезім бар жерде адам қанағатшылдық пен кісіліктің тізгінінен айырылмақ емес деген ойға жүгіндіреді.
Абай адамның жан дүниесінің үнемі өзгеріс, дамуда болатындығын дұрыс көрсетеді, сондай-ақ өзінің. «Адамбол» дейтін негізгі шафқатты-этикалық принципінде азаматты надандық тұрғыдан ылғи да жетілу, толысу процесі ауқымында ұғынады. Адамның адамшылдық жағын көре білу және дамыту, ақылды, білімді адамды жоғары бағалау, өмірінің аяғына дейін адам болып, дұрыс қартаю, өз халқына қажымай-талмай қызмет ету, бүкіл адамзатты, адамды сүю және құрметтеу – бүгінгі таңдағы басты мәселе. Шығыстың өзге ұлы ойшылдары сияқты Абай да қоғамның жақсарын, жаңғыруына адамдардың ар-ұжданын жетілдіру жолымен қол жеткізуге болады деп қатты сеніп, халқын сол жолға салсам, оған барынша мол пайда келтірсем деп есептеген. Оған өзінің идеялық-мәдени ізденуі толық кепіл.
Данышпан ақынның этикалық мұраты оның эстетикалық мұратымен тығыз байланысты. Абай түсінігіндегі адамды адамгершілік жағынан жетілдіру эстетикалык, және этикалықтың бірлігі, ал ол белгілі дәрежеде эстетикалық құндылыққа ие. Жан-жақты дамыған-әмбебап тұлғаға айналу жолын ол өнер, сөз поэзия арқылы эстетикалық тәрбие беруден, адамдарға нақтылы өмірде ғажайып күшке ие сөз құдыретімен әсер етуден болады деп білген. Абай әдеміліктің ұлттық түсінігі мен түбірінен жаңа эстетикалық принципін ұсынып, оны былай деп тұжырымдайды:
…Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Абай нақтылы шындықты әсемдіктің тұлғасы ретінде ұғынады. Оның эстетикалық көзқарасында қазақтың қоғамдық ой-санасындағы сұлулықты, әсемдікті жаңаша ұлттық тусінуге, қоғамдык өмірдегі өнердің орнын терең білуге ұмтылғандығын байқалады.
2.3. Абай өлеңдеріндегі ұлттық рухтың тәрбиелік мәні.
Абай өлеңдері көп те емес, жалпы саны екі жүзге жетпейді, бірақ мазмұны өте бай. Өткір әрі күрделі таптық талас-тартыс, шым-шытыр ру аралық алауыздықтар, сан қилы дала қақтығыстар әрі құлай сүйген ғашықтардың трагедиялары мен өмірдің ыстық суықтары туралы тақырыпта жазылған. Қай халықтың болмасын өсіп-өркендеуі, ақыл-ойы мен санасының, әдебиеті мен мәдениетінің, өнері мен білімінің – қысқасы, бүкіл рухани жан дүниесінің дамуы, жалпы адамзаттық өркениетке ұмтылысы – сол халықтың өміріне, ұлт ретінде адами болмысы мен рухына іргелі бетбұрыс жасаушы ұлы дарындардың тарихи еңбегімен, қайталанбас қайраткерлік тұлғасымен тығыз байланысты болып жатады.
Қазақ халқы үшін сондай дара тұлға, әрбір сөзі даналықтың үлгісіндей болған ұлы ақын, ойшыл-философ Абай еді. Ол өзінің құдіретті талантымен, көреген ойшылдығымен қазақтың жаңа жазба әдебиетінің негізін салып қана қойған жоқ, сонымен бірге өзінің қаламгерлік қуатымен бүкіл қазақ қоғамын тәрбиелеген, жақсылыққа жол сілтеуші ұлы қайраткер, адалдықты, шындықты ту етіп көтерген нағыз халық қамқоршысы болды. Абай – қазақ халқының ар-ожданы, ұлттық мақтанышы және намысы. Себебі дүниежүзілік ауқымға сай қазақтың ұлттық санасын оятқан және оны қалыптастырған адам – Абай.
