Home » Мақалалар » Үздік мектепке дейінгі ұйым

Үздік мектепке дейінгі ұйым

Каирбекова Гаухар Тулегеновна
Астана қаласы әкімдігі
№62 «Нұрсәуле» балабақшасы МКҚК
педагог-зерттеуші  әдіскер

«Адамның адамшылығы —  ақыл мен ғылым,
жақсы ана жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»
(Абай)

Қай уақытта болмасын қазақ халқымыз ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріп, жас ұрпақ- ұлттың болашағы деп білген. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де алға қойған мүддесі  біреу, ол заман талабына сай болашақ ұрпақ тәрбиелеу. «Бала тәрбиесі-баршамыздың ортақ ісіміз» — деп білетін, заманға сай ұрпақ тәрбиелеп, жетілдіріп отырған Астана қаласының Нұра ауданының Ильинка кентінде орналасқан  әсем ғимаратымен №62 «Нұрсәуле» балабақшасы ерекше көз тартады. Балабақшаның айналасы тап-таза, іші-сырты әсем безендірілген, санитарлық нормалар мен мемлекеттік стандарттық талаптарға сай. Балабақшада мультимедиялық тақта, музыкалық аппаратуралар, әдістемелік құралдармен жабдықталып, тәрбиешілер мен мамандарға жұмыс істеуге толық жағдай жасалған. Осы тамаша, әсем балабақшада меңгеруші қызметін Касенова Асем Зайтиновна және әдіскер қызметін Каирбекова Гаухар Тулегенқызы атқарып келеді. Асем Зайтиновна: «Балалар — біздің болашағымыз!… Сондықтан балаларды ерекше күтіп, тәрбиелеу керек. Бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды бойына сіңдіре отырып, тәрбиелеу мен баланы жақсы қырларынан аша білу тәрбиешілер мен мамандардың басты қасиеті, бала балабақшада ортаға үйренеді, мінезі тұйық болмайды, адамдармен тез араласады»-дейді. Қазіргі кезде балабақшада — Жобалық қуаттылығы -320 орынға арналған.15 топта 340 бала тәлім-тәрбие алады. Сонымен қатар шағын орталық пен мектепалды  топтарында балаларды мектепке дайындаймыз. Әдіскердің қадағалауымен  күн тәртібі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекеттер, жоспарға сай мерекелік іс-шаралар, ертеңгіліктер, сайыстар ұйымдастырылып өткізіледі. Балабақшамызда  музыка, дене шынықтыру залдары,  орыс тілі мен ағылшын тілі, психолог кабинеттері де жұмыс істеп тұр. Қосымша ақылы қызметтерден: шашки, шахмат, логопед, вокал, каратэ, мультстудия, робототехника, изо студия, құм терапиясы үйірмелерінде мамандар жұмыс істеп, әр баланы қызығушылықтарын артттырып,  жеке жұмыс  түрлерін өткізеді.  Балабақша  ең алдымен баланы тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Ата-бабаларымыз айтқандай, баланың тәрбиесі бесіктен басталады, яғни тәрбиенің негізі отбасынан бастау алады.
Әдіскер Гаухар Тулегенқызы: «Біздің балабақша қаладан шалғай орналасқанына қарамастан, көптеген қалалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда:

  • Қазақстан Республикасы Оқу — ағарту министрінен Құрмет грамотасы мен Алғыс хат;
    Астана қаласы Білім басқармасынан Алғыс хаттар;
  • Астана қаласы жол қозғалысы қауіпсіздігінен «Жол жүру ережесін насихаттауға бағытталған» Брейн-ринг сайысы диплом бас жүлде;
  • Республикалық деңгейде «Үркер» IQ орталығы», алғыс хат, кубок «Білімқұмар балаларға арналған Республикалық «Үркер» зияткерлерлік марафонына жүлдегерлер мен жеңімпаздарды дайындағаны үшін» диплом,
  • халықаралық деңгейде Образовательный центр Перспективадан «Халықаралық ПОНИ турнирына балаларды дайындаған үшін» алғыс хатқа ие болдық.
    Әдіскер, тәрбиешілер мен мамандар әрдайым курстарға қатысып, білімдерін жетілдіріп отырады және басылымдарға мақалалары басылып шығарылуда. Баланың ойлау қабілеттерін арттыру арқылы баланы жақсылыққа тәрбиелейміз. Балабақша, одан кейін мектеп адамның қоршаған ортада жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады деп ойлаймын»

12 комментариев

  1. Мықты маман👍өз ісінің шебері

  2. Жарайсыз жасаған жұмысыңыз керемет,сізе мол табыстар тілеймін🌹

  3. Гаухар ханым өз мамандығының шебері. Жетістіктерге жете беріңіз. Өте керемет. Тек биіктерден көрінініз

  4. Гулбану

    Гаухар Тулегеновна мықты маман. Сәттілік

  5. Зейнегуль

    Еңбегіңізге мол табыс пен жеміс тілеймін.

  6. Толғанай

    Өте керемет , білікті маман, 👍 #62 “Нұрсәуле “ б/б ұжымына , сіздере үлкен рахмет 🙏🏻 сәттілік🙏🏻

  7. Өз ісінің маманы.Біз сізбен мақтанамыз👍

  8. Анаркуль

    Гаухар Төлегеновна білікті маман.Жұмысыңыз өрлей берсін!Сізді мақтан тұтамын.

  9. Гаухар Төлегеновна еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Өте білікті әдіскер.

  10. Сәттілік сізге

  11. Мықты маман👍

  12. Динара Каиргалиевна

    Гаухар Төлегенқызы мықты әдіскер,сізге әрдайым сәттілік тілейміз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.