Home » Мақалалар »  Қоян

 Қоян

Сыздыкова Алма  Набиамановна
Астана қаласы
әкімдігі
№62 «Нұрсәуле» балабақшасы
тәрбиеші

Мақсаты:Балаларға қоян туралы түсінік беру.

Қоянның дене мүшелерін айту. Балалардың сөздік қорларын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру.    2-3 сөзден тұратын сөйлем құрастыру. Ойын арқылы балалардың қимыл-қозғалыс белсенділіктерін арттыру. Жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері: әнгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.

Көрнекілігі: суреттер, көкөністер.

Шаттық шеңбері:

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң,

Қайырлы күн!

Балалар, сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: — Көктем мезгілі.

Тәрбиеші: Көктем мезгілінде ауа-райында  қандай өзгерістер  болады?

Балалар: Күн жылынады, құстар ұшып келеді, ағаштар гүлдейді, жаңбыр

жауады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!

Тосын сый: Қоянның қонаққа келуі.

Тәрбиеші: Есік қағылады. Балалар, есікті қағып тұрған кім екен? Бізге қонаққа Қоян келіпті.Бірақ қоян көңілсіз екен?

Тәрбиеші:Қоян сен неге көңілсізсің?

Қоян: Мен көжегіме сәбіз іздеп жүрмін.

Тәрбиеші:Балалар қоянға сәбізді тауып алуына көмектесеміз бе?

Балалар:Иа, көмектесеміз.

Ол үшін мына тапсырмаларды орындайық.

— Қоянды бәріміз білеміз бе?

Балалар: — Білеміз. Бұл қоян.

1-тапсырма.Қоянды сипаттау керек.

Тәрбиеші: Қоянның құлағы ұзын. Жүні жұмсақ, екі көзі, мұрны, аузы, кішкентай құйрығы, аяғы бар. Қоян секіреді.

— Қоян қалай секіреді? (секіріп көрсету).

— Жарайсыңдар.

Тәрбиеші: Қане балалар кім маған қоянның дене мүшелерін айтып береді?

Балалар: Мынау – Қоян. Қоянның екі көзі бар, екі құлағы бар, бір мұрны бар.

— Қоян туралы кім тақпақ айтып береді?

2-тапсырма Қоян туралы тақпақ айту.

1- бала:  Қоян, қоян  тұршы,

Беті  қолды жушы.

Шашыңды тарашы,

Айнаға қарашы.

 

2- бала:  Ақ қоян ау, ақ қоян,

Үркек қоян, сақ қоян.

Қаша берсең орманға,

Қорқағым деп ат қоям

Тәрбиеші: Ал енді, тілімізді жаттықтырып, сөздерді дұрыс айтуға үйренеміз.

-ян-ян-ян  қорқақ қоян.

— Балалар, қоянның баласын қалай атаймыз?  

Балалар: — көжек.

3-тапсырма.Қоян мен көжекті құрастыру.

Балалар мына жерде үлкен қоян мен кішкентай көжек бар.Осы қоян мен көжекті құрастырайық.

Құрастыру: «Қоян мен көжек».

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалды сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлермен,

Ытқып, ытқып секіреді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Тәрбиеші: Балалар қоян нені жегенді жақсы көреді?

Балалар: — Сәбізді.

4-тапсырма Ермексаздан сәбіз жасаймыз.

Сәбізді жасалу жолын көрсетіп, бірге жасаймыз.

Дидактикалық ойын: «Қоянға көмектес».

Мақсаты: Қоянға көкөністердің арасынан сәбізді теріп алып, себетке жинау.

Қоян балалар сендерге рахмет көжегіме жейтін көп сәбіз жасап бердіңдер рахмет сендерге. Менде сендерге құр қол келген жоқпын,сендерге көңілді смайликтер беремін.

Қорытынды.

-Балалар бізге қонаққа кім келді? (Қоян).

— Нені құрастырдық? (Үлкен қоян мен кіші көжекті).

Қоянға нені жинауға көмектестік? (Сәбізді).

Балаларды мадақтау.

29 комментариев

  1. Бибинур

    Керемет тарбиеші, сабақты күшті түсіндіреді балаларға🫶🏼🫶🏼🫶🏼🙏🏼🙏🏼🙏🏼🎊🎊🎊👍🏼👍🏼

  2. Өте қызықты

  3. Сабақ өте қызықты өтті,керемет

  4. Өте керемет тәрбиеші. Жумыска берілген. Осындай тәрбиеші бар болғанына куанамын.

  5. Керемет👏🏻

  6. Ең мыкты маман деп білемін🙌🏻 Әр балаға жеке подход жасап,өз жұмысын бағалайтын мұғалім деп білемін👍 Сіздердей Тәрбиеші барда балаларымыз саналы ұрпақ болып, өсетініне сенемін

  7. Асемгул

    Ен мыкты маман екен жарайсыз алға🫰🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

  8. Еңбегiңiз жемiстi болсын, әр сабағы қызықты балалардың жүрегiнен орын алған тәрбиешi🙏💐💐💐

  9. Өте кушті апай!!! Балдарымыз апайын жаксы кореди.

  10. Алма ханым мықты тәрбиеші,балам апайды қатты құрметтейді,.Сабағына қуанып қатысады,тәрбиешінің методикасы мықты,тіл дамыту жұмыстарын жақсы жүргізеді.

  11. Гулбану

    Алма Набиамановна мықты маман. Сәттілік

  12. Алма апвй өз жұмысының шебері. Сәттілік сізге🙏🏻🙏🏻🙏🏻

  13. Назерке

    Алма ханым кішіпейіл,адамгершілігі мол,өз ісінің маманы
    Еңбекте табысты болыңыз!

  14. Зейнегуль

    Керемет 👍👍

  15. Өте мейірімді, балалардың және ата- аналардың сүйіктісі.
    Керемет, еңбегіңіздің жемісін көріңіз.

  16. Гульсая

    Алма апай оте мыкты маман, балама унайды. Саттилик тилеймиз.

  17. Керемет 👏👏👏

  18. Анаркуль

    Алма еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз! Сізге сәттілік тілеймін!

  19. Өте керемет апай , жумыста табысты болыңыз

  20. Гульзат

    Алма апай өз ісінің мықты маманы. Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз! Сәттілік!

  21. Жулдуз Байсолтановна

    Сәттілік сізге

  22. Айжан Сергазина

    Өте керемет тәрбиеші. Балалармен жақсы жұмыс жасайды. Қызымнан бірден байқалады осы кісінің жұмысы

  23. Назерке

    Алма апай өз ісінің шебері. Балапандарымыздың сүйікті апайы. Алғысқа бөленіп жүре беріңіз🫶🏻🫶🏻🫶🏻

  24. Еркежан

    Қандай керемет! Жарайсыз! Баяндамаңыз өте мәнді-мағыналы екен!

  25. Гүлфира

    Балалармен жұмысыңыз ұнады.Сізден көп нәрсе үйрендім.Ата-аналардың құрметіне бөленді беріңіз

  26. Алма Набиамановна! Сіздің балаларға білім беру жолындағы қажырлы еңбегіңізге алғыс айтқым келеді. Балаларға мейіріммен, қамқорлықпен, жанашырлықпен қарайтыныңызға куә болып жүрмін. Қызымда сізді қатты жақсы көреді. Сіз сияқты мамандар көп болса екен деп тілеймін. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз.

  27. Күшті, керемет!👍🏽👍🏽👍🏽

  28. Динара Каиргалиевна

    Өте керемет апай

  29. Тәжерибесі мол, әр баланың бабын табатын, мейірімді педагог

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.