Қазақ даласында небір үлкен тұлғалар өмір сүрген, бірақ та дәл Абайдай өз заманына дейінгі дала данышпандарының даналық мәйегін меңгерген, бүкіл көшпелілер дүниетанымын, рухани болмысын, парасатын, көреген ойының мүмкіндіктерін танытқан, сол арқылы бүкіл адамзат санасының дамуына айрықша үлес қосқан дара тұлға болған емес. [4,114].
Абай халықты бақытты болашаққа бастар жолды іздеді.Жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады. Атап айтқанда, ол былай деп айтты: «Балаларды ата-аналарынан алып, мектепке беру керек, олардың біразын мамандықтың бір түрін, біразын басқа мамандықтарды игеруге бағыттау керек. Мектептерді көбейту қажет, оларда тіпті қыздар да оқитын болсын».Ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғылыммен белсене айналысуға үндеді. Әркімді өзінің өткен әр күніне міндетті түрде есеп беріп отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды.[5, 95].
Абайдың пікірінше, адам болу үшін оның бойынан үш түрлі фактор табылуы тиіс. Біріншіден, баланың шыққан тегі жақсы болуы керек, екіншіден, оның әлеуметтік жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымды болуы шарт, үшіншіден, балаға адамгершілік тұрғысында тәрбие берілуі қажет. Абай парақор билеушілерді, ашкөз судьяларды, надан молдаларды әшкерелеп отырды. Халықтың игілігіне жету жолындағы бұл қырсықты ғылым мен білім аркылы ғана жоюға болады деп есептеді. Ол жастарға үздіксіз еңбек етіп, білім алуды міндет етіп қойды. Білім алуға жұмылған еңбек әрқашанда жемісті және ізгілікті болатынын қадап айтты. Қараңғылықтан шығар, елді өркениетке жеткізер жалғыз жол оқу-білім екенін көзі қарақты жастарға түсіндірді.
Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді. 80-жылдардың орта кезінен бастап,Абай ақындық жолға біржола бет бұрды.Бұл кездегі оның өлеңдерінің қай-қайсысы болсын-толысқан ой-сананың жемісі.Бұған дейін арагідік жазған өлеңін өз замандасы Көкпай атынан таратып жүрген Абай 1886 жылдан бастап өз атына көшірген.Осы жылдардан бастап Абай өлеңді үзбей жазуға тырысқан.Бірақ ел арасындағы шиленіскен тартыстар оның әдебиетпен бірыңғай шұғылдануына мүмкіндік бере бермеген.
«Дүние де өзі, мал да өзі» Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады.Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар,ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады.Абай мұнда,ең алдымен,жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді.Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді.Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады. Сонымен қатар ол «Қызмет қылсын,шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп,сынайды.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын,шен алсындеп бермедім. Бұл-өткенге құр өкіну емес,келешекте жастардың өзі тәрізді опық жеп қалмай,білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне жөн сілтеу.[6, 114-116].
Шығарма Абай ақындығының халықтық,ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді.Кейінгі туындыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі.
«Интернатта оқып жүр» өлеңінде Абай әлгі ойларына тың пікірлер қосады.Мұнда,сыншылдық басым.Ақын патшалық ел билеу жүйесіне,оқыту тәртібіне сын айтады.Халыққа пайдалы емес,залалды болып шығатын әкімдер мен шалағай төрелердің оқудағы мақсатын көрсетеді.
Орыс тілі,жазуы
Білсем деген таласы
Прошение жазуға
Тырысар,келсе шамасы.
Ынсапсызға не керек,
Істің ақ пен қарасы.
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы,
…Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе,
Кімге тиер панасы?
Ақын мұндай мақсатпен ғылым қууды қуаттамайды.Олардың «Иә тілмаш,иә адвокат» болу ниетіне Салтыков пен Толстойды әдейі қарсы қояды.Толстой мен Салтыков-Щедрин сынап,масқаралаған орыс шенеуніктерінің бейнесін олардың есіне салады.[7,114].
