Home » Мақалалар » Болашақтың іргесі-балабақшада

Болашақтың іргесі-балабақшада

Абильгазина Меруерт Муратовна,
Астана қаласы әкімдігі
62 «Нұрсәуле» балабақшасының тәрбиешісі

   Сен не еткен бақытты едің келер ұрпақ
     Караймын келбетіңе мен таңырқап….
К.Аманжолов

 

Жас жеткіншектерді тәрбиелеу жұмысының негізі ең алдымен отбасында каланып, сонан соң балабақшада жалғасатыны белгілі. Бүгінгі жас ұрпақ болашағының ірге тасының берік қалануы үшін, балабақшада берілетін білім мен тәрбиені дұрыс қалыптастыру өз қолымызда. Біздің басты максатымыз: Казақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру стандартының негізгі ережелері мен талаптарын басшылыққа ала отырып, білім салаларында білім алу құзіреттіліктерін калыптастыру.
«Ел боламын десен, бесігіңді түзе» деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс тек отбасында ғана емес, балабақшада тіл үйреніп, халқымыздың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиетімізден нар алып өскен баланың болашағы кашанда жарқын болары сөзсіз. Жас ұрпақтың негізі бұрын мектепте қаланады десек, енді оның балабақша қабырғасында қаланатынына көзіміз әлде қашан жетті. Балабакша «Білім туралы» Казақстан Республикасы заңының, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудын мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша өз мақсат, міндеттерін орындап келеді.Ал балабакшаның тарихы және аталуы қалай пайда болғаны ой толғандырады. Неміс педагогы Ф.Фребель балаларды өмірдің гүліне теңеп, ол гүлді тек ғана бағбан өсіруі керек деген ұғыммен 1837 жылы «Балабақша атауын ойлап тапты. Ол балаларды еркін іс-әрекетке жан-жақты дамыту мақсатында оқытушыларды мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуға шақырған алғашқы адам болды. Дидактикаға, ойын мен акыл ойдың дамуына көп көңіл бөлген. Сонымен қатар М.В. Ломоносовтың, К.Ушинский, Н.Н. Новиковтың, А.И. Герценнің, А.Н. Толстойдын, Н.И.Пиорговтың т.б. мектепке дейінгі педагогикаға қосқан үлестері зор.

