Home » Мақалалар » БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІПТІК ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІПТІК ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Таттибаева Гулжан Берликовна
Кәсіптік білім мамандығы бойынша педагогикалық  ғылымдар магистрі,
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының  аға оқытушысы,Тараз қаласы.

Шерина Ділназ Кәдірханқызы
6В01403 – «Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» мамандығының 4-курс студенті

Аңдатпа.Қазіргі Қазақстан Республикасы жанданып, еркін елге айналып, қазақ тілінің өркен жайып, қазақ мектептерінің саны мен сапасы артып жатқан шақта педагогика пәніндегі оқушыларға, студенттерге сәндік қолөнер бұйымдарын жасауға арналған білім беру жүйесі өте маңызды орын алары сөзсіз. Сондықтан да бүгінгі заман талаптарына сай келетін, жас болашақ мамандарға бағыт-бағдар беретін және қоғамда жоғарғы білімді, мәдениетті, шығармашылықпен жұмыс істеп, жас ұрпаққа сапалы білім, тәрбие беретін жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған білім жүйелерінің маңызы айтылады.

Түйінді сөздер: Көркем білім, Қазақстан, жолдар мен ізденістер, жаңа әдістемелер.

 

Кіріспе Қазақ халқының ұлттық тәлімі мен өнегесінің бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесінің негізіне айналуы – ел мүддесі, заман талабы. Қазіргі демокртиялық еліміздің азаматтары еркін ойлайтын, өз пікірін ашық, толық жеткізіп, ойын түйіндей алатын болуы керек. Білім беру жүйесінің ең басты мәселесі –білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Жалпы және кәсіптік педагогика пәнін оқып үйрену барысында болашақ мамандар келешек мамандықтарының қыр-сырын, қажетті ұғымдарын, атау сөздерді үйретудің білімдік, тәрбиелік, танымдық мәні зор. Сондықтан да педагогика пәніндегі берілген сәндік қолөнердегі оқу материалдарын терең игеру үшін біздің еңбегімізде жүйеленген түрде қазақтың қолөнер бұйымдарын жасау технологиясының оқу-тәрбие процесіндегі құралы мен ұғымдары, анықтамалары беріліп, олардың негізгі бөлімдері түсіндіріледі. Адамзат — қоғамның даму процесі. Әрбір өмірге жаңа араласқан ұрпақ өзінің ата-бабаларының қолданбалы қолөнерін өндірістік, қоғамдық, рухани тәжірибелерін игеріп, оны әрі қарай байытып, өзінен кейінгі ұрпақтарына қалдырып отырумен іске асады. Сәндік қолөнердегі өндірістер неғұрлым дамып күрделенген сайын ғылыми біліктер күрделеніп, қордаланып, осыған орай жаңа ұрпақты өмірге арнайы дайындаудың да маңызы арта түседі және арнайы ұйымдасқан тәрбиенің адамзат тәжірибесін мүдделі игерудің аса қажеттілігі туындайды. Тарих көші сан рет қазақтың алға ұмтылған талабының туын бір адым ілгері басса, екі адым кері шегеріп отырды. Міне сондықтан да біз XXІ ғасырдың кіре берісінде өзіміздің ұлттық мектебіміздің ірге тасын бекітіп, бағдарын айқындау ісімен айланыстырып жатырмыз. Қазақтың қолөнері арқылы студенттің бойындағы қабілеттілікті дамытып, олардың өсуіне жол ашу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, тудырушы, жасаушы да. Оның өзінің шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі – табиғи қажеттік. Болашақ маман иесіне сауатты бағыт берген жағдайда өзін — өзі жетілдіруге де, ал кері әсер беру кезінде өзінен- өзі жойылуға да бейім болады. Болашақ маманның өз болмысын тануға ұмтылуына көмектесіп, тереңде жатқан талап- тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімінің ең маңызды мақсаты болып табылады — деп көрсетіледі.