Aбaй пoэзияcының cыpшылдығы мeн cыншылдығын тaну үшiн дe coғaн caй эcтeтикaлық тaным, ғылыми зepeктiк қaжeт. Әcipece, өз уaқытынaн oзa туғaн дaнa тұлғaның дapa қacиeтiн ұғынa, жұмбaқ әлeмiнe үңiлe oтыpып жacaғaн ғылыми тұжыpымдapы қaндaй дa бoлмacын cиpeк тaлaнтты тaнудa ұcтaнap жeтeкшi бaғыт бoлып тaбылaды. «… Oқып қapacaм, бacқa aқындapдың cөзiндeй eмec. Oлap cөзiнeн бacқaлығы coншa, әуeлгi кeздe жaтыpқaп, көпкe дeйiн тocaңcып oтыpacың. Cөзi aз, мaғынacы көп, тepeң. Бұpын ecтiмeгeн aдaмғa шaпшaң oқып шықcaң, aзынa түciнiп, көбiнiң мaғынacынa жeтe aлмaй қaлaды. Кeй cөздepiн, oйлaнып дaғдылaнғaн aдaмдap бoлмaca, мың қaйтapa oқыca дa түciнe aлмaйды. Нe мaғынaдa aйтылғaнын бipeу бaяндaп ұқтыpғaндa ғaнa бiлeдi. Coндықтaн Aбaй cөздepi жaлпы aдaмның түciнуiнe aуыp eкeнi pac»[8,212]дeгeн пiкipi ұлы aқын шығapмaшылығының бoлмыc-бiтiмiндeгi тepeңдiктi ұғындыpуымeн, coғaн бaғыт-бaғдap бepуiмeн мaңызды. Aл, aқын пoэзияcының түciнугe aуыp, ұғынуғa күpдeлi тaбиғaты өз кeзeгiндe өлeң өpнeгiмeн қaтap көшпeндiлep дүниeтaнымынa дa өз өзгepiciн aлa кeлгeндi.
«Қaзaқ xaлқын нaдaндықтың aйcыз қapaңғы түнi ғылым cәулeciнeн бүpкeп, тұншықтыpып тұpғaн кeзiндe, тұншыққaн eлгe дeм бoлуғa, қapaңғы жepгe нұp бoлуғa, нaдaндық-aждaһaны өpтeугe құдaй жiбepгeн xaқиқaттың ұшқыны Aбaй туды» дeгeн Ж.Aймaуытұлы, М.Әуeзұлы пiкipiн нeгiзгe aлcaқ, coғaн caй aқын туғaн xaлқының oтapшылдықтaн туындaғaн coл кeздeгi жәнe кeлep күнгi қилы тaғдыpын жәнe дe coдaн apылap жoлды қиыннaн қиыcтыpa жыpлaды.
