Карагожина Динара Каиргалиевна
Астана қаласы әкімдігі
№62 «Нұрсәуле»балабақшасы
тәрбиешісі
Мектепалды «Қызғалдақ»тобы
Жүргізуші: — Қайырлы күн, құрметті балалар. Тіл мерекесіне жиналған қауым!
Ана тілі-адамның жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім-дей отырып, Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған Ана тілім — байлығым!- атты іс-шараны бастауға рұқсат етіңіздер.
— Балалар бүгін бізде мереке. Қандай мереке білесіңдер ме?
— Бүгін 22 қыркүйек тіл мерекесі.
Ана тілі-адам болып жаралғаннан бері адамның жан дүниесінің айнасы, мәңгі құрметтейтін бәйтерегі.
Балалар біздер қай елде тұрамыз?
— Біздің елбасымыздың аты кім?
Тілім, дінім, самғаған шарықтасын,
Самғаудан еш уақытта жалықпасын.
Өз алдында өмірден теңдік алған,
Ана тілім көгімде қалықтасын.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалу.
Мемлекетіміз Қазақстан Республикасы деп аталады.
— Біз қай тілде сөйлейміз?
— Біздер қазақша тілде сөйлейміз. Біздің ұлтымыздың тілі ол-қазақ тілі. Қазақстан Республикасы жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Ата заңы бар тәуелсіз еліміздің Президентіміз Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлы басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан Республикасы тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. Қазақстан Республикасының астанасы Нұрсұлтан қаласы. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасың Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.
1-бала: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
2-бала: Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышы елімнің.
3-бала: Ақыл-ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
4-бала: Сүйесің өз тіліңді,
Боласың білімді.
Өз тілің үйретер,
Өнерді ғылымды,
Ардақта тіліңді.
Жүргізуші:- Ана тілі халық тарихының барлық кезеңдерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазына. Тілді құрметтеу, Отаныңды қорғау ол сенің парызың, борышың.
Тілім барда мақтанам,
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі,
Ана тілім сақтаған.
Ән: «Тілім менің»
Жүргізуші: — Балалар, бізге арнайы келген қонағымызды қошеметтеп қарсы алайық. (Музыка әуенімен залға Ана тілі ана кіреді)
Ана тілі: — Сәлемметсіңдер ме, балалар, құрметті қонақтар! Мен Ана тілімін! Бүгінгі тіл мерекесі құтты болсын!Тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.»Тіл – біздің тұтастығымыз”, «Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату — әрбір адамзаттың абзал борышы. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Тіл – таусылмайтын байлық.
Жүргізуші: — Ана тілім — өзгелерден бөлексің,
Ба
ла жүрек саған арнап жыр төксін.
Қай асылға теңесем де жарасар,
Ана тілім баға жетпес өнерсің.
5-бала: Ана тілім-тірегім,
Ана тілім-жүрегім.
Қасиеті елімнің,
Тек өзің деп білемін.
6-бала: Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым.
Мұра еткен бабам,
Жарқыраған жаным.
7-бала: Жанымнан қымбат,
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап,
Үлгі өнеге аламын.
Ана тілі: — Өнерлерің үстем болсын балалар! Сендер тілге байланысты мақал-мәтелдер білесіңдер ме? Қане мен айтқан мақалдарды жалғастырыңдар.
Ойын «Ұйқасын тап» Мақал-мәтелдер
- Бас кеспек болса да, ….. (тіл кеспек жоқ)
- Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).
3.Тіл — адам ойының … (айнасы)
- Тіл қылыштан… (өткір)
- Көп сөз — күміс, аз сөз — … (алтын)
- Өнер алды қызыл… (тіл)
Би: «Қара жорға»
Ана тілі: — Талаптарыңа нұр жаусын! Балалар,қане көңілімізді бір сергітіп алайық. Тіл туралы қандай ән білесіңдер.