Негізгі бөлім Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасы жобасында. «Білім туралы» заңының 14-бабының оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру туралы бөлімі оқытудың жаңа технологияларын қабылдау үшін және оқу үрдісіне жаңа мазмұн енгізу үшін бала бақшадан, мектепте және колледж, лицейлерде білім беру бағдарламаларын даярлауды ұсынады. Педагогика;- тәрбиені, білім беруді, оқытуды зерттейтін теориялық және қолданбалы ғылымның жиынтығы; — жас ұрпақтар тәрбиесі туралы ғылым; — адам туралы ғылым; — адам дамуының әрбір жас кезеңіне сәйкес оған білім беру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, өмірге жаңа талаптармен даярлау туралы ғылым. Бұл, әрине қазіргі заман талабына сай қоғамның рухани — адамгершілік дамуын жедел шешуді қажет ететінін дәйектейді. Сондықтан бұл рухани өміріміздің жанды саласы – мектеп, оның оқу тәрбие жұмыстарында түбегейлі өзгерістер жасаудың мүмкіндіктерін мектеп кеңейтетіні сөзсіз. Демек, ғылыми дүниетамымға жаңа көзбен қарап, жас азаматтың дара тұлға ретінде қалыптасуын өркениеттік тұрғыдан бағдарлауға бет бұруымыз – заман талабымен үндес қадам. Адамның өмір сүруі мен еңбек етуіне қажетті жағдай жасау әлеуметтік, әділеттілікті, азаматтық бостандықты және баланың жан-жақты дамуы мен руханияттық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, сонымен қатар әр баланың кәсіби біліктілігі мен бейімділігін дамыту- зиялы қоғамға тән үрдістер. Қазақ бала бақшаларының тәрбие үрдісі халық педагогикасы ұлттық тәрбиеге негізделіп халқымыздың ізгі қасиеттерін баланың бойына сіңіріп, ұлттық тәрбие қалыптастыруда. «Атамекен», «Кәусар бұлақ», «Елім- ай» имандылық-эстетикалық тәрбие бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, балабақша, отбасы, мектеп аралық сабақтастықты нығайту мақсатында ең жауапты, ізгі міндеттердің бірі деп қарастырылып, арнайы жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні дарынды, шығармашылықпен жұмыс жасайтын тәрбиешілер саны көбейіп, әр тәрбиешінің өзінің авторлық, вариативтік, бағдарламалырын дайындауы, қолданбалы өнерге үйрету әдісі және жалпы сәндік қолөнерін жаңа технологиямен оқыту әдістемесі мәселесіне арналған көптеген басылымдар пайда болды. Дегенмен, олардың көпшілігі арнайы білімі жоқ педагогтардың өз тәжірибесін қорыту нәтижесінде туған немесе бұрыннан қалыптасқан әдістемелердің жалпы жинағы (синтез), сондай- ақ, тәжірибе, зерттеу арқылы бекітілмеген болжам (гипотез) деңгейінде көрініс тапқан. Iс-әрекеттік тұғыр тарихи педагогикалық және психологиялық-педагогикалық зерттеулерде нақты ғылыми әдiснамалық ұстаным ретiнде танылады.

Педагогикалық үдерістi қайта құру немесе өзгерiстер енгiзудiң алғашқы формасы — еңбек. Адамның материалдық және рухани байлықтарды жасаудағы iс-әрекеттерi еңбек барысында атқарылып, айналасын қоршаған дүниенi шығармашылықпен өзгерiске түсiредi. Табиғатты өзгерту арқылы адам өзiн де өзгертiп, өзiн дамыту субъектiсiне айналдырады. Белгiлi психолог «А.Н.Леонтьев адамзат мәдениетiнiң жетiстiктерiн игеруде — әр жаңа ұрпақ алдыңғы ұрпақтың тәжiрибесiн, қызметiн, iс-әрекетiн атқару арқылы оның жетiстiктерiн одан әрi жетiлдiредi деп есептеді.» [1:19]

