Home » Мақалалар » Жарқыра, жаса, жас маман!

Жарқыра, жаса, жас маман!

Ұстаз — ұлық емес, ұлы қызмет.
Б.Момышұлы

       Қазіргі таңда еңбек жолын алғаш бастаған әрбір педагог жан-жақты «Ұстаз» деген атқа лайықты болуы үшін міндетті түрде өзі таңдаған мамандығының негізгі ұғымдарын біліп, педагогикалық әдеп қағидаттарын сақтап, жауапкершілік талаптарын тереңінен түсіне білуі шарт. Педагог тиісті нормативті құқықтық актілерді білумен қатар, қарапайым адамгершілік яғни, кәсіпке, қоғамға деген қарым-қатынас, тәртіпті болу, өзіне және балаларға сеніммен қарау, эмоционалдық байсалдылық, әдептілік, ұжымдағы әріптестермен жақсы қарым-қатынас орнату, әділ болу, балалардың бәрінің бірдей екендігін мойындау, өз мінез-құлықтарына баға беру, өзін-өзі сынау, үзбей жетілдіру қағидаттарын естен шығармау керек. Жаңадан қадам басқан жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету маңызды.

     Осы орайда Алматы қаласы, Түрксіб ауданы №203 жалпы білім беретін мектепте жас мамандардың қатысуымен «Өз жұлдызыңды жақ!» тақырыбында байқау өтті.

        Байқауға мектебімізден жас мамандар арасынан бастауыш сынып мұғалімі Бакимбаева Альфия Кальяскаровна қатысып, жүлделі III орынды иеленді.

        Байқау ережеге сай төрт кезеңнен тұрды.

I кезең — «Мамандықтағы алғашқы қадамым» тақырыбында эссе.
II кезең — «Менің педагогикикалық тұжырымдамам».
III кезең — » Менің алғашқы сабағым «.
IV кезең — «Менің тәрбие сағатым». Әр кезеңде жас мамандар өздерінің білімі мен біліктілігін, шығармашылығын, инновациялық идеяларын паш етті.

Байқауда әр кезең жеңімпаздарын қазы мүшелері жинаған ұпайымен айқындады.

Үздіксіз жүзеге асатын жас маман-тәлімгер жүйесі үнемі жалғасатын    педагогикалық  үдеріс.   Мектебімізде жас ұстаздарды жаңа қырларынан танып, шеберліктерін шыңдау мақсатында түрлі   шаралар ұйымдастыру әлі жалғасын  табары анық.

Бүгінгі жас ұрпақ — еліміздің ертеңі. Сондықтан бәсекеге қабілетті, білімді де білікті маман даярлау мәселесі басым бағыттардың бірі.

Ғылым мен техника да­мыған, өнер-білім саласын­да тың жаңалықтар аса қарқынды үр­діс­пен ашылып жатқан жаһандану заманында тұғыры биік тәуелсіз еліміздің тұтқасын ұстар білімді жастарымыз көп болғай!

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы
«№203 жалпы білім беретін» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Филология магистрі
Педагог-зерттеуші
Тулегенова Сания Батырбековна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.