Home » Мақалалар » Ғажайып математика

Ғажайып математика

Жиенбекова Жамила Орынбасаровна
Астана қаласы әкімдігі
№62  «Нұрсәуле» балабақшасы
ІІ санатты тәрбиеші

Мақсаты:

  1. 1. 1 — ден 10-ға дейінгі сандарды үйрету кеңістіктегі қарым қатынастар (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде) туралы түсінік қалыптастыру;
  2. 2. Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
  3. 3. Ертегі арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, тапқырлыққа үйрету, баланың зейінін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: 1-10 сандар, слайдтар, сюжетті суреттер, фигуралар, жолақшамен жұмыс.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Жылулық шеңбері.

Қайырлы таң, достарым!

Қайырлы таң, апайлар!

Шеңберге тұрайық

Жылулық сыйлайық.

Балалар: — Тәрбиешімен бірге жылулық шеңберін іс-қимылдар арқылы жасап шығады.

Тәрбиеші: Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар: Бір жылда 4 мезгіл бар. (қыс, көктем, жаз, күз)

Тәрбиеші: Ал, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қазір көктем мезгілі

Тәрбиеші: Көктем мезгілінде неше ай бар?

Балалар: Көктем мезгілінде 3 ай бар. Олар: Наурыз, Сәуір, Мамыр

Тәрбиеші: Бір аптада неше күн бар?

Балалар:  Бір аптада жеті күн бар: дүйсенбі, сейсенбі, сірсенбі, бейсенбі,   жұма, сенбі, жексенбі.

Тәрбиеші: — Осы көктем мезгіліне байланысты кім тақпақтар біледі?

Адия:  Көктем келді алақай,

Қуанар барлық балақай.

Көктемде жаңбыр болады,

Бақшаға гүлдер толады.

Медина: Күн шуағын шашады,

Жауын да  жауып алады.

Көктем келіп жеткенде,

Ағаштар бүршік жарады.

Тәрбиеші: — Жарайсыңдар балалар сендер көктем туралы тақпақтарды өте жақсы біледі екенсіңдер.

Тосын сый:

Тәрбиеші: — Балалар біздің электрондық поштамызға хат келіпті.

— Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісі кейіпкерлері сендерге  әртүрлі тапсырмалар жібердік, сол тапсырмаларды орындасаңдар, біз сендерге  мысықты қонаққа жібереміз.

Балалар сендер осы «Мақта қыз бен мысық» ертегісін білесіңдер ме?

Балалар:  Ия

Тәрбиеші: «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде қандай кейіпкерлер бар

Мақта қыз, мысық, сиыр, ағаш, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан

Жарайсыңдар сендер «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде қандай кейіпкерлер бар екенің біледі екенсіңдер. Олай болса осы кейіпкерлердің бізге берілген тапсырмаларын орындаймыз ба?

Балалар: — Иә

Слайд көрсету.

Тапсырмалар бойынша сұрақтар қою.

  1. Мақта қызды тапсырмасы

Санамақ айту.

Сандарды тура және кері санау

Тәрбиеші: — Сандар туралы кім санамақ біледі?

Балалар 1-ден – 10 — ға дейін санамақ айтып шығады.

Тәрбиеші: — Жарайсыңдар балалар сендер санамақ туралы тақпақтарды өте жақсы біледі екенсіңдер. Енді тура және кері санап беріңдерші. Келесі тапсырманы көрейік.

  1. Сиырдың тапсырмасы «Өрнектерді салыстыр»

«Қайсысы көп?»  <, >, = таңбаларын қойып заттарды анаықтау

«Сұрақ-жауап»:

  1. Бағдаршамның неше көзі бар?
  2. Оның түстері қандай?
  3. Машинада неше дөңгелек бар
  4. Бір аптада неше күн бар?
  5. Қоянда неше құлақ бар?

3.Ағаштың тапсырмасы.    

«Кім білгіш»

4.Қыздардың тапсырмасы

Сергіту сәті: Сылдыр, сылдыр, сырғалар,

Құлағымда ырғалар,

Оң қолымда 5 саусақ

Сол қолымда  5 саусақ,

Саусақтарда сақина

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

Орныңа тез қон.

  1. Дыбыстардар нешеге бөлінеді?
  2. Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?
  3. «Алма» сөзінде неше буын неше әріп бар?

Тәрбиеші: — Ал балалар келесі тапсырманы орындайық

  1. Дүкеншінің тапсырмасы: «Кім тез есептейді?»

Логикалық тапсырмалар

  1. Үйге кірді Алдияр,

Оған қоса Мадияр.  

Кейін келді Айдана,      

Қанша болды бар бала?

Балалар: — Үш бала болды.

  1. Тәрелкеде төрт алма,

Жеді Әсет екі алма.

Сонда қалды неше алма?

  1. Тауықтың тапсырмасы: Көршісін тап.
  2. Тышқанның тапсырмасы: Сандарды сурет бойынша есепте

3 қайықтан  — 1 қайықты азайту,

Балалар: — Тапсырманы орындайды

Ойын: «Кеңістікті бағдарлау»

Қорытынды.

Тәрбиеші: — Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

Балалар: — Иә

Тәрбиеші: — Біз бүгін «Мақта қыз бен мысық» ертегісі кейіпкерлерінің қандай тапсырмаларын  орындадық?

Балалар: — Сандарды, пішіндерді. Жолақшамен жұмыс жасадық.

Тәрбиеші: — Бүгін бізге қонаққа кім келді?

Балалар: — Мысық келді

— Балаларды мадақтау.

Меңгереді: — Сандарды, геометриялық пішінді және түстерін ажыратады. Зейіні, есте сақтау қабілеттері артады, ой өрісі дамиды;

Біледі: — 1 — ден 10 –ға дейін тура және кері санай білу.  Геометриялық пішіндерді білу және түстерді ажырату.

Игереді: — Кеңістікте бағдарлай  білуді (солға, оңға).

7 комментариев

  1. Гулбану

    Керемет. Сәттіліе

  2. Зейнегуль

    Керемет 👍👍

  3. Анаркуль

    Сәттілік!

  4. Өте білікті ұзтаз,сәттілік

  5. Жамилия Орынбасаровна шағын орталықта мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі.Ол өз ісінің маманы, балаларды мектеп табалдырығына дайындайтын мейірімді , салмақты, тәжірибелі ұстаз. Енбегің жемісті бола берсін

  6. Нарқыз Шынарбекқызы

    Жамиля Орынбасарқызы менің ұлымның мұғалімі. Жамиля Орынбасарқызы на алғысым шексіз! Өз ісінің маманы. Ұлым осы мұғалімнің тобына келгеніне өте қуаныштымын! Ұлымда алайын өте қатты жақсы көреді. Күнде сабаққа баруға асығады.
    Сізге шығармашылық табыс тілеймін! Биік белестерді бағындырып, жұмысыңыздың жемісін көріңіз!

  7. Динара Каиргалиевна

    Керемет, сәттілік

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.