Сондықтан оқушыларды өмiрге және жан-жақты iс-әрекеттерге дайындауда олардың мүмкiндiктерiн ескерiп, өмiр тiршiлiктерiне қажеттi iстерге тартып, олардың өмiрiн әлеуметтiк және адамгершiлiк тұрғыдан ұйымдастыру қажет. Ал мәдениеттану тұғыры–оқушының жеке тұлғасын зерттеп, құндылық бағдарын қалыптастыруда аксиологиялық құндылық iлiмiне сүйенiп, нақты ғылыми әдiснама ретiнде таным мен педагогикалық iс-әрекеттердi қайта құруға немесе өзгерiстер енгiзуге бағыт-бағдар бередi. Мәдениеттану тұғыры арқылы жеке тұлғаның мәдениетпен объективтiк байланысы негiзiнде оның мiнез-құлқындағы құндылықтар жүйесiн зерттейдi. Өйткенi адам мәдениет арқылы дамығандықтан сол мәдениетке жаңа элементтер енгiзуге үлес қосады. Сол себептен адам мәдениет құндылықтарының жүйесiн игерiп өзiн-өзi дамытса, екiншi жағынан, оның шығармашылықты жеке тұлға болып дамуына жағдай туады. Этнопедагогикалық тұғыр мәнi– оқушы этностың бiрiне жататын әлеуметтiк-мәдени ортада өмiр сүредi, бiлiм мен тәрбие алады. Халықтың ұлттық салт дәстүрiне, оның мәдениетiне, дiлiне, ұлттық-этникалық психологиясына, әдет дағдыларына сүйенiп, педагогикалық үдерістің жобасын жасап, жоспарлап ұйымдастырады. Әртүрлi бiлiм мекемелерiнiң ортақ мақсаты – оқушы-жастардың ұлттық мәдениетке ынта-ықыласын арттырып, оларға өзiн-өзi тәрбиелеуге жағдай туғызу болып табылады, педагог бұл ортаны жан-жақты зерттеп, әр этнос оқушыларының бiр-бiрiмен адамгершiлiк қарым-қатынас жасауына жәрдемдесiп, балаларды тәрбиелеуде ата аналардың тәрбиелiк мүмкiндiктерiн пайдаланып отыруы керек. «Ғылыми – зерттеу iзденiсiнiң қисынына сай зерттеу әдiстерiн анықтауда олардың тарихи, теориялық және практикалық әдiстер кешендерiнен құралатынын және бiлiм беру үдерісі қиын да, көп қызметі болатындығын ескерiп, орнымен қолдана бiлу керек. Осыған байланысты тарихи және педагогикалық мәселелердiң аспектiлерi мен параметрлерi жан-жақты нақты түрде анықталып алынуға тиiс». [2:51]

Қазіргі кезде кең өріс ала бастаған білім беруді ізгілендіру бағыты, ең алдымен, мәдениеттегі, рухани мұрадағы, тарихымыздағы жалпы азаматтық құндылықты бағалауға баса назар аударуды қажет етеді. Бұл орайда, әсіресе, ұлттық таным мен әлемдік биік талғамның бірлігі айқын танылатын сәндік қолөнерін оқыту әдістемесінің мәселесі өзінің өзектілігімен және өткірлігімен ерекшеленеді. Негізгі сәндік қолөнері бала мен тәрбиеші, ұстаз арасында терең байланыс орнатуға, түсіністікке, достық, қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Баланың креативті–шығармашылық мүкіндіктерін ашады. Практикалық бейнелеу сабақтары сандық түсініктен–саналы түсінікке әкеледі. Көркем шығармашылыққа тәрбиелейді. Көркем шығармашылық арқылы оқыту студенттің жеке басын, қабілеттерін, қиялын дамытады. Жан сезіміне әсер етіп рухтандырады. Болашақ мамандардың шығармашылық жұмыстардғы оқу процесіндегі алатын маңызы өте зор. Шығармашылық жұмыс – адам қызметінің жемісі, ол материалдық және рухани игіліктердің саналы жаңа көрінісі. Адам шығармашылық жұмыстармен шұғылданған кезде оның бойындағы барлық рухани күштер іске қосылады, таным, түйсік, пайымдау, оқу мен практика, мұражайлардағы, тіпті дүкендердегі көңіліне түйген ерекшеліктерді қабылдау кезінде жинақталған біліктіктері, шабыт алған шеберліктері, әсіресе қиял арқылы ойлау процесі шығармашылық жұмыстардағы іскерліктері өз нәтижесін береді. Сәндік қолөнер негізінде студенттер негізінен ағаштан, темірден, қыш бұйымдарынан, теріден ұл балалар шығармашылық жұмыстарды жасаса ал қыз балалар киізден, шым-ши, кілем тоқу (тақыр, түкті кілем, гобилен және т.б.) түрлерінен және т.б. таңдайды. Қазіргі кезде бұл шығармашылық жұмыстар тиімді әрі жаңашыл технологиялық нысандарды жасау, сол арқылы студенттердің тіпті оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, оқу мен тәрбиелеудің белгілі бір мақсатты көздеген құралы болып табылады. Студенттердің сәндік қолөнердегі шығармашлығының нәтижелері-жеке тұлғаның саналы жұмыстарының кешенді сипаты болып саналады, оны дамытудың негігі жолдары мыналар; — студенттің ойлау белсенділігі; — патриоттық тәрбиенің сауаттылығы; — сарамандық жұмыстарды орындауда білім мен іскерлікті, икемділікті шыңдауға апаратын жол; — эскиздегі міндеттерді өздігімен шеше алуы; — еңбексүйгіштік қабілетін дамыту; — өнертапқыштық қасиетін дамыту және қалыптастыру; Оқытушы әрбір студентке шығармашылық мүмкіндігінің деңгейін анықтайтын мынандай көрсеткіштер береді, олар;

І деңгей. Студенттер жасайтын шығармашылық жұмысы туралы жоба (эскиз) бойынша сызбаларға аздаған өзгерістер енгізу арқылы бұйымды дайындай алады.