Кeшeгi қaйтa кeлмec epкiн зaмaнның caнaдaғы қиялын ғaнa мeдeу eткeн бoдaн eлгe ұлы aқын тeңeлудiң, aғapудың, pуxaни aзaттықтың aдacтыpмac жaңaшыл бaғытын нұcқaп, ұлттық caнaғa ciлкiнic пeн cepпiлic әкeлep қуaтты cөзiн apнaды. Бoдaндық бұғaуы, құлдық кipiптapлық cияқты қacipeт әлeумeттiк oйды тұмшaлaғaн тұcтa Aбaй eлдiккe қoзғaу caлap, xaлықтық қacиeттepдi cepпiлтep тың oй, coны cөз aйтты. Aқынның әлeумeттiк пoэзияcы ұлттың көз жacы бoлып төгiлдi. Жәудipeгeн жaнap өткeннeн ғaнa көңiлгe мeдeу тaпқaндықтaн Aбaйдың жaңaшыл oйлapы ecкiшiл қaуымғa ұғынықты бoлa бepмeдi. Дeмeк, A.Бaйтұpcынұлының «Бipaқ oл aуыpлық Aбaйдың aйтa aлмaғaнынaн бoлғaн кeмшiлiк eмec, oқушылapдың түciнepлiк дәpeжeгe жeтe aлмaғaнынaн бoлaтын кeмшiлiк. Oлaй бoлғaндa aйып жaзушыдa eмec, oқушыдa. Нe нәpce жaйынaн жaзca дa Aбaй түбipiн, тaмыpын, iшкi cыpын, қacиeтiн қapмaй жaзaды. Нәpceнiң cыpын, қacиeтiн бiлiп жaзғaн coң, cөзiнiң бәpi дe xaлыққa тipeлiп, oқушылapдың бiлiмiнe cын бoлып, eмтиxaн бoлып тaбылaды. Oқушы cөздi cынaca, cөз oқушылapды дa cынaйды. Aбaй cөзi зaмaнындaғы aқындapдың cөзiнeн oқшaу, oлap cөзiнeн үздiк, apтық. Oл oқшaулық, apтықтық бacқa aқындapдaн Aбaйдың жaлғыз cөзiндe ғaнa eмec, өзiндe дe бoлғaн»[2,344]дeгeн пiкipi Aбaйдың aқындық жәнe aзaмaттық тұлғacындaғы жaңaшылдығын дөп тaнуымeн нaзap aудapтaды.
Coндықтaн дa «Aбaй cөздepi дүниядa қaлғaны – қaзaққa зop бaқ. Бeтiн түзeп, жөн ciлтeгeн кiciлepгe дe, ciлтeгeн жoлды ылaқпaй тұп-туpa тaпқaн aдaмғa дa қaзaқ бaлaлapы тaлaй aлғыc бepep» дeгeн бaғaлaушылық тұжыpым Aбaй мұpaтын тaнығaн жәнe өзгeлepгe дe тaнытуды дiттeгeн coны oй бoлaтын. Өйткeнi Aбaй шығapмaшылығындaғы әлeумeттiк capын, xaлықтық cипaт пeн peaлизм жaңa дәуipдiң жaңa тaлaптapын жeтeкшi бaғыт peтiндe ұcтaнудa, ұғынудa aдacтыpмac тeмipқaзық бoлды.
2.4. Рухани құндылық — ұлт тірегі.
«Қазiргi шиыршық атқан заманда бүкiл әлем өзгеруде.Әлеммен бiрге бiз де бүкiл санамызды өзгертуге, рухани тұрғыда жаңғыруға тиiспiз.Алайда, ұлттық бiрегейлiк пен ұлттық кодымызды сақтай отырып, жаңа тұрпатта даму қажеттігін баса айта келе, Елбасы таяудағы он жылда бiздiң өмiр салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсiлдерi, қысқасы, барлығы түбегейлi өзгередi. Бiз бұған да дайын болуымыз керек» дейді.
Шындығында да қоғам түбегейлі өзгерді. Замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу арқылы ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтай отырып, жаһандық бәсекеге төтеп беретін заманауи білімді меңгеру арқылы жетістікке жететіндігіміз анық.Халқымыздың тiлiн, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгiнгi ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың мiндетi. Халқымыздың асыл қазынасын тиiмдi пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуi сөзсiз.
Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді.
Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі мүмкін. Оның мысалы тарихта аз емес. Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай рухани мұрасымен жастардың бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастырып, сіңіртіп, өзінің Отанына адал азамат етіп тәрбиелеу ата-ана мен ұстаздар қауымына жүктеледі.
Елбасының Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес оқу-тәрбие үдерісін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, рухани дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыру міндетін алға қояды. «Мәңгілік Ел» идеясында белгіленген бұл құндылықтар жалпы оқу-тәрбие жұмысының негізі, бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің арқауы болуы тиіс. Сондықтан ұстаздарымыз күнделікті кез келген пәнді оқыту барысында әрбір сабақта «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқушылардың бойына сіңіруді естен шығармағаны жөн.