Ән: «Ана тілім»
Ана тілі: — Балалар, әрдайым осындай тату дос болып,өз тілдеріңді құрметтеңдер. Сендердің өнерлеріңе тамсанып, риза болдым. Келесі кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші: — Тілмен ғана қызық менің тірлігім,
Тату еткен елмен елдің бірлігін.
Туған тілмен асқақ шығып, ізгі үнім,
Туған тілде алып жүрміз біз білім.
Осымен құрметті ұстаздар, сүйкімді бүлдіршіндер, «Тілім тірлігімнің айғағы» атты іс-шарамызды аяқтаймыз.
Керемет жарайсыз нағыз білікті маман🌹
Динара Каиргалиевна мықты маман
Керемет, Динара Каиргалиевна сіз өз ісіңіздің мықты маманысыз!
Керемет!!!
Керемет маман иесі, жарайсыз тек қана алға 👍👍👍 саттилик
Жаксы маман,тек алға!!!
Динара Каиргаликызы оте керемет жан, жумысына адал, жане мыкты маман!саттылык!
Өз ісінің профессионал маман иесі, сізге алғысымыз шексіз, биік шыңдардан көрініз!🌷
danagultusupbekovna@gmail.com
Өз ісінің профессионал маман иесі, сізге алғысымыз шексіз, биік шыңдардан көрініңіз!🌷
Жарайсыз!!!
Динара өте жақсы адам. Көңілі ашық,мейірімді,ақ жарқын. Балалармен жақсы тіл табады. Өз ісінің маманы. Динара жұмысың жемісті болсын. Биіктен көріне бер.
Gulimzanpeisova85@gmail.com
Көңілі ашық,мейірімді,ақ жарқын. Балалармен жақсы тіл табады. Өз ісінің маманы. жұмысың жемісті болсын. Биіктен көріне бер
Сәттілік🌹🌹
ДинараК. Сәттілік!
Өз ісінің мықты маманы👍
Өте жақсы мұғалім. Бар білгенінін үйретуде балаларға
Динара Каирғалиевна
Білікті маман ,балаларды жақсы
Тілің. Табатын, жан дуниесің
Жақсы түсінетін керемет адам
Жұмысына адал
Кез келген кейіпкер боп ролің
Ойнап беріп утренникті көркейтіп
Жібереді
Шығармашылық табыс
Сәттілік! Еңбегін жаңа берсін👍👏
Динара Қайыргалиқызы керемет тәрбиеші.
Сәттілік тілеймін сізге.
Керемет мақала!
Өз ісінің маманысыз!
Динара Кайыргалиевна! жақсы, білікті маман, өз ісін жақсы меңгерген тұлға! Балалардың тілін жақсы, тез табады!
Мықты мамансыз.Жұмыста жемісті болыңыз.
Мирымді жан еңбегің жемісінкөр
Аллаға бағың жансын.
Динара мықты ұстаз,өз ісінің маманы , жұмысына адал
Динара жақсы білікті мамандардың бірі,жұмыста тек алға💐💐💐💐
Еңбегіңнің жемісін көр Жарайсыз!
Тамаша іс шара ұйымдастырған екенсіз! Еңбегіңіз жемісті болсын!!!
Сәттілік сізге
Динара апай, өз ісінің маманы. Балам қатты жақсы көреді апайын. Сыйлаймыз.
Динара апай, нағыз маман. Сондықтан да бүлдіршіндер сізді жақсы көреді. Шығармашылық жетістіктерге жете беріңіз!
Керемет макала
Динара Ханым Саттилик болсын аркашан акылдылыгынызбен ролей бериниз биз Сизге сенемиз сиз мыкты устазсыз алга
Динара Кайыргалиевна! Сіз керемет мамансыз! Саттилік тілеймін! Әркашан сізді жогарыдан көрейік!🙏🙏🙏🙏✊✊✊✊💐💐💐💐💐