Home » Білім және өнер » Жамбыл мектебінің жаңалығы

Жамбыл мектебінің жаңалығы

№ 26 Жамбыл Жабаев атындағы мектеп – гимназиясында 2019 жылдың  ақпан айының  2-нен 12-не дейінгі аралықта  «Өзін-өзі тану» пәні бойынша бірнеше жұмыстар ұйымдастырылды.

Мектебімізде «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында онкүндіктің жоспары құрылды. Сонымен қатар  Балаларды адамгершілік-рухани дамытуға арналған «Өзін-өзі тану» онкүндігі өтті.
Ақпанның 1 -де мектебімізде оқушыларға тәлім тәрбиесі мол онкүндікті мектеп директоры Налиханова Калия Үсіпханқызы салтанатты  түрде  ашты. Салтанатты линейкада  балалар  бейбітшілік, махаббат туралы өлеңдер оқыды, мейірімділік, махаббат, достық туралы әндер айтты. Онкүндіктің ашылуында осындай құндылықтар аталып көрсетілді:

  1. Ақиқат (ойдағы, сөздегі, әрекеттегі шындық)
  2. Әділ қылық (әділ қылық, ой, сөз, әрекет бірлігі)
  3. Тыныштық (ішкі сабырлық)
  4. Махаббат (барлық тірі жандарға)
  5. Күш қолданбау (ой, сөздер, әрекеттермен зияндық келтірмеу).

Жалпы адамгершілік құндылықтар әр адамға тиесілі, ол онымен бірге туады, оны айқындай және сезіне білу қажет. Жалпы адамгершілік құндылықты үйретіп қажет емес, оларды айқындау жолымен балалардан шығару қажет.  Бұл әр мұғалімнің ең басты мақсаты болып табылады – әр оқушының жан дүниесінен осы құндылықтарды шығару, ояту.

Ашылу салтанаттан кейін мектеп  кітапханасында өзін — өзі тану мұғалімі Л.Жоланова 2 сынып оқушыларын  С.А.Назарбаеваның қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог гуманистердің шығармаларының көрмесі ұйымдастырылды.

Ақпанның екінші күні 1-3  сыныптарда «Алтын жүрек анамыз» атты мәтінді мәнерлеп оқу байқаулары өткізілді. Балалар байқауларға жақсы дайындалды.Конкурс жеңімпаздары грамоталармен марапатталды.

Ақпанның төртінші күні 10  сыныптардың оқушыларымен «Ізгілік адамның басты рухани адамгершілік құндылығы»  атты пікірталас өткізілді.Онда балалар екі топқа бөлініп өз пікірлерімен алмасып, өздерінің сенімдерін дәлелдеді.

Мектебімізде апта соңына дейін «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты тақырыпта ана, мейірім, бейбітшілік және достық шығармашылық көрмелері ұйымдастырылып,  «Әдептен озбайық», «Еңбекқорлық пен еріншектік», «Дос болуды үйренеміз», «Ұжымдағы қарым — қатынас», «Адам жанының сұлулығы», «Өз мұратына жету» және т.б. тақырыптар бойынша бірыңғай өзін-өзі тану сабақтары өткізілді.

Өзін — өзі тану мұғалімі А. Муздыбаеваның «Адам жанының сұлулығы»  атты театрланған қойылымдарды 5-8 сыныптар арасында ұйымдастырып өткізді. Бұл қойылымның мақсаты оқушыларға ішкі сұлулықты түсіндіре отырып, ізгілік қасиетіне тәрбиелеу. Барлық сынып оқушылары өздеріне берілген тапсырма бойынша кейіпкерлерді жақсы сомдай білді. Қойылым соңында барлық сыныптар марапатталды.

Өзін — өзі тану пәнінің мұғалімі А.Қалдыбаева 8-сыныптармен «Ұлы даланың жеті қыры атты» топсеруен ұйымдастырып, оқушыларды қаламыздың мұражайлары мен саябақтарға апарып, ол жердегі тарихи көне заттар мен ұлы тұлғалардың  өмірімен таныстырып кайтты. Мақсаты: оқушыларды туған жерін, елін сүюге және адамгершілік,мейірімділікке, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.
Онкүндік барысында әлеуметтік төмен отбасылар және мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» атты  қайырымдылық акциясы  жарияланды.

Акция аясында балалар үйден оқитын балаларды аралады, сыныптастары өздерінің махаббаттары мен қамқорлықтарын сыйлады, олар осы өмірде жалғыз емес екендігін сезінді.

«Жадыра, жас дәурен» мерекелік концертпен онкүндік аяқталды. Бұл концертте балалар әнді жанды дауыспен орындады. Іс-шара барысында жеңімпаздарға грамоталар, алғыс хаттар  табыс етілді.

«Өзін-өзі тану» онкүндігінің қорытындысы бойынша оқушылар осы пән өте маңызды екенін, өзіңді балалық кезден тану керек екенін және ересек өмірге қадам жасау жеңіл болатынын түсінді.

 

Муздыбаева Алуа Шаймерденқызы
Шымкент қаласы, №26 Жамбыл  атындағы мектеп – гимназиясының
«Өзін-өзі тану» пән  мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.