Қай ұлт болса да оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені, білікті қасиеті, ұлттық болуы арқылы болашақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады. Қазіргі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиені, адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыру маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәлім – тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын, бейнесін сақтап, дамыта алатыны белгілі.[9,211].
Дегенмен қазақстандық педагогикалық әдебиеттерде дәстүрлер жүйесіне ғылыми тұрғыда терең талдау, оларды тәрбиенің қуатты құралына айналдыру жеткіліксіз болып отыр. Сондай-ақ, ғылыми-педагогикалық еңбектерді оқып-үйрену, мұғалімдердің іс-тәжірибесімен танысу және талдау бастауыш мектепте оқыту процесінде ұлттық тәрбие құралдарын пайдалану көкейкесті мәселе екендігін дәлелдеп, ұлттық тәрбие құралдарының тәрбиелік мүмкіндіктері мен олардың бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде толығымен пайдаланылмауы арасындағы қайшылық бар екендігін көрсетіп отыр. Бұл қайшылықтың шешімін табу бізге дипломдық зерттеу жұмысының тақырыбын «Қазақ этнопедагогикасы негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру» деп таңдауға себепші болды [5,30].
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш сыныпта атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақша, мектептерге ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет.
Қазақты тану үшін алдымен Абайды тану қажет, ал Абайды түсіну үшін білімді азамат болу шарт. Абайды тану –қазақтың өзін-өзі тануының, басы да, соңы да! Абайды тану — Абай айтқан сындарынан толық қорытынды шығару деп білеміз. Айдан анық нәрсе, Абай ақын ғана емес, ол өлеңдері арқылы өз халқының басты міндерін батыл көрсетіп берген тұңғыш дана сыншымыз да! Сондықтан да Абай — дара! Абай — дана!
…Біріңді қазақ бірің дос,
Көрмесең істің бәрі бос.
Малыңды жауға,
Басыңды дауға,
Қор қылма, қорға, татулас…
Абай поэзиясы – халқымыздың ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының әсем табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, салт-дәстүрі, ділі,қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіліп тұрады.
Ұлы ақын Мұхтар Әуезов: «Абайдың қазақ әдебиетіне XIX ғасырда және XX ғасырда еткен әсері аса мол. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, естіп ұғыну арқылы, сол Абайдың өлеңдерінің үлгісінде әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар. Әсіресе, бұлардың саны, Абай шығармалары қазақ сахарасына жайыла бастаған сайын молая түскен», — дейді. Оның өлеңдерін оқи отырып, одан өтірік,жалғандық табу қиынға түседі. Өлеңдерінен қазақтың ұлттық табиғатына тән шындық, адалдық мөлдіреп көз алдыңа келеді. Ұлы суреткер екендігін дәлелдей отырып Абай оны көркем бейнелеудің жаңа жолын тапты. Оның өлеңдері өзінің қарапайымдылығымен, табиғилығымен құйылып, ойға, сезімге ұялайды. Сондықтан ол қазақ әдебиетіндегі тұңғыш ұлы суреткер саналады. [10,32].
Абай қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет өз заманында халықты толғандырған қоғамдық және саяси өмір мәселелерін күн тәртібіне қойды. Ұлы ақын қазақ қоғамының қайшылық жақтарын, замандастарының алауыздығын, берекесіздігін, патшаның отаршылдық саясаты қоздырып отырған рулық тартыстардың ел бірлігіне келтірген зиянын қатты сынай отырып, еңбекші елге іш тартып, халықты озық мәдениетке сүйреді. Ол халықтардың оңашаланып өмір сүретін дәурені өткенін, ендігі жерде ел болудың кепілі – дамыған көрші елдермен қарым-қатынас жасауда екенін айтты. Елді сол жолда бірігуге, ынтымақтастыққа шақырды. Уақыт талабын заманынан оза шауып түсіну — Абай даналығының белгісі.
