Таттибаева Гулжан Берликовна
Кәсіптік білім мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі,
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің
«Музыка және көркемдік білім» кафедрасының аға оқытушысы,Тараз қаласы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам — Адал еңбек -Адал табыс» атты үшінші отырысында «Мәдениет. Өнер. Руханият» бөлімі бойынша, сөйлеген сөзінде 15 наурыз 2024 жылы.
Қазақстанды «Таңбалы тастар мекені» деп бекер айтпайды. Ешкіөлмес жотасы-Еуразия құрлығындағы петроглифі ең көп жердің бірі. Арпаөзен, Құлжабасы, Сауысқандық сайларында көптеген тарихи сурет сақталған. Бұл жәдігерлер-Дала өркениетінің сан мың жылдық шежіресі. Соңғы жылдары құрылысқа қажет деген желеумен кейбір жәдігерлеріміз бүлініп жатыр. Біз теңдессіз тарихи нысандарымызды жоюға жол бермей, мұқият қорғауымыз керек деп баса айтты.
Көне дәуірден келе жатқан Таңбалы тас жазуында ғасырлар бойы Қазақстан өлкесін қоныстанған тайпалардың тасқа жазып түсірген мыңдаған танбалары және ел басқарушылардың қол қойған аттары, ұрандар, тасқа қиып түсірген əдемі өрнектер, таңбалар көптеп кездеседі. Сол кездегі тастағы бейнелеу өнерінің шеберлерінің қызметін бүгінгі таңда көркем өнер саласының мамандары кәсіптік оқыту,бейнелеу өнері,көркем еңбек пәні мұғалімдері балабақша,мектеп,ЖОО-да жалғастыруда.Ұрпағымыздың өнерге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру ұрпақтар сабақтастығын жалғау тікелей көркем өнер мамандарына байланысты.
«Мәдениет. Өнер. Руханият» алаңында айтылған айшықты ойларды қолдау мақсатында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті КЕ АҚ «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті айлығының аясында «Музыка және көркемдік білім» кафедрасы оқытушылар құрамы мен Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Көркем сурет галерея» залында «Көркем шығармашылық өнер» студенттік ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне және М.Х. Дулатидың 525 жылдығына орай облыстық көрме ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: жас ұрпақты,оқушыларды көркем шығармашылыққа баулу арқылы, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бар мүмкіндіктерді ашу. Көркем өнер саласындағы дарынды талапкерлерді анықтау.
Көрмеде визуалды өнер жанрлары мен сәндік қолданбалы өнер түрлері қамтылған.
«Музыка және көркемдік білім» кафедрасы үш білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды: 1) 6В01403-«Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы.
2) 6В01408 -«Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы «Тігін бұйымдарын конструкциялау және моделдеу» және «Сәндік қолданбалы өнер» салалары бойынша.
3) 6В01402-«Музыкалық мұғалімдерді оқыту» білім беру бағдарламасы.
«Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау», «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы студенттері педагогикалық шеберлік әдістеме дәрістерімен қатар,Сызу, Композиция, Академиялық сурет, Визуальды өнер, Сәндік қолданбалы өнер, Дизайн және технология, Тамақтану мәдениеті, Үй мәдениеті мазмұнында жан-жақты білім алады.
«Музыка мұғалімдерін оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер «Музыканы оқыту әдістемесі», түрлі аспапта ойнау әдістемесі «Домбыра», «Баян-аккордеон», «Фортепиано», «Музыкант маманның шығармашылық дамуы» т.б. пән мазмұнында машықтанады.
«Музыка және көркемдік өнер» кафедрасының профессор оқытушылыр құрамы көркем-рухани-мәдени құндылықтар түрлерін әдеби фольклор, музыкалық фольклор,кәсіптік сала, бейнелеу өнері, қолөнерді болашақ педагогтарымызға игерте,үйрете отырып ұлттық сана-сезімі оянған, қоғамдық байлықты еселей түсуде нарықтық экономика қағидаларына бейімделе отырып, ұлттық руханият пен мәдениет құндылықтарын кеңінен пайдалана алатын, қазақ халқының дәстүрлі фольклорына, еңбегіне бейімделген, белсенді, іскер, бәсекелік, қабілеттілік, шығармашылық қасиеттерге дағдыланған «сегіз қырлы, бір сырлы» жеке тұлғаны, ұлттық рухымызды асқақтататын мамандарды қалыптастыру басты мақсаты.
Өнер мен кәсіпті ұштастырып болашақ мектеп,колледж мұғалімдерін өнерге, кәсіпке баули отырып атадан мирас болып қалған ән-күйімізді, сәндік қолданбалы қолөнерімізді дәстүрлі технологиямен қатар жаңа инновациялық технологиямен игертіп, көркем еңбек мазмұнын «ата-кәсіп», «әже-кәсіп», «ананың кәсібі», «әкенің кәсібі», «ұлдың кәсібі», «қыздың кәсібі», «келіннің кәсібі» болып бөлінетін еңбек түрлерін , ұлттық рухани мәдени құндылықтарымызды болашақ ұстаздарымызға игерте отырып дәстүрлер сабақтастығы, ұрпақтар жалғастығын сақтап білім берудеміз.