ІІ деңгей. Студенттер жасайтын шығармашылық жұмысы туралы жоба (эскиз) бойынша өзінше өзгерту жасап, құрастыруды жетілдіріп, өнім жасай алады.

ІІІ деңгей. Студеттер жасайтын шығармашылық жұмысы туралы жобаның түп нұсқасын сақтай отырып, өнімді жасап әрі жетілдіре алады.

IV деңгей. Студент өз жетекшісінің ұсынысы бойынша шығармашылық жұмыстың жобасын, технологиялық процестерін өзі құрастырып, жобаны бекіткізіп өнім дайындай алады.

V деңгей. Студент өздігінен бұйым сызбаларын негіздеп, идеяларын өнер тапқыштық жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Шығармашылық оқыту түрлері; — студенттердің өз бетінше өнертапқыштық жұмыстарын ұймдастыру; — шығармашылық үйірме сабақтары; — нақтылы шығармашылық тапсырмалар беру жүйесі; — шығармашылық тапсырмаларды бітіру алындағы сарамандық оқыту; — ғылыми жетістіктер көрмесіне топпен саяхат. Сәндік қолөнер студенттерінің көркемөнер шығармашылық қабілетін қалыптастыру іс-әрекеттері мынадай бағыттарда жүргізілуі тиіс;

  1. Студенттің қолөнер бұйымын жасаудағы шығармашылық жұмысқа алғашқы кіріскен күннен бастап қызығушылығын арттыру.
  2. Студенттердің шығармашылық жұмыстарды жасауға деген ынтасы, бойындағы біліктілікті, өз ісіне деген берік сенімділікті қалыптастыру.
  3. Студенттердің жаңа ақпараттарды жинауға, олардың көздерін табуға, ғылым негіздерін өз бетінше жүйелі жинауға үйрету.
  4. Студенттердің жеке тұлғалық шығармашылық белсенділігінің көздерін ашу, одан нәр алуға баулу.
  5. Студенттің жаңа технологиялық тәсілдерді игерген сайын студент қабілетіне лайық жаңа шеберлік көкжиегіне қарай бағыттау, ізденіске жетелеу.
  6. Шығармашылық жұмыстардың жағдаяттық қиындықтарын отбасымен бірлесіп шешу (материалдар, құрал-саймандар, әлеуметтік жағдайлар, қаржы көздері, уақыт және т.б.).
  7. Шығармашылық жұмыстың не өнімнің қолданылатын бөлшектерін, не технологиялық процесін жете білу, аңғару, оны өзінше ой елегінен өткізу.
  8. Сәндік қолөнер үйірмелердің қызметінде ой бөлісу, пікір алысу, жобасын сараптау, дәлелдеу.
  9. Студенттерді сыни ойлауға үйрету, кез-келген бұйымды жетілдіру мүмкіндігі бар екенін ұғындыру, өз кәсібй білім кеңістігін, кәсіби шеберлік деңгейіне жеткізіп, өнер тапқыштық жолында өз ізденісін түпкі нәтижеге дейін апару қасиетін қалыптастыру. Студентердің жеке шығармашылық жұмыстарында ұлттық қолөнерге байланысты саналық қасиеттері, оның белгілі кәсіп саласы аймағындағы қызметінде айқындалып, белгілі жүйеде ашыла түседі. Мысалы қазақтың ұлттық зергерлік, қыш бұйымдары, музыкалық аспаптарын жасаушы, немесе оларды жөндеуші шебердің бойына тән өзіндік кәсіби қасиеттері;- тұрақтылық; — жинақылық; — іздемпаздық; — дәл анықтай білу; — білім тереңдігі хабардарлығы және т.б. Ал сәндік қолөнер мамандарына тән сапалы кәсіби қасиеттер; — шыншылдық; — әділдік; — талап ете білушілік; — адамгершілік; — ұстамдық; — қарым – қатынастық; — тіл таба білушілік және т.б. «Студенттердің шығармашылық іс- әрекетін дамыту ерекшеліктеріне өзін — өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің маңызы өте зор. Бұл тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру істері шығармашылық жұмыстағы тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсіндіруды қажет етеді. Философия ғылымында «Заңдылық» деген ұғымды «құбылыстар мен процестер расында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс» — деп түсіндіреді. Олай болса, педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарастырайық» [3:9].