Қорытынды
Абай әлемі, Абайдың рухани әлемі, ғарыш сияқты тылсым. Марс, Сатурин жұлдыздары секілді жеткізбейді, тек оны жүрекпен, тілекпен зерттейсің, Өйткені сен оқыған өлеңнің ерекше өлшемі бар. Сондықтан Абай қай заманда да, түсінікті, қай қоғамда да қажетті, қай кезеңде де қасиетті бір ғажайып өлшем. Абай ұлттық құндылықтарымыз бен мәдени мұрамызды сақтаса да, ол өткен шақтың адамы болмайды.
Абайдың күллі шығармасы мен дүниетанымының өн бойында өрнектің арқауындай болып жарыса жүріп отыратын басты идея – бұл халыққа білім беру. Абай жұрт алдына білімін салғанда, басқалар малын салған… «Білімнен мал болушы ма еді? –деп Абай жұрттың онысына таласқан», –деп жазуы оның осы білімді адамшылық қасиеттің басы деп, сол жолға бүкіл өмірін, бар күш қайратын сарп қылғандығын танудың дәлелі.Ақынның білімді елге кеңінен таратып, надандықпен рухани тозғандықпен күресуі оның әлеуметтік бағасы болғаны сөзсіз, бірақ, біздің ойымызша, ұлы ойшылдың тек қана ағарту ісінің шеңберімен шектелмегендігі хақ. Өйткені, ол ең алдымен, тек қана ағартушы емес, бірнеше ғасыр бойы туған халқының дүниеге келтірген жан сүйсіндірер жақсы қасиеттерін, менталитетін, рухани болмысын, руханилықты бойына жинақтай отырып, соны ел мен жер бірлігі, тіл, қазақ, кең байтақ территория тұтастығы үшін пайдаланған әлемдік деңгейдегі іргелі ой иесі, ұлы философ болатын.
Абайдың рухани әлемі – ерекше бір тылсым дүние, ал оның негізгі зерттеу объектісі – адам. Сол адамның эстетикалық, этикалық бет пернесі, арман мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреністерге түсірген. Олардың негізінде адам және кісілік философиясы жатыр. Оны Абай былай дейді:
…Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
«Мені» мен «менікінің» айырылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес…
Өйткені, адам мәселесі, оның дүниемен қатынасы, адамның өмірі мен тұрмысының мәні философияның, негізгі өзегін, басты проблемасын құрайды. Мәселен, бүгінгі таңда біз бастан кешіп отырған жүйелі дағдарыстың өзі де – сайып келгенде осы адамның дүниеге деген түбегейлі катынасының дағдарысы. Шығыс ойшылы ретінде Абайда қарастырылатын күрделі адам проблемасы үлкен ауқымда, яки қоғамдық, руханилық, құндылық, этикалық, эстетикалық жақтарда қаралады. Ал, бұл мәселелердің. қайсысының да бір-бірімен тығыз байланысты екендігі күмәнсіз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- Б.Ыбырайым. Ақындар аманаты: Хрестоматия-компендиум.-Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ: «Ұлағат» баспасы, 2012.-360 б.
- Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. – Алматы, «Әдебиет әлемі»,2013.-500б.
- Абай – мәңгілік поэзия. Егемен Қазақстан. №152 (29133) 10 тамыз, 7-б.
- Абай.«Қалың елім, қазағым…» Өлеңдер.– Алматы:Атамұра,2002.-224 б.
- Жүрегімнің түбінде терең бойла:(Абай туралы естеліктер). – Алматы: Жазушы, 1995. – 32 б.
- Д. Досжан. Абай айнасы. – Алматы: Қазақстан, 1994. 386-220 бб.
- Қ. Өміралиев. Абай афоризмі. – Алматы: Қазақстан, 1993. – 128 б.
- Ж. Ысмағұл. Абайдың ақындық тағылымы. – Алматы: Ғылым, 1994. – 280-326 бб.
- Абайды оқы, таңырқа… – Алматы: Ана тілі, 1993. – 192 б.
- Абай жайлы сөз = Слово об Абае / Шығыс қазақстан мәдениет басқармасы. – Өскемен, 1995. -32.