Home » Мақалалар » «Бір шаңырақ астында бірлігіміз жарасқан»

«Бір шаңырақ астында бірлігіміз жарасқан»

Алматы қаласы
Алатау ауданы
КМҚК 37 бөбекжай-балабақша меңгерушісі
Алимбекова Айнур Батырбековна

Алматы қаласы Білім басқарамасына қарасты «№ 37» Бөбекжай-балабақшасында 1 мамыр Қазақстан халқының достық күніне орай «Бір шаңырақ астында бірлігіміз жарасқан» тақырыбында іс-шара өтті.
Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер ортаға ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар сайыс ұйымдастырыпты. Қазақтың салт дәстүрін насихаттап, әр ұлттың өмір салтын көрсету. Бүлдіршіндер де Қазақы дәстүрден хабардар болып шықты. Кішкентайынан қазақы тәлім тірбиені бойына сіңіргені олар сал-дәстүр, әдет ғұрыпты түбегейлі меңгергендей. Бұл жерде, әр күні әр нәрсені балаларға үйретуге тырысып жататын тәрбиешілердің, ұжымның жасап жатқан еңбегі ұшан теңіз дерсің.
Сайыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүрері сөзсіз. Бұл жолы да бірнеше топ оқ бойы оза шауып жүлделі болыды. Атап айтқанда салт-дәстүрді жетік меңгерген, Қазақ халқының дәстүрімен тыныс тіршілігін жан-жақты сипаттап жоғарғы деңгейде көрсете білген кіші топ балаларынан құралған «Жалын» тобы Бас жүлдені иеленді.
Грузин халқының салты мен өнерін насихаттай білген ересек «Дарын» тобының балалары 1 орынға ие болды. Шығыс елі, Корей Жапон елдерінің де мәдениеті мен өмір салты қалыс қалмапты. Бүлдіршіндер олардың да салтын, дәстүрін, өмір тынысын зерттепті. «Бәйтерек» және «Нұр» топтары екінші орын алды. Сонымен қатар, Орыс және Өзбек халқының өнері мен өмірінің ерекшеліктерін талқылап, көрерменге жеткізе білген «Алау» және «Жасұлан» топтары үшінші орын иегері атанды.
1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі мерекесі жыл сайын өз деңгейінде аталып өтіліп келеді. Оның ішінде мектепке дейінгі мекемелер, балабақшалар қалыс қалмақ емеспіз. Тәрбелеп жатқан еліміздің ертеңі болашағымыз білімпаз болса екен дейміз. Білім мен тәрбиені бойларына сіңіру басты міндетіміз. Олай болса ұрпағымыздың біршаңырақ астында бірнеше ұлтпен ұлыс тату-тәтті бейбітшілікпен ынтымақта өмір сұруін тілейік.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.