Home » Мақалалар » Балалар күзде қонақта

Балалар күзде қонақта

Солдатхан Жібек Серуенқызы,
Астана қаласы әкімдігі
№62 «Нұрсауле» балабақшасы
кіші «Қарлығаш » тобының тәрбиешісі

 

(Музыка залында әдемі әуен естіліп тұрады. Залдың ортасында Күз ханшайымы тұрады, балалар ойнап залға кіреді)

Күз: Амансыңдар ма, балалар! Маған кішкентай балапандар қонаққа келіпті, мен сондай қуаныштымын, қош келдіңдер балапандар!

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы күз мезгілі қандай әдемі, сендерді көріп қуанып жатыр. Күз ханшайымы біздің балалар ән шырқап береді.

Ән «Балапан»

(Балалар орындарына отырады)

Күз: Қандай керемет балалар, әнді жақсы айтады екенсіңдер.

(Музыка қосылады ортаға секіріп қоян шығады)

Қоян: Сәлем балалар, сендер сондай көңілдісіңдер, ал, менің көңіл-күйім жоқ.(мұңайып қалады)

Күз: Қоян саған не болды, кім ренжітті сені?

Қоян: Мені ешкім ренжіткен жоқ, қыс болса жақындап қалды, ал мен қысқы азығымды дайындамадым,

Тәрбиеші: Қоян сен уайымдама, біздің балалар қәзір саған сүйікті тамағың сәбізіңді тауып жинап береді. Балалар қоянға сәбіз жинап көмектесейікші.

Ойын «Сәбіз жинау»

Қоян: Рахмет балалар, сендер менің көңілімді көтердіңдер, қысқы азығымды дайындап бердіңдер, ризамын сендерге.

 Тәрбиеші: Балалар енді қоянмен бірге көңілді би билейік.

«Көңілді би»

 

(Музыка қосылады, қолында себеті бар кірпі жүгіріп келеді, сүрініп құлап қалады да қолындағы жемістерін шашып алады)

Кірпі: Ой-й-й мен недеген ебедейсізбін, сонша еңбегім босқа кетті, осы жемістерді күні бойы жинадым, енді міне шашып алдым (жылайды)

Күз: Кірпі жылама сен, балалар саған көмектеседі, жемістерді жинап береді.

Кірпі: Балалар сендер маған жемістерді жинап бересіңдерме?

Тәрбиеші: Әрине, жинап береміз. Келіңдер балалар жемістер жимнаймыз.

 

Ойын  «Алма жинау»

Кірпі: Рахмет сендерге балалар, мен сондай қуанып тұрмын, енді мен сендермен бірге ойнағым келіп тұр.

(Кенет күннің күркіреген дауысы естіледі)

Тәрбиеші: Балалар естимісіңдер, бұл ненің дауысы?

Балалар: Жаңбырдың дауысы

Күз: Ия, ия, бұл менің жаңбырымның дауысы, көңіл-күйім болмағанда жылап-жылап аламын, сол кезде жаңбыр болып жауамын.

Тәрбиеші: Ал, біздің балалар жаңбырдан қорықпайды, жаңбыр жаусада қйын ойнайды.

Кірпі Қоян бірге: Апай апай біз балалармен бірге «Қолшатыр» деген ойын ойнайықшы.

Тәрбиеші: Балалар кірпімен қоянмен ойын ойнайсыңдарма?

Балалар:  Ойнаймы.  (Ойын шарты түсіндіріледі, балалар ойын ойнайды)

 

Ойын «Қолшатыр»

Тәрбиеші: Енді біздің балалар «Жаңбыр» әнін айтып береді.

Ән: «Жаңбыр»

Күз: Балалар сендер әнді қандай жақсы айтасыңдар, маған өте қатты ұнады, рахмет сендерге.

Тәрбиеші: Күз ханшасы балалардың балабақшаға оралатын уақыты келді, біз сізбен енді қоштасамыз.

Күз : Балалар бүгінгі мереке маған сондай қатты ұнады, енді сендер менің биылғы жемісімнен дәм татыңдар. (Балаларға жемістер таратылады)

Балалар әрқашан астығымыз мол болсын, көп дәрумен жеп жүріңдер, ауырмаңдар,сау болыңдар балалар!.

Балалар: Сау болыңыз

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар балалар бүгінгі біздің «Балалар күзде қонақта» атты ертеңгілігіміз аяқталды, бүлдіршіндеріміздің дені сау болып, әрбір отбасында береке, мереке, молшылық болсын. Ертеңгілікті көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Ал, балалар, біз де тобымызға барайық. Мынау күздің сыйлықтары, бізге дәрумен берді, топқа барып бәріміз жейміз. Сау болыңыздар!

 

21 комментарий

  1. Жұмысың табысты болсын ?

  2. Тамаша! Еңбегіңіз жемісті болсын!

  3. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

  4. Жанаргуль

    Керемет . Жумысыныз табысты болсын

  5. Жұмысыңызға сәттілік?

  6. Айгерим

    Жибек апай молодец! Не смотря на то что молодая, уже выделяется своей добротой и любовью к детям! Очень терпеливая?????

  7. Жарайсыз?мықты мамансыз

  8. Очень открытая, добрая . Очень рады , что есть такие воспитатели?!!!

  9. Жибек специалист грамотный умный нежный хороший специалист

  10. Жас маман болса да, өзінің жұмысын толықтай білетін тәрбиеші. Мейірімді ??

  11. Жібек апай жарайсыз?биіктерден көріне беріңіз!

  12. Мықты маман
    Жұмысыңызға сәттілік!
    Өте мейірімді тәрбиеші ?

  13. Гулбану

    Жібек жас та болса баланың тілін тауып, ата-аналардың көңілінен шығып жүр. Сәттілік

  14. Толғанай

    Керемет. Жас маманға шығармашылық табыс және биік шыңдардан көріңе берсін??

  15. Зейнегуль

    Керемет ??

  16. Керемет, алдағы жұмысыңызға сәттілік!

  17. Жібек мейірімді, ізденіп жүретін жас маман?

  18. Анаркуль

    Жас маманға сәттілік!Биік белестерден көріне берсін!

  19. Жулдуз Байсолтановна

    Сәттілік сізге

  20. Динара Каиргалиевна

    Сәттілік тілеймін

  21. жұмысыңызға сәттілік ????

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.