Home » Мақалалар » Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытатын жаңашыл технологиялар

Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытатын жаңашыл технологиялар

Ислямгалиева Раушан Қойлыбайқызы,
Астана қаласы әкімдігі
№ 62 «Нұрсәуле» балабақшасының
Изостудия жетекшісі

Педагогикадағы жаңашылдық-бұл ізденіс және жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдануы болып табылады. Шығармашылықтың бір түрі — мүсіндеу өнері. Бейнелеу мен қатар мүсіндеу- балаға өте пайдалы іс ірекет. Баланың ұсақ қол моторикасын жетілдіреді.Әсемдікке шығармашылыққа баулиды.Мүсіндеу арқылы бала өзін қоршаған ортамен жақын танысады,саусақ және алақанмен тікелей жұмыс жасаған соң  ойлау қабілеті дамиды, тілі тез шығады.Баланың ой-өрісі де `қалыптаса түседі. Балабақшадағы  мүсіндеу оқу-қызметінде ермексаз, сазбалшық және тұзды қамырды қолдануға болады. Соңғы жылдары тұзды қамырдан әртүрлі бейнелер жасау кеңінен таралған.ьЖаңашыл технологиялық бағыттың бірі- Қамыр пластикасы.
Тұзды қамырдан панно, ұсақ ойыншықтар тағы да басқа бұйымдар мүсіндеуге болады.Тұзды қамыр-экологиялық таза, зиянсыз, қолға ұстауға ыңғайлы,мүсіндеудің барлық түріне де жарамды,сапалы құрал болып табылады.Тұзды қамырдан жасалған заттар көпке дейін сақталады, бала қай жаста болса да қолайлы.
Қамыр пластикасы «Гербарий» . Ересек топ.

Сазбалшықтан жасалған көлемді  ойыншықтар.

Қол еңбегінде  жиі қолданатын құралдардың бірі -сазбалшық.
Мамандардың зерттеулеріне сүйенсек, баланың сазбалшықпен ойнағаны пайдалы. Сазбалшықтан түрлі мүсіндер жасау кезінде баланың сезім мүшелері, қиялы, ойлау қабілеті дамиды. Сазбалшық табиғи материал. Өте жұмсақ, иілгіш, баланың саусақтарына да, жалпы ағзасына да жағымды әсер етеді. Сазбалшықтан  кез келген ойыншық, бұйымдар жасауға болады. Жасалған бұйымның сыртына балалар таяқшамен ою-өрнек салады, сәндейді. Мүсіндеу өнері балаларға  қоршаған ортаны тануға, тілдерін дамытуға, ұсақ қол моторикасын жетілдіруге  өте жақсы ықпал етеді. Жас ерекшелігіне байланысты қол еңбегін ұйымдастыру,осы жоғарыда айтылған жұмыс түрлерін балаларға қарапайым ойын түрінде жеткізу тиімді болып табылады.

Сазбалшықтан мүсіндеу » Оюлы кесе». Даярлық топ.

5 комментариев

  1. Гулбану

    Шығармашылық табыс тілеймін

  2. Зейнегуль

    Керемет 👍👍

  3. Анаркуль

    Керемет !

  4. Раушан әрқашан шығармашылығың арта берсін. Сен нағыз өз ісіңнің маманысың.Біз сенімен мақтанамыз👍

  5. Динара Каиргалиевна

    Сәттілік тілеймін

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.