Қазақ халқының тәрбие жүйесі мазмұнында, болашақ ұрпағын өнер арқылы сұлулыққа, әсемдікке баулу, ата-ана, ата-әже, жалпы елдің мұраты болғаны сөзсіз.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті өз тарихында халықтық фольклор, сәндік-қолданбалы өнерді сақтауға және дамытуға, оларды кәсіби қызмет шеңберінде кеңінен танымал етіп таратуға қабілетті бейнелеу өнері және музыка саласынан жоғары білікті мамандарды даярлауда көшбасшы университеттердің қатарында.
Болашақ «Кәсіптік оқыту», «Көркем еңбек және сызу», «Музыка», пәні ұстаздары өскелең ұрпақты халықтық педогогика көркем өнер құралдарымен ұлтымыздың ән-күйін шырқауға, еңбекке, ісмерлікке, кәсіпке баулып мемлекетіміздің іргетасын экономикасын заман талабынан қалмай дамытуға өсуге өркендетуге қосатын үлестері зор деген сенімдеміз.
Атақты композитор, кәсіпкер,дарынды шебер, суретші болу үшін білім мен дағдыны меңгеруіне интеллектуалдық, тұлғалық, этикалық дамуын, өзіндік, кәсіптік айқындалуын, қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етуге
«Музыка және көркемдік білім» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы жас талапкерлерге зор мүмкіндік береді.
Халқымыз маңдай терін төгіп еңбек еткен сахна, ұстахана дүкенің, шеберханасын қастерлеп қасиет тұтқан «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының құрамы белгілі ғалымдардан,әнші, күйші,суретшілерден құралған: кафедра меңгерушісі Phd докторы., қауым.профессор Кошкинбаева Нұргүл Рыспаевна,т.ғ.д., профессор Мульдеков Имаш Оспанқұлұлы, ҚР мәдениет саласының үздігі Рахымжанов Муратжон Дадаевич , ҚР Суретшілер Одағының мүшесі профессор Паншаев Мухамет-Умар Сализович. п.ғ.к., қауым.профессор Медетбек Абдирасилов, Қазақ музыкасының «Алтын қорына» енген «Көне Тараз» күйінің авторы,композитор,доцент Аман Малдыбаев,(«Ғаламат», «Мұңды саз», «Шоқай датқа», «Мұңлы тамшылар» және тағы басқа күйлердің, сондай-ақ, «Шырайлым», «Жалын кешкен», «Жастар маршы», «Наз сезім», «Аққу әні» секілді әндердің авторы).
Аға оқытушы Сейсенби Бейсеуов, доцент Кулмамбетов Балкыбек Кадиралиевич, аға оқытушы Апсаматова Римма Дуйсековна, «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ шығармашылық бірлестігің «Мәдениет майталманы» медалінің иегері аға оқытушы Жантаев Саулебек Алимбаевич, аға оқытушы Жантаева Маржан Кумисбековна, т.ғ.к.,қауым.профессор Джаскиленова Айнұр Ермековна, қауымдас.профессор доцент., Рысметов Ержан Ходжабергенович, ҚР Мәдениет саласының үздігі п.ғ.м., Макашова Айгүл Ынтымаққызы.,п.ғ.м., аға оқытушы Курмантаева Сулугул Жайлауовна, п.ғ.м., аға оқытушы Абдикеримова Перизат Жорабековна, аға оқытушы Ділтан Мақсат Мадиярханұлы, аға оқытушы Ахметов Серик Турсынович, оқытушы Рысжанова Жанар Манатбековна,оқытушы Бейшен Ақжол,зертхана меңгерушісі Казыбаева Марияш Шаменовна, тігінші технолог Имашева Гульмира Шамшибековна, лаборант Рысметов Руслан Хожабергенович, Кемалова Эльмира Сагадилдиновна, оқу шеберлері Джаланашева Талшын Зарлыковна, Керимбеков Серик Маркабаевич болашақ ұстаздарымызбен мамандарды даярлауда жемісті еңбек етуде.
Қорытындылай келе, «Музыка және көркемдік білім» кафедрасы ұжымы, қоғамдық сананың көркемдік ойлауын ұштайтын көркем өнер мамандарын,болашақ ұстаздарды ата-бабаларымыздан қалған мұра, ауыз әдебиетінің және көркем өнердің сан-алуан жанрларымен, күмбірлеген күйімен, асқақтата салған сазды әнімен, айшықты да әсем бейнелеу өнері жанрларымен, сәндік-қолөнерімен, болашақ ұстаздарымыздың рухани жандүниесінің байлығын, асқақ арманын келер ұрпағының зердесіне жеткізіп, санасына ұялататындай білім көкжиегінде бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Сапалы білім мен тәрбиені ұштастыра білген оқу орнымыздың жетістігі бұнымен тоқтап қалмайды. Алда жаңа бағдарламаларды қолға алу жоспарлануда. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті өңірдегі маман тапшылығын ғана шешіп қоймай , елдегі білім беру мекемелерімен ,өндірістерін білікті де креативті кадрлармен қамтамасыз етуде. Білімді,мықты маман боламын деген арман мақсаттарыңызды Дулати университеті шындыққа айналдыруға әр уақытта дайын !!!
Сапалы білім саналы ұрпақ кепілі.
Тамаша. Керемет іс шара екен.