Марданова Маржан Сайрановна
Астана қаласы ҚазҰӨУ
дарынды балаларға арналған
мамандандырылған мектеп интернаты
бастауыш сынып мұғалімі
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен аналардың тұлғасын, асыл бейнесін ашу, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету.
Жүргізуші:
Құрметті асқар таудай әкелер,арқа сүйер аталар және де біздің кішкентай ұландар! Сіздерді келе жатқан Ұлы жеңістің 78 жылдық мерей тойымен және Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға бақыт, бірлік, береке тілейміз. Баршамызға белгілі 9 мамыр 5 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды. Биыл міне, сол жеңіске де 78 жыл толыпты. Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады.
1 минут үнсіздік жариялау
Жеңіс күні, Жеңіс жыры Асқақтата шырқалсын. Ардагерлер қалауы Мәңгі өшпесін алауы.
Желбіресін жеңімпаздар жалауы,-дей отырып осы Жеңіс күніне арнап біздің балалар тақпақтарын айтады.
1 оқушы: Сана
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін Ғажайып келешектің төккен үнін Ардақты ағаларға шын көңілден Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін
2 оқушы: Айсара
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
3 оқушы: Хадиша
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары, Жігер менен құштарлықтың құралы. Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
4 оқушы: Дария
Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жемісін.
5 оқушы: Амира
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап снарядтар қаққан да ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
6 оқушы: Алихан
Мәлік, Қасым, Бауыржан
Жеңіспен елге қайтқан күн.
Айрылған әке, бауырдан
Туысқа көңіл айтқан күн.
7 оқушы: Аян
Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамды
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
Жерден, көлден. Аспаннан
Соқты жауды ел күнде Отан үшін от кешіп
Жақындай түсті Берлинге!
оқушы: Алуа Әлия орыс қаласын Азат етіп болды мерт
Ол жеңісті көрген жоқ Келді кейін азат күн
оқушы: Азиз Пулеметті сөйлетіп Қорғады алтын бесігін Ұмытпаймыз өрлетіп Мәншүк апа есімін
10 оқушы: Айқын
Фашистің күнін батырған Сұрапыл соғыс біткен күн. Рейхстагқа Рахымжан
Жеңістің туын тіккен күн.
оқушы: Қ.Айзере Көрінбейді медальдан Батырлардың кеудесі. Жолықсын тек енді алдан Соғыстың тарих көрмесі
12 оқушы: Б.Айзере
Жаралғандай жалыннан,
Жайсаң батыр Бауыржан
Естігенде есімін,
Жау есінен жаңылған.
13 оқушы: Жалғас
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Жүргізуші: Жеңіс күні адамзат аңсап күткен қастерлі күн. Бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Қазақтың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк есімін,аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлын,осы соғыста ерлік көрсеткен ата-апаларымыздың,әкелеріміздің есімін қашанда мақтанышпен айтамыз.Олардың ерліктері ешқашанда ұмтылмайды. Ендеше осы
батырларымыздың құрметіне ән орындаймыз.
Ән: «Бейбіт күннің тілегі» Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов Әні: Шәмші Қалдаяқов
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын Қайырмасы:
Кел, достарым, ән бастадым.
Көтеріп жаңғырық!
Данасын дала, баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік!
Көктесін жас ағаш одан әрі,
Өткен күн қайтадан жанбайды.
Сұлудың кестелі орамалы,
Сүртсін, тек тершіген маңдайды
Қайырмасы:
Кел, достарым, ән бастадым.
Көтеріп жаңғырық!
Данасын дала, баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік!
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Әлемнің бар сәби балалары,
Тұрсын тек ұйқысы қанған соң.
Би: «Синий платочек»
Ән: «Бұлқынды жүрек» орындайтын Хавдалханұлы Аян
Көрініс
Көрініс: Ортаға аналар шығады. Аналар ән айтып, әңгімелесіп отырып киіз басады. Осы кезде соғыстың басталғаны туралы радиодан дауыс естіледі.
Радиодағы дауыс:
«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Соғыс,соғыс басталды, Неміс басқыншылары тұтқиылдан шабуыл жасады.» Аналар жаман хабарды естіп, залдан шуласып шығып кетеді. (таспадан шулаған, жылаған әйелдер мен балалардың дыбыстары естіліп тұрады)
Соғысқа аттануға дайындалған солдаттар (ата-аналар) музыка әуенімен сап түзеп, залға кіреді: Командирі солдаттарды дайындық жаттығулар жасауға тұрғызады.
Саппен жүру.
Қаруларын ұстау тәсілдерін үйрену.
Ұранмен соғысқа аттану.
Ұран: Отанды біз қорғаймыз Жаудың алдын ораймыз. Командир: Отан үшін алға! Солдаттар: Ура, ура, ура!
Солдаттар залдан саппен жүріп шығып кетеді.
Слаидтан кино фильмнен үзінді көрсетіледі.
