Алимбекова Айнур Батырбековна,
Алматы қаласы, Алатау ауданы
КМҚК 37 бөбекжай-балабақша
меңгерушісі
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «№ 37 бөбекжай-балабақша ұжымы мен ата-аналары бірігіп сенбілікке қатысты.
Алматы қаласы білім басқарамасына қарасты «№ 37 Бөбекжай- балабақша» ұжымы тазалық жұмыстарын жиі атқарып тұрады. Бұл жолғы сенбілікте балабақша ауласын қоқыстан тазартып бірнеше түп ағаш отырғызды. Балабақша аумағындағы гүлдерге күтім жасады. Сонымен қатар олар, өзара жиі сенбілікке қатысып тұруға уағдаласты.
Жалпы таза Қазақстан акциясы 8 Сәуірден бастау алған болатын. 5аптаға созылған науқанда қаланы тазартып көркейту мақсатында көптеген жұмыстар жасалды. Бірінші апта «Таза өлке» деп аталса, «Өнегелі ұрпақ» аталған апта 4-ші Мамырға дейін жалғаспақ. Акцияға еліміздің барлық өңірлері атсалысуда. Алматы қаласы бойынша «Алматы біздің ортақ -үйіміз» науқанының мақсаты; қала тұрғындары арасында мәдениет деңгейін арттыру.
Осы акция шеңберінде бірнеше балабақша, мектеп, оқу орындар мекемелер тазарту, гүлдену жолында көптеген жұмыстар жасады.
-Жасап жатқан жұмысымыз,-өскелең ұрпаққа өнегелі іс деп ойлаймын. Балаларымыздың өмір сұріп жүрген үйі балабақша. Ендеше бұл жерде тазалық та әсемдік те болуы керек. Бүгін біраз тазалық жұмысын жүргізіп, тал отырғызып, гүлдерді баптадық. Ағаштардың түптерін ақтадық мұның бәрі балалрымыз үшін өзіміз үшін дейді ата-ана.
Шынымен еңбектеніп жатқан ата-анасының қасында жүрген кішкентай бүлдіршін үлкендерге қарап сүйсініп қояды, бірге қайталап жұмыс жасамақ болады. Еңбекке баулу деген осы шығар сірә.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бір күндік сенбілікпен айлық жұмыспен шектелмейді. Одан әрі де жалғаса бермек. Бізде ешқашан қоршаған ортаны қорғпудан қашпақ емеспіз.