Киелі салт-дәстүрлері мен өнері арқылы ғана әрбір ұлт өзінің өскелең ұрпағының келбетін көрсетеді. Ұлттық өнеріміз бен тарихымыз ұрпақты тәрбиелеуде, ұлттық сана-сезімін қалыптастыруда өте тиімді екені даусыз. Қазақстанда жас ұрпаққа өнерді оқыту және оны зерттеу мәселесі тек аздаған ғалымдар еңбектерінде қарастырылған. Сондықтан біз зерттеу жұмысымызды Қазақстанда жалпы білім беретін мектептердің «Көркем еңбек» пәнінде, дарынды, қабілетті сәндік қолөнерге деген икемдімгі бар балаларды арнайы мектептер мен интернаттарда, арнаулы және жоғарғы оқу орындарында оқыту бағдарламасын жасап оқытуды ұсынамыз. Сондай-ақ республикамызда «Сәндік қолөнер мектебі» ашылса деген пікірімізді білдіргіміз келеді. Өйткені «Музыкалық мектеп», «Бейнелеу мектебі», «Спорт мектебі» ежелден қалыптасып өз нәтижелерін көрсетіп келеді. Ал ұлттық рухымызды нығайтатын, жаңғыртатын, танытатын «Сәндік қолөнер мектебі» өкінішке орай біздің республикамызда жоқ. Соңғы кезде Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің білім мазмұны тұжырымдамасында, мектептердің төменгі сатысында бейнелеу өнерін оқыту оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мен ұлттық өнерді оқыту ерекшеліктерінің ескерілуі аса маңызды екендігі атап көрсетіледі. Осы құжатқа негізделіп, жаңа оқу бағдарламалары, оған сәйкес оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Сәндік қолөнеріне арналған көптеген балама бағдарламалар мен әдістемелік нұсқаулар, оқулықтар, дидактикалық кешендер баспадан шыға бастады. Біздің зерттеп отырған мәселеміз шығармашылық іс- әрекетті дамытуға қатысты болғандықтан «Мемлекеттің білім беру саласындағы тұжырымдамасында»: келтірілген мына мәселелерге көңіл бөлдік: «Бұл кезеңде гуманитарлық- эстетикалық бағыттағы пәндерді кеңінен енгізу өйткені осы жастағы балалар әсершіл әрі сезімтал келеді. Бала бастауыш мектепті бітірген кезде, жанындағы адамдармен ешбір қиындықсыз белсене қарым – қатынас жасауды үйренуге, алған білімін түйсініп, өмірде қолдана білуді талап ететін дағдыларды толық игеруге тиіс,»- деп атап көрсеткен. [4:23]

Зерттеу барысында болашақ мамандардың жас ерекшелігіне, өнерге деген құштарлығына байланысты «Көркем еңбек» (еңбекке баулу) пәніне қатысты мектеп бағдарламаларына шолу жасауды жоспарладық. Дегенмен, аталған оқу әдістемелік құралдарында «Көркем еңбек»» пәні бойынша көптеген мәселелер ескерілген. Мысалға, 5-7 сыныптарда балалардың жас аралық ерекшеліктеріне аса мән берілмесе де тапсырмалардың күрделілігі, сонымен қатар балаларды шығармашылық іс — әрекетін қалыптастыру сияқты мәселелерге аса көңіл бөлінгенін атауға болады. Соңғы жылдары республикамызда көркемөнер мектептерімен, музыка мектептері көптен ашылды. Бұл арнайы мектептерде де оқушының қабілеттеріне, бойындағы дарынына, ынтасына, қызығушылығына лайықтанып жасалған арнайы бағдарламалар мол. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда, бұл мектептерде пәндер көбірек, олардың балалар бойындағы қабілеттерін ашуға, дамытуға мүмкіндіктері мол. Десекте, бұл мектептер тәжірбиесінде өз мақсаттары мен міндеттерін дұрыс құрылмауы және оларға лайықты ғылыми- педагогикалық негіздің болмауынан, жіберіліп отырған кемшіліктер бар екенін айта кеткен жөн. Бастауыш мектептердің «Көркем еңбек» пәні бойынша бағдарламаларда оқушылардың шығармашылық іс әрекетін қалыптастыру мәселесі жайлы ешнәрсе айтылмаған, сондықтан оқу құралдарында да бұл мәселе ескерілмеген l5:10l.

