Home » Мақалалар » Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтің рөлі

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтің рөлі

 Ибраева Арай Дулатовна,
Астана қаласы әкімдігі
№36 » Балапан» балабақшасының әдіскері

 


 Ел болудың қамын ерте бесіктен бастайтын қазақ қоғамы ұлттық болмысынан ажырамаса екен деген тілек әр адамның бойында болғаны дұрыс. Ғасырдың кемеңгер көсемі, ұлт зиялысы А.Байтұрсыновтың «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген көрегендікпен айтқан қанатты сөзінің құны күннен күнде жарқырай түскендей….

Жаңа дәуірдің жас ұрпағына стандартқа сай білім мен тәрбиені қатар игерту заман талабы.  Олай болса,  жаңаша ойлайтын жаңа буын өкілдеріне білім беру үшін заманауи педагогтың біліктілігі мен ізденісі толассыз дамуды қажет ететінін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата- ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.  Ол- бала тәрбиесі. Халқымыздың сан ғасырдан бергі айтқан тәлімінің астарына үңілсек, адамның ең басты бақыты балада екендігін түсінеміз және оны өмірде көріп те, сезініп жүрміз. Кей жағдайда адамдар бақытты байлықтан іздесе, кейбірі атақ пен даңқтан іздейтіндер де қоғамда аз кездеспейтіндігі және аян. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлайтынын Сіз бен Біз әсте етсен шығармағанымыз абзал. Еліміздің ертеңі болатын жас бүлдіршіндеріміздің заман талабына сай білімді, тәрбиелі болып өсуі үшін баланың үйде отырмай, балабақшаға барғаны жөн. Өйткені бала сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді, мінезі тұйық болмайды, адамдармен тез араласады. Сәбилер мекені баланы ең алдымен жауапкершілікке үйретеді. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбие ұштаса отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады. Зерделері енді ояна бастаған бүлдіршіндердің бағытын нақтылау мақсатында педагогтердің абыройлы қызметі мінсіз болуы керек.
Балабақша мекемесіндегі әрбір күн қарбаласқа толы болғандықтан, міндет көп, мақсат-біреу. Айналаны енді тануға талпынған бөбектердің физикалық , коммуникативтік дағдыларын, сондай  ақ танымдық әрі зияткерлік дағдыларын дамыту ойын арқылы жүргізіледі. Түрлі қимыл-қозғалыс жасай отырып жүзеге асатын ойын түрлері арқылы бүлдіршіндердің дүниетанымының қалыптасуына игі ықпал етуге болады. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойын барысында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады. Дана қазақта «Баланы өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген қанатты сөздің қалт айтылмағаны көңілге медеу, ұрпаққа демеу болатыны сөзсіз. Ұлттық ойындар балаларға тәрбиелік мәнімен қоса, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуіне пайдасы зор. Бір-ақ мысал келтіріп кетейін, «Қуыр-қуыр, қуырмаш», «Тасымақ», «Қарамырза»,
« Сақина жасыру», «Түйілген орамал» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, балақайларға көтеріңкі көңіл- күй сыйлау үшін қолдануға болады. Бір қарағанда түк қиындығы байқалмайтын түрлі -түсті құрастырғыш, түймені түймелеу, ермексазбен мүсін жасау және сурет салу арқылы қол моторикасы дамиды. Қол қызметі арқылы жасалған түрлі әрекеттер баланың миына тікелей әсер етіп қана қоймай, сөйлеу қабілетіне әсер етеді, шығармашылыққа бейімі де артқандығының нәтижесіне куә болдым. Заман келбетінен байқалып тұрғандай жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеу арқылы бәсекеге қабілетті мамандардың орны биіктейтіндігін уақыт өзі көрсетіп берді. Уақыттың маңызды әр секунды енжарлықты қаламайтынын да дәлелдеп берді. Бүгінде білім саласының қызметкерлерінің жауапкершілігі зор, ауқымды міндеттері кезек күттірмесі анық. Ұлтқа қызмет етуді бала тәрбиелеу ісінен бастап жүргенім үшін, теңдессіз бақыттымын.

17 комментариев

  1. Маржан Уатхан

    Өз ісінің маманы керемет жан

  2. Гүлзат Қанатқызы

    Түсінігі мол, позитивті жан👍💐🥰

  3. Өте білімді жан.Шығармашылық табыс тілеймін!

  4. Қаламқас

    Педагогтардың біліктілігі мен ізденісіне толассыз дамуына үлесін қосып жүрген жансын! Шығармашылық табыс,сәттілік тілеймін!!

  5. Акмарал

    Бала тәрбиесі адам баласы пайда болғаннан аяқталғанша ескірмейтін тақырып. Керемет жазылыпты.

  6. Жансулу

    Қазіргі замар талабына өзекті әрі пайдалы тақырыптардың бірі👏🏾

  7. Zhumagulovasamal@mail.ru Арай Дулатовна ұжымға өте сыйлы жан.Меңгеруші болуға әбден лайықтысыз.

  8. Керемет жан адамгершілігі мол, жаныңды түсіне білетін, адал жар, аяулы ана, әдепті келін, өз ісінің шебері❤️😘😍

  9. Өте тамаша маман ,мейірімді,өз ісінің шебер педагогі

  10. Калдыгул Мокамадияровна

    Заман талабына сай білікті маман.
    Шығармашылық шабыт, мол табыс, отбасына амандық тілеймін.

  11. Гүлшат Қайыржанқызы

    Аз уақыт жұмыс жасасам да, Арай Дулатқызының ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыр-сырын таба білетін, ұжымдағы әр педагогқа педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қолдау бере алатын білікті әдіскер екенін айта аламын. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі білім саласының майталманы болуыңызға тілектеспін.

  12. Динара Артуровна

    Арай Дулатовна, өз ісінің маманы!

  13. Өте білікті маман👍👍👍

  14. РАХИЛЯ УТЕМУРАТОВНА

    Арай Дулатовна білікті маман. Мектепке дейінгі білімнің қыр сырын, стандартқа сай жұмыс жүргізетін әдіскер. Өз ісінің шебері, үнемі жан жақты бола білетін маман. Балабақша басшысының қызметін басқара алатын маман. Сізге шығармашылық табыс тілеймін.

  15. Өз ісінің маманы. Керемет басшы болған. Жанға жайлы. Бастаған ісін аяқтағанша тыным таппайтын жан.

  16. Арай Дулатовна қабілетті маман, сыйлы әрі аққөңіл жан.Қоғамдағы орны ерекше,өз ісін сүйіп істейтіндердің қатарынан! Сізге болашақта мол табыс, бақыт тілеймін.😍💐💐🌹🌹🌹

  17. Арай Дулатқызы өз ісінің маманы, ұжымдағы ұймдастырушылық, басқару қабілеті жоғары деңгейдегі білікті әдіскер. Еліміздегі бала тәрбиесіне өз үлесін қосып жүрген маман деп білемін. Еңбегіңіз табысты болсын!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.