Home » Мақалалар » Ересек тобына арналған қимылды ойын

Ересек тобына арналған қимылды ойын

IMG-20230602-WA0034

Бейльханова Оксана Булатовна
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Жаңаталап округіні  Хиуаз ауылы
«Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасының
тәрбиешісі

Мектеп жасына дейінгі балаға дене тәрбиесін беруде қимылды ойындардың орны ерекше.Дене шынықтыруды қимыл- қозғалыс ойындары арқылы жүзеге асыру балалардың дене мүшелері мен көңіл – күйлеріне күшті әсерін тигізеді. Дене шынықтыру барысындағы қимыл- қозғалысты орындаудың басты шарты оларды бірнеше рет қайталау және бірте-бірте дамыту болып табылады.

«Апандағы аю»

Мақсаты: Балаларды өлең жолдарын нақышына келтіріп айта бтлуге, зейінділікке, ойын барысын дұрыс орындай білуге баулу.
Ойынның барысы: Алаңның бір шетінде сызық тұрады, сызықпен аюдың үйі тұрады. Балалар серуендеп жүрген кезде (қимыл жасайды саңырауқұлақ теріп жүрген құсап)

Балалар серуенде жүріп, былай ән салады:
Аю жүрген орманнан,
Жидек тердім сол үшін
Жарамайды мұның деп.
Ойнаушы балалар «гүрілдеп» деген кезде аю «гүрілдеп» тұрады да балалар үйлеріне қашады. Аю бір-бірлеп ұстағанын өз үйіне алып кетеді. Қайтадан аю тағайындалады.

 

«Итеріспек»

 Ойын мақсаты: балалардың қимыл-әрекеттерін бір аяқпен секіре алу шеберліктерін жаттықтыру, ептілік, жылдамдық, сезімталдық, табандылық сияқты қасиеттермен дамыту.
Ойын барысы: ойын көгалда өткізіледі. Үлкен шеңбер сызылады, ортаға екі ойыншы шығады. егер бір аяқпен секіріп жүріп, екі баланың біреуі екінші аяғын жерге тигізбестен қарсыласын шеңберден итеріп шығарса жеңгені. Аяғын жерге тигізіп алса, жеңілгені. ойын жалғаса береді.

               «Кімнің шары алысқа ұшады?»

    Мақсаты: Дөңгелек жақ бұлшық етін дамыту, тыныш тұрған еріндер кезінде мұрынмен дұрыс тыныс алуын жаттықтыру.
Ойын барысы: Балалар жұпқа бөлінеді. Әр балаға шар беріледі. Үстел үстіне лента қойылады және оның үстіне шарларды қояды.Балалар жүргізушінің бұйрығы бойынша мұрын арқылы тыныс алып, шарды үрлеуі тиіс. Шарды үрген кезде жеткен жеріне лента түсіне сәйкес текше немесе түйме қойылады. Кімнің шары үш мүмкіндікте ең ұзақ жылжыса сол жеңімпаз болады.

«Алға жылдам жүр, тек жүгірме»

Ойынның мақсаты:Өкпені тыныс алуын, жалпы дене қимылын, ептілігін дамыту.
Ойынның барысы: Балалар бірінің артынан бірі екі қатарға түзіледі. Әр қатардың алдында тұрған баланың алдына старт сызығын сызады. 20-30 м қашықтықта мәре сызығы сызылады. Жүргізушінің белгісі бойынша балалар мәре сызығына жылдам жетулері керек. Жүгіруге болмайды: домалануға, айналуға, тіземен және төрт аяқтап жүруге болады және т.б. Мәреге жеткен соң балалар дағдылы жүріспен орындарына қайтып келеді.

            «Мысық пен тышқан»

Мақсаты: балаларды ептілікке, шапшаңдыққа баулу.
Ойын барысы:Мысық рөлін ойнайтын бала тандалады.Қалған ойыншылар- «тышқан» болады. Мысық серуендеп жүргенде, тышқандар үйшікте отырады. Ал мысық ұйықтаған кезде,тышқандар серуенге шығады.Тышқандар ойын алаңында еркін ойнап жүреді. Осы уақытта мысық оянып, мяулап тышқандарды ұстайды. Тышқандар үйшіктеріне қашады. Егер мысық тышқандарды ұстаса, ойындағы ойыншылардың рөлі ауысады.

«Күн мен жаңбыр»

 Мақсаты: балаларға табиғат құбылыстарын сезіне білуге үйрету.
Ойынның шарты: Бір бала күн, екінші бала жаңбыр болады. Күн болып тұрған бала «Күн» деп орнынан тұрғанда балалар жүгіреді, ойнайды. «Жаңбыр» деп екінші бала орнынан тұрғанда барлық бала бастарын жасырып тығылады. Ойын осылай жалғаса береді.

Қимылды ойындары арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыруды балалар өміріне ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен  солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамыттып отыру әдісі  ретінде пайдалану әрбір тәрбиешіге қажет. Осы тұста Ұлы Абай атамыздың « Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?»-деген даналық сөзімен түйіндегім келеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.