Қорытынды Нәтижесінде осыдан қолөнерге деген қабілеті бар дарынды балаларға ауылды жерде мектеп – интернат, ал қалалық жерде жеке арнаулы мектептер ашылса балаларда қолөнерге деген құштарлықпен қоса білім – білік шығармашылық іс — әрекеттерің, еңбек және патриоттық тәрбиенің қалыптасуына себеп болар еді. Қазіргі кезде бастауыш сыныпта «Көркем еңбек» пәнінен алған білім дәрежесін жоғары сыныпта көрсете алмайды дегенге жауап іздеп қарасақ, негізгі кемшіліктері, біздің пайымдауымызша, төмендегіше қорытынды жасауға мүмкіндік береді, олар; — оқушы білімін бағалау, бағындыру, талап етуге негізделген. — бастауыш сыныпта технологияның әдіс — тәсілдерімен жұмыс істемегендіктен, оқушының сөздік қоры қажетті мөлшерде қалыптаспауы. — оқушыға технологияда тиянақты жетекшіліктің жетіспеуінен оның бұл пәннен білім қоры қажетті мөлшерде қалыптаспайды. — оқушыны жай бұйым жасауды бағыт тұтып, шығармашылық қабілетін ояту қарастырылмаған. — оқушының ойлау қабілетін арттыратын, іс – әрекетке икемді ететін технология (сәндік қолөнері) пәнін барлық шәкірттің толық игеруі қарастырылмаған. — ұлттық бұйымдарды жасау ісінде тәрбие берудің берік іргетасы технология екені ескеріле бермейді. — Бірнеше сыныпта оқушының қабілеті технология пәнінде толық зерттеліп, оның қалыптасу, өсуі картасы ғылыми негізделмегендіктен білім беру ісі жалпылама бағытта жүргізіледі. — Мұғалім мен оқушы арасындағы күйзелісті  барынша азайту, тіпті болдырмауға бағытталған іс- әрекет қарастырылмаған. Енді аса маңызды деген кемшіліктерді айқындағаннан кейін оларды біржола жою мүмкіндігін қарастырып көрейік. Білгенін қайта орындап беру шәкірттің ішкі қасиетін ашпайды. Шығармашылық ой туындау үшін диалог керек. Әңгімелесу, сұрақ қою, сұрақ қоя білу, тақырып, тақырып оқушы, сұрақ қою — тақырып мұғалім т.б. болып сан-алуан түрленіп тұруы тиіс. Мұны ата-бабамыз көру, теру, түю деп аттастырып, соған байланысты «көп көргеннен сұрама, көп тергеннен сұра, көп тергеннен сұрама, көп түйгеннен сұра» деп мәселені жеріне жеткізген. [6:99]». Ата-баба түсінігі тұрғысынан бағаласақ, түсінгенін айту көруге саяды, сұрақ қою теруге саяды, ой қозғау қайталана берсе, өзінен — өзі түю басталады да шәкірттің дүниетанымы кеңи бастайды. Біздің ойымызша, негізгі мақсат осы болуы тиіс. [7:151].

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Адамқұлов Н.М. Өнімді еңбек. Талдықорған, 1997, Б.5, 18.
  2. Адамқұлов Н.М., Әльмағанбетова Д. т.б. «Технология». Жалпы білім беретін мектептің 9-сынып мұғалімдеріне арналған.оқулығы Алматы, 2001,
  3. Адамқұлов Н.М., Құтпанбаев А. т.б.,Технология. 9-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулар. Алматы, 2001.
  4. Успенский М.И. О подготовке народных учителей. Санк-Петербург, 1990. 5. Сент-Илер К.К. Ручной труд как общеобразовательный предмет обучения. СанкПетербург, 1906, 231 б.
  5. Роман П. Содержание технических и педагогических предметов в процессе подготовки учителей политехнического образования//Современная высшая школа, М, 1988.
  6. Пальмген Н.Е. О педагогическом значении ручного труда. Стокгольм, Санк-Петербург, 1884

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.