Хасанова Ғалия Бейбитбековна
Астана қаласы әкімдігі
№62 «Нұрсәуле» балабақшасының
инновация әдіскері
Жүргізуші:
Армысыздар, ата-әже қариялар!
Елімнің шежіресі дариялар.
Кең пейіл, өрісі биік, дарқан көңіл,
Біздерге асыл жандар, аяулылар.
Сәлеметсіздер ме, құрметті әжелер, әріптестер!
Сіздерге ашық аспан, зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз!
Бүгінгі біздің «Нұрсәуле» балабақшасының ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Әжелер сөзі – тәрбие сөзі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Ортадағы қоржыннан асыл әжелеріміз реттік сандарын таңдап алады:
Ортаға әжелерімізді шақырайық.
1.Рахымжанова Қаршыға Асыланқыз
- Хаметова Үміт Жакетқызы
- Кущегулова Гүлбаршын
- Кузембаева Ботагоз Уразалиевна
- Турсунбаева Дамелі Шаханқызы
Жүргізуші:
Құрт пен майын жинаған
Балаларға сыйлаған
Бұл әжемнің өмірі
Таусыл майтын жыр маған.
Олай болса, әжелер бүгінгі сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейік:
1.«Шаңырағым, шаттығым» — өзін немесе отбасын таныстыру;
2.«Ойлы болсаң, озып көр» — қазақ халқының ырым-тыйымдарының мағынасын ашу;
3.«Өнерлі — өрге жүзер» — өз өнерін көрсету;
4.«Шебердің қолы ортақ» — қолөнер бұйымдарымен таныстыру.
5.«Ас — адамның арқауы» — үйден дайындалып әкелінген қазақ халқының ұлттық тағамдарының жасалу жолдарымен таныстыру.
Сайысымызға төрелік айтып, әділ бағасын беретін әділ қазы алқаларымен таныс болыңыздар
1.Рамазанова Гульнар
- Айгуль Мухтаровна
- Гульжанат Ордабаевна
Жүргізуші:
Басталды, міне тойымыз,
Ұнады ән мен ойымыз
Шаттық, бақыт әкеліп,
Тойға ұлассын тойымыз.
Ал, олайболса, асыл әжелеріміз бүгінгі сайысымызды бастауға дайынбыз ба? Ендеше, бірінші кезеңімізге кезек берейік.
I кезең — «Шаңырағым, шаттығым». Бұл кезеңде өздеріңізді таныстырып өтесіздер.
Әжелер, сіздерге үлкен рахмет!
II кезең — «Ойлы болсаң, озып көр». Бұл кезеңде сіздерге қазақтың салт-дәстүрінен сұрақтар беріледі.
ІІІ кезең — «Өнерлі — өрге жүзер» — өз өнерін көрсету.
Өнер білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, әжелердің сайысына қатысатын үміткерлер
1.Рахымжанова Қаршыға Асыланқыз
- Хаметова Үміт Жакетқызы
- Кущегулова Гүлбаршын
- Кузембаева Ботагоз Уразалиевна
- Турсунбаева Дамелі Шаханқызы
IV кезең — «Шебердің қолы ортақ» — қолөнер бұйымдарымен таныстыру үшін ортаға қатысушы үміткерлерімізді шақырамыз.
1.Рахымжанова Қаршыға Асыланқыз
- Хаметова Үміт Жакетқызы
- Кущегулова Гүлбаршын
- Кузембаева Ботагоз Уразалиевна
- Турсунбаева Дамелі Шаханқызы
V кезең — «Ас — адамның арқауы» — үйден дайындалып әкелінген қазақ халқының ұлттық тағамдарының жасалу жолдарымен таныстыру.
Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі – қонақ жайлылық. Қандай жағдайда да, «құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей жылышыраймен қарсы алып, қолдағы барымен шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп, дастархан жайып, төр ұсынып, сол үйдің дәм – тұзын татырмай жібермейтін болған. Ендеше, келесі кезеңіміз — «Ас — адамның арқауы» кезеңіне ортаға шақырамыз
1.Рахымжанова Қаршыға Асыланқыз
- Хаметова Үміт Жакетқызы
- Кущегулова Гүлбаршын
- Кузембаева Ботагоз Уразалиевна
- Турсунбаева Дамелі Шаханқызы
Қорытынды
Әділ қазы алқалары сөз алып, әр номинация бойынша әжелерімізді марапаттайды, жүлде тағайындайды. Құрметті қонақтар, сайысқа қатысушы әжелер! Бүгінгі «Әжелер сөзі-тәрбие сөзі» атты сайысымызға қатысқандарыңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ- береке тілейміз.
Аман болыңыздар!
Жасаған жұмысыңыз керемет ,мол табыстар тілейсін🌹
Керемет. Сәттілік
Жақсы жазылған мақала үшін рақмет 👍 шыгармашылык табцс тілеймін
Керемет Жарайсыз
Керемет, еңбегіңіздің жемісін көріңіз.
Сізге шығармашылық табыс тілеймін! Еңбегіңіз еселене берсін!
Оте керемет 👍Сизге табыс тилеймин 💋
Өте тамаша. Сәттілік серік болсын. Еңбеңіз жана берсін, жемісін көре беріңіз 👍👍😘😘
Керемет. 👍Еңбегініздің жемісін көріңіз.😘
Сәттілік тілеймін