«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» — дегендей Ешмуханова Ақмарал Аманжолқызы жоғары білімді, білікті маман. Мемлекетіміздің өркендеу жолында көп жылдар бойы әдіскерлік қызметті атқарып келеді. Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық қаласында 1978 жылы дүниеге келген. Қазіргі таңда Целиноград ауданы білім бөлімінің «Алтын дән» балабақшасы МКҚК әдіскері қызметін атқарып келеді. Әдіскер Ақмарал Аманжолқызы Педагогтармен, балалармен жұмыс жасау, балалардың қуанышымен күлкісінен нәр алу жолында көп еңбектеніп келеді. Ғұлама ұстаз Әл — Фараби айтқандай «Білім берме, тәрбие бер» — деген екен «Тәрбие – өмірдің өзекті мәселесі» екенін есімізге сала отырып, біз өз — өзімізді ізгілікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелесең ғана, баланы дұрыс баулығаның! Сонда ғана біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз деген ұстамы бар біздің әдіскеріміздің. Балабақшаның әрбір күнін қызықты да тартымды, мәнді де мағыналы өткізуді жоспарлаған Ақмарал Аманжолқызының мақсаты – бала тағдырына жауапты екенін тәрбиеші естен шығармау. Сол себептен өз ісін балабақшамыздағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына бағыт бағдар беріп қолынан келгенше көмектесуге тырысып келеді. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа технологияларды дамыта отырып балалардың тілін дамытудың тиімді жолдарын қарастыру мақсатында балабақша педагогтарына жаңа технологияларды меңгерту болғандықтан Ақмарал Аманжолқызының әдістемелік қызметінің жетістігі педагогтардың өзін — өзін тануға ықпал жасауы. Әрбір педагог маман шеберлігін, шығармашылығын, талантын жаңғыртып, өз ісінің шебері атанса мен үшін үлкен мәртебе деп күнделікті айтып отырады. Балабақша тәрбиешілері барлық балабақшалар секілді келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне барынша қызмет етуде. Ашылғанына төрт жыл бола тұра, аз уақыт ішінде көптеген жетістікке жеттік, Ақмарал Аманжолқызымен бірлесіп әдістемелік жинақтар шығардық, әлі де талай тәжірибе жинап еңбектенеміз.
Көптеген жылдар ерен еңбегін тап көрсететін болсақ:
2013ж. «Білім беру мекемелері мұғалімдерінің кәсіби қызметінің инновациялық моделі», облыстық семинарда «Мектепке дейінгі тұлғаның психологиялық-педагогикалық үрдісін әлеуметтік бейімдеу» тақырыбында баяндама жасады 2015ж. «Дене тәрбиесі бойынша мектепке дейінгі жастағы балалармен ұйымдастырылған жұмыс түрлері» Обл.семинарда көрме ұйымдастырды.
2013ж.Обл. «Білім беру деңгейі бойынша оқушылардың математикалық сауаттылығының ғылыми-әдіснамалық негіздері» жинағына «Мектеп жасына дейінгі балаларды қарапайым математикалық ойлауды қалыптастыру» тақырыбында мақаласы басылып шықты. 2013ж. Обл. тамыз конференциясының мақалалар жинағына «Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін
арттыруда АКТ қолдану» тақырыбында мақаласы шықты. 2014ж. Республикалық журнал «Білім көшбасшысы»№1 «Мектепке дейінгі жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық үрдісін әлеуметтік бейімдеу» тақырыбында мақаласы шықты. 2014ж. Республикалық журнал «Білім көшбасшысы»№1 «Мектепке дейінгі жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық үрдісін әлеуметтік бейімдеу» тақырыбында мақаласы шықты.
2014ж. Республикалық 45 minut.kz. интернет ресурсына «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ойынның ролі» атты мақаласы жарық көрді.
2014ж. Қалалық білім бөлімі «Начало всех начал» сертификатына ие болды.
2014ж. Халықаралық Экология және Инженерия Ғылым Академиясы «Мир логики» грамота алды.
2016ж. Аудандық семинар «Баланың тілін дамытуда ертегінің рөлі» презентация жасады
2016ж. Республикалық «Педагогтардың БАҚ-пен жұмыс жасауы» атты тренингінен өткені үшін сертификат берілді.
2016ж. Түгел Медиа ақпараттық танымдық № 15/15 қазан айындағы қоғамдық газетіне мақаласы шықты.
2017ж. Edulife.kz әдістемелік сайты сертификатпен марапатталды.
2017ж. Bilim all.kz алғыс хат,сертификат берілді.
2017ж. Республикалық білім ғылым ақпараттық порталы «Ұлағатты ұстаз» -дипломмен марапатталды.
2017ж. Республикалық ғылыми педагогикалық әдістемелік журнал «Маман» 10/05/2017 «Балабақшада сауықтыру шараларының ұйымдастырылуы»мақала жарық көрді
2017ж. Республикалық ғылыми педагогикалық әдістемелік журнал «Маман» 01/03/2017 «Ата-аналармен жүргізілген жұмыс түрлері» мақала жарық көрді
2017ж. Республикалық «Мәртебелі мамандық» журналына «В.В.Воскобович технологиясының тиімділігі» атты мақаласы басылымға шықты.
2018ж. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияматериалдары «Білім- ғылым- инновация: ұлттық жаңғырулар мен интеграциялық үрдістер басылымында «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық технологиялар қолдану маңыздылығы» тақырыбында мақаласы жарық көрді.
2019 ж. «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту» атты аудандық семинарда және облыстық әдістемелік күнге қатысты.
Әдістемелік жинақ:
2014ж.Ақтөбе облысының ғылыми-тәжірибелік орталығының басшылығымен «Балабақша тәрбиешілеріне арналған көмек ретіндегі құралы» атты кітапшасы шықты
2017ж. «Бүлдіршіндерге қызықты бағдарлама» әдістемелік құралы шықты.
2018ж. «Ертегілер елінде» әдістемелік құралы шықты.
Марапаттары:
2016ж. Қосшы ауылдық округінің алғыс хатыны ие болды
2017ж.Целиноград аудандық білім бөлімінің басшысының Құрмет грамотасы
2018ж.Целиноград аудандық білім бөлімінің басшысының Құрмет грамотасы
2018ж. «Martebe.kz» ақпараттық білім порталының Алғыс хаты.
2019ж. Целиноград аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты
2019 ж. Интолимп республикалық дарынды оқушылар порталы, әдістемелік орталығының алғыс хаты.
2016ж. Халықаралық «Пони» байқауы дипломы
2014ж. Ақтөбе облысының білім басқармасы «Ақтөбе Дарын» өңірлік ғылыми білім беру орталығы облыстық «Үздік педагогикалық жаңалық» байқауы- мақтау қағазы
2016ж. Республикалық «Нұрсұлтан» әдістемелік кеңес беру білім орталығы «Алғыс хат»
2017ж. Республикалық білім ғылым ақпараттық порталы алғыс хат «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.
Сөзімді қорыта айтқанда балабақша кішкентай бүлдіршіндеріміздің екінші үйі. Сол келешек өсіп келе жатқан жас ұрпақтың иелерін жан — жақты ой — өрісін, өмірге бейімділігін, ақыл парасаты мол, халқын, салт — дәстүрін сүйетін бүлдіршін бала тәрбиелеуде және педагогтардың жетістерге жетуіне зор үлесін қосып келе жатқан біздің балабақшамыздың әдіскері Ақмарал Аманжолқызына үлкен ризашылығымды білдіремін.
Шабденова Зада Кодековна,
Балабақшаның 1 санатты тәрбиешісі