Алматы қаласы,
Алатау ауданы
№152 мектеп-гимназиясы
Еліміздің барлық өңірлерінде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шаралар өткізіледі, бұл дегеніміз – олардың бір шаңырақ астында тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақтастықта өмір сүріп жатқандағының анық айғағы. Атаулы мерекеде Алматы қаласы,Алатау ауданы №152 мектеп-гимназиясында оқушылар арасында « Қазақстан-бірлік пен татулықтың мекені» тақырыбында әр түрлі ұлт өкілдерінің киім үлгілері мен салт дәстүрі, қолөнері таныстырылып, мереке ән бимен жалғасын тапты. Мектебіміздің суретшілері «Біз бейбітшілікті сүйеміз!» тақырыбында сурет салып, мерекені әрлендіре түсті.Шараға 500 жуық оқушы қатысты.Шараға «Ұлжан» мөлтек ауданының ардагерлері мен ата-аналар қатысып, «Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік,» деп балаларға тілектерін айтып,батасын берді. Қазақстан –біздің ортақ үйіміз.