Ал Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие негізін салушылардың бірі: А.Менжанова, Б.Баймуратова, Н. Кулжанова, М.Жұмабаевтардың бала тәрбиесіне қосқан үлесі зор.
Ф. Фребельдің ұғыммен «Бақшаны-бала бағбандарының мекені деп тани отырып, балабақшаны-болашақтың қақпасына айналдыруымыз керек. Болашақтың қақпасы-әрбір бақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарында ертеңге деген нық сенім, жүректерінде патриоттық сезімдері жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа болуы тиіс. Казіргі заман талабына сай өнерлі, шығармашылыкка бай, жан-жакты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып калыптасудың алғашқы қадамдары деп білемін.  Осы арқау болып отырған тақырыпқа тоқталатын болсақ, балабакша тек бүлдіршіндердің келіп-кететін мекені болмауы керек. Ал, ата-ана үшін балабақша өз жағдайларын жасап, баламыз жұмыс жасауға кедергі болмасын деген ниетте балаларын кешке дейін апарып тастайтын орын болмау керек. Осындай көзкарастар калыптаспас үшін балабакша жұмысының, ұжым ауызбіршілігінің мықты болуы абзал. Бүлдіршін бақшаға-достарымды көрем, үйде еш ойналмайтын қызық ойындар ойнаймын, ешкім білмейтін тек тәрбиешім ғана білетін қызықты ертегілерді тыңдаймын, әндер үйренемін деп, қызығып келетін шуақты мекеніне айналуы керек. Ал, бала жүрегінде осындай орын алып, балабақшаға демалыс күндері де сәби жүректерін алып ұштырып тұратын деңгейге дейін жеткізетін ол әрине-балалардың бағбаны-тәрбиешілер. Осындай тәрбиешілер біздің балабақшада бар деп нақты айта аламын. Біздің мамандығымыз бұл біздің өмір жолымыз. Біздің балабақша — бұл бөлек әлем, гүлденген көгал. Балабақша бізге балада бар ең нәзік бала жан дүниесін сезінуге. Аялауға, бағалауға үйретеді. Балабақша баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында ерекше орын алатын сатысы. Балабақшада балаға кажетті, үзілмейтін махаббат жібі бар. Ұзақ жылдар жасағандығына қарамастан, балабақшанын әр кірпіші, әр бұрышы ешқашан ескірмейтін мейірім мен сүйіспеншіліктен тұрады. Балалардың күлкісі мен мейірімі арқасында біздің балабақша жыл өткен сайын гүлденіп, көркеюмен қатар барынша жасара түсуде..
Педагогикалық шеберлік өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзгеше өнері. Біздер балаға қиындығы мен карама- қайшылығы мол өмірді, коршаған ортадағы құбылыстарды бағамдай білуге көмектесуіміз қажет. Тек педагог гана бала жанының қаншалықты сезімтал, ұғымтал болатындығын бағалауға барлық мүмкіндіктерін жұмылдырады .
Біздің балаға береріміз махаббат, сүйіспеншілік, мейірім мен камқорлық. Балалар өміріміздің жауқазыны іспетті. Ал жайқала өсетін әсем гүлдер ешқандай жасандылықсыз және шынайылықпен баптағанда бойын бекітетіндігін білеміз. Бар біліміміз бен асыл касиеттерімізді періште бөбектерге арнасақ олардың жүрегіне жол табуға болады. Әрі оларды елжандылыққа тәрбиелесек міне, біздің балабакшамыздың нағыз мейірім алаңына айналғаны.   Балабақшамыз қазіргі таңдағы өзекті  мәселелердің бірі табиғатты қорғау, балалардың экологиялық мәдениетін еселеуге, коршаған ортаға деген құрметін қалыптастыруға тікелей байланысты. Осыған сәйкес қазіргі уакытта білім беру мекемелерінде балаларға экологиялық тәрбие беру оку-тәрбие үрдісіндегі әлеуметтік мән-маңызы зор, құнды бағыттардың бірі экологиялық тәрбие бағыты бойынша жұмыстанып максат, міндеттерін орындауда. Максатымыз: Балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбиелеу; Балабақшада табиғат жөнінде карапайым білім беріп, осының негізінде жанды және жансыз табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты жалпылама түсініктерді калыптастыру. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі»-деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің ойын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Сондықтан да тәрбиешіге қойылатын талап та жоғары болмақ. Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған тұсында еліміздің білім мен тарбие беру жүйесінде тың ізденістерді негізге алған мемлекеттік бағдарламалар енгізіліп кана коймай, енді міне әлемдік стандартка кешуге бет түзей бастадық. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялык мәдениет тәрбиесінің бір маңызды шарты ол дамытушы заттық ортаны дұрыс ұйымдастыру және экологияландыру болып табылады. Қазақ қашанда бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Аттың жалы, түйенің қомында көшпелі тірлік кешсе де, «балам балым, баламнын баласы жаным» деп оның тәтті қылықтарына тамсанған. Қыз баласын ұлмен тең санап, әке — көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деп перзенттерінің тәрбиесін басты назарда ұстаған. Ру таңбасын көрсетіп, жеті атасын білген жетелі» деп жеті атасын жаттатқызған. Халықтың аңыздары мен жырларын тыңдатып, халықтың ұлы болуға баулыған ұлдарын. Кыздарына отбасының ұйытқысы болуды ғана емес, ұлт тәрбиесін жалғастыруды, сақтауды үйреткен. Осы ұлы тәрбиенің нәтижесін үрпақтар жалғастығынан көруге болады. «Бұтағымен ағаш сымбатты, ұрпағымен адам кымбатты» деген қазақ даналығында саналы сыр бар. Осы кағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз ұрпақ жалғастығын, үбірлі-шүбірлі болуды, өмірдің мақсаты, мұраты санаған. Асыл қазынаға жол бастап зерделі ұрпақ тәрбиелеуде, ата-анамен педагогтардың аянбай еңбек жасағандары абзал.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға ұжымдық тәрбие беруді қалыптастырған балабакшаның бүгінде маңызы зор. Ата-аналардың жақсы тұрмысқа ұмтылуы олардың жұмысбастылығына алып келді. Жаңа ғасырда бала тәрбиесін сеніп тапсыруға болатын, кауіпсіз, баланың жан-жақты дамуы мен жетілуін камтамасыз ететін балабақшалар ауылдық жерлерде де ашыла бастағаны көңіл қуантады. Ұжымдық тәрбиенің қоғамға пайдасын сезе білген мемлекет еліміздегі балабакшаларды көбейте бастады. Адамға әр алуан атақ-дәреже алып беретін ұлы құдірет еңбек. Еңбексіз табылған бақыттың қадірі аз, ғұмыры қысқа. Еңбек атаулының бәрі де жаксы болғанымен, оның сапалы орындалатыны, кейде зая кететіні де жоқ емес. Қалай дегенмен қарманған қарап калмайды, көздеген мақсатына жетеді. Бала болашағы балабақшадан басталады.

18 комментариев

  1. Меруерт апай, еңбегіңіз жемісті болсың! Өте адал ұстаз!

  2. Жансая Муканбетқызы

    Ұстаз деген ұлы тұлға.Тәрбие уйден және балабақшадан басталады.Біздің балаларымыздың күлімдеп жүруі,өзін өзі ұстауы,тәртібі,білімнің алғашқы бастамаларын оқуы,жазуы,қоршаған ортамен танысуы балабақшадан басталады.Сол себепті мен Меруерт апайға шын жүректен алғысымды білдіремін.Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға.Сізге зор денсаулық,таусылмас бақыт,еңбекте жеміс тілеймін.

  3. Жақсы апай, енбегиниз жемисти болсын

  4. Алмагуль

    Меруерт апай жумысыныздын жемисин коре бериниз

  5. Меруерт Апайга улкен Рахмет, 🙌оте Жаксы Апай😍, Жаксы коремез, ❤️❤️

  6. Арманай

    Еңбегіңіз елене берсін👏👏 өз жұмысын сүйіп жасайтын адам

  7. Меруерт апай, енбектериниз жансын! Кызметте коптеген белестерге жетебериниз!

  8. Жарайсыз жұмысыңыз алға бассын 😍

  9. 👍👍👍keremet

  10. Зейнегуль

    Жарайсыз! Керемет

  11. Гулбану

    Керемет. Сәттілік

  12. Өз жұмысының білікті маманы

  13. Анаркуль

    Керемет!

  14. Нургайша Ермековна

    Меруерт Муратовна
    Өте жақсы адам

    Білімді ұстаз
    Еңбегінің жанып
    Биіктердің көрінеберініз
    Сәттілік

  15. Керемет. 👍 Жұмыста табыс тілеймін.

  16. Меруерт апайға мын алғыс!!! Енбегініздің жемісін көріңіз

  17. Сәнім Шакировна

    Алға, Табысты бол!

  18. Динара Каиргалиевна

    Керемет сәттілік

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.