Ортада тоқыма тоқып отырған аналар көрінісі көрсетіледі.
Ана сөзі: Е, бұл соғыс бәрімізді де есеңгіретіп жіберді-ау. Осы кезде Почташы қыз жүгіріп келеді.
Почташы қыз: Сүйіші, сүйінші хат келді. Аналар дабырласып хаттың кімге келгенін білуге асығады. Почташы қыз Күләйша апаның баласына келген хатты беріп, басқада ауылға хат апарып беретінін айтып қоштасып кетеді.
Ана баласынан келген хатты ашып оқиды. Сол қуаныш артынан радиодан соғыстың біткені хабарланады.
Радиодағы дыбыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1945 жыл 8 май Совет армиясы неміс басқыншыларын кері шегіндірді. Жауынгерлеріміз елге оралады, залға соғыстан келген солдаттар кіреді. Алдарынан гүл шоқтарын ұстаған қыздар шығады. Аналар өз балаларын құшақтап, музыка әунімен барлығы билеп залдан шығып кетеді.
Би : «Катюша» орындайтын 1 сынып қыздары
Жүргізуші:
Осы сұрапыл соғыста ер азаматтармен бірдей біздің апаларымызда өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп, отан үшін қан майданда жараланған солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аяған жоқ. Сұм соғыстың өзі өрімдей жап-жас Әлия мен Мәншүк қыздарымызды ала кетті. Мәншүк 19 жасқа келгенде соғысқа аттанды. Ол пулеметші, мерген болған. Мәншүк ерлікпен қаза болды, елі үшін отқа түсіп, жас өмірін отан үшін қиды.
Ана нәзік, ана мейірімді бұл мереке тек ер- азаматтарымыз үшін ғана емес, аналарымызға және барша халықтың мерекесі, елінде қалған аналар соғысқа кеткен азаматтарының тілеуін тілеп, күні- түні еңбек даласында аянбай еңбек етті.
Өзінің нәзіктігіне қарамастан шырылдаған баласымен қоса, тылда еңбек еткен, ауылымызда аналар жетерлік. Ендеше құрметті де аяулы аналар, әкелер сіздерді де Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз!
Ән : «Сарбаздар әні» орындайтын аналар
Әбдімомын Желдібаевтың күйі «Ерке сылқым». Орындайтын Домбыра ПЦК оқытушылары. Қарсы алайық!!!!
Күні кеше біз 1 — мамыр — Қазақстан халықтарының бірлік, ынтымақ күнін тойлап өттік. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлт — аралық татулық әрдайым берік болып, қашанда ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді халқымыз. Бұл сөз тек айтылмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік
қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Көп ұлтты халықтың арасында «ши» шығармай бірлік пен ынтымақтың ұйтқысы болып, дер кезінде республикадағы ұлттардың
Ассамблеясының жұмысын жандандырып, олардың тілін, әдет — ғұрпын насихаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап келеді. Осылайша ел басқарудың ауыр міндетін қайыспай көтеруде.
Оқушыларды әуенмен оратаға шақыру. Әр ұлттың өкілдері болып киінген оқушылар шығады (музыка қосылып, әр ұлт өз өнерін паш етеді)
Хор : «Доспыз бәріміз» Жүргізуші:
Қазақстанда жүзден аса ұлттар мен ұлыстар тұрады. Олардың барлығы дерлік еліміздің ашық
аспаны мен көкшіл туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Түріне нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді. Кеңпейілді қазақ халқының дархан даласы жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отаным» дейді. Мұндай мақтаныш сезімімен айтылған жолында сөз жанымызды жадыратады. Балалар жеңіске жету қиынға түсті. Оның жолында миллиондаған азаматтар мерт болды. Олар Отан үшін, біз үшін, сендер үшін, болашақ үшін, ұрпақ үшін шайқасқа түсті. Олар бірлік пен ерліктің арқасында жеңіс сағатын қолдарына тигізді.
Хор: «Атамекен»
Қорытындылау сөз кезегін мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Исмаилова Ботагоз Амангельдиевна мен тәрбие ісінің меңгерушісі Шайхина Гүлшат Алтаевнаға береміз.
Қорытынды: бүгінгі өткен тәрбие сағаты үшін сынып жетекшісіне алғысымыз шексіз. Үш мерекені бірдей қосып өткізу деген, үлкен еңбектің жемісі. Әр баланы сөйлету, билету, ата- аналармен бірлесе отырып жүргізген іс-шараңыз өз мақсатына жетті. Бүгінгі іс-шараңыз үш бөлімде өтті.
Литмонтаж
Ата-аналармен бірлесе дайындаған музыкалық сәлемдемеңіз
«Бір шаңырақ астында» атты 1 мамыр достық пен ынтымақтастықты әр қырынан көрсете білдіңіз. Ата-аналарыңыз қандай өнерлі. Мұның бәрі сіздің ерең еңбегіңіздің арқасында- деп тәрбие ісінің меңгерушісі өз сөзін аяқтады.