Жакыпбаева Гаухар Оралхановна,
Астана қаласы әкімдігі
№ 62 «Нұрсәуле» балабақшасы
тәрбиеші
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елтаңбасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулері арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке балалар залға ту, шармен кіреді.
Әнұран орындалады.
Тәрбиеші: — Сәлеметсіздер ме, балалао, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған «Тұғыры биік-Тәуелсіздік» атты мерекелік тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Балалар Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздіктің мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарды құрбандыққа шала отырып қол жеткіздік. Қазақ елі тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін көру үшін тарихқа көз жеткізейік.
Слайд арқылы Желтоқсан оқиғасын көрсету.
31 жыл бұрын қазақ елін Ресейге бағынышты болды. Елімізді Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыз бірініші секретарь болды. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОКП плеумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В Колбин тағайындалды. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады. Алматы қаласында бір топ жастар қарсы болып Қазақ елін қазақ басқару керек деген ұранмен алаңға щыққан Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. Тәуелсіздік аңсаған жастар ұлттың намысын құдыретін дүниежүзіне танытқан. Бұл оқиғаның құрбандары Қ .Рысқұлбеков, Л. Асанова, С. Мұхамеджанова, Е. Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді. Міне балалар, осы күнге біз батыр аға, әпкелеріміздің арқасында жеттік.
Тәрбиеші: — Балалар, айтыңдаршы “Отан” дегеніміз не?
Иә, бұл сендер тұратын жер, туған үйлерің, халқың. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қане, балалар, Отан туралы кім тақпақ біледі екен?
Балалар Отан туралы білетін тақпақтарын айтады.
1 бала: Отан-анаң ауялы,
Отан- әкең, ақылшың.
Отан-асыларманның,
Аялаған өз елін.
2 бала: Атағы артық, жаны аппақ,
Әй Отаным, Отаным
Үмітіңді мен ақтап,
Үлесімді қосамын.
— Балалар біздің ұлтымыз кім?
— Қазақ
— Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?
— Қазақстан Республикасы.
— Қазақстан қандай мемлекет?
— Егеменді, тәуелсіз мемлекет.
— Елбасымыз кім?
— Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев
— Елорда бас қаламыз қай қала?
— Астана қаласы.
— Ал, біз қандай қалада тұрамыз?
— Астана
Қазақстан Республикасы рәміздеріне не жатады? (ту, елтаңба, әнұран.)
Балалар: — Ту, Елтаңба, Әнұран.
Тәрбиеші: — Туда ненің суреттері бейнеленген?
Балалар: — Күн, бүркіт, ою – өрнек.
Тәрбиеші: — Дұрыс. Күн бейбітшілікті, байлықты білдіреді, ал қыран бүркіті –
Тәуелсіздіктің белгісі. Ою – өрнек қазақ елінің дәстүрін білдіреді.
Ал елтаңбада ненің суреттерін көруге болады?
Балалар: — Пырақ, шаңырақ, жұлдыз, “Қазақстан” деген жазу.
Тәрбиеші: — Жұлдыз – жарықты білдіреді, тұлпар – батырлық пен қажырлық нышаны. Шаңырақ-ошақ амандығын білдіреді. Тәуелсіздік туралы білетін тақпақтарымызды айтайық.
3 бала: Жыр арнадым еліме тебіріне,
Үміт артам елімнің ертеңіне
Тәуелсіздік алғалы көп жыл болып,
Отаным жылдан жылға көркеюде
4 бала: Ызғарлы қыс-тоқсан күн,
Желтоқсан деп аталған
Желтоқсанда жастарым,
Тәңірінен бата ал
Тәрбиеші: Отанымыз, туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп өнуде. Олай болса балалар, «Қазақстан» әнін бірге тамашалайық
ӘН: «Қазақстан бақытты»
Тәрбиеші: Қазақ жері – кең байтақ, ұлан – ғайыр дала. Оның табиғаты алуан түрлі, жері бай. Мұнда жазық дала да, көл де, шөл де, аймақ та бар.
Әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, көптеп кездеседі.
Тәрбиеші: Балалар мына «жүрек» шарды алып, шын жүректен апайларға, осы отырған қонақтарға тілек тілейік.Балалар шығып, бір — бір сөзден айтады
— Нұрлы күн болсын!
— Елімізде бейбітшілік болсын!
— Елбасымыз аман болсын!
— Қазақстан гүлдене берсін!
— Ана тілімізді құрметтейік
— Рәміздерді құрметтейік!
— Еліміз, жеріміз бай болсын!
— Деніміз сау болсын!
— Балабақша гүлдене берсін!
— Сіздерге қуаныш, шаттық тілейміз! ХОРМЕН (шапалақтау)
Тәрбиеші: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын, аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін дейміз! Сау болыңыздар!
Жарайсыз жасаған жұмысыңыз тамаша🌹
Керемет! Еңбегіңіз жана берсін! 👏🏻
Гаухар Оралхановна мықты маман. Сәттілік
Гаухар Оралхановна өте жақсы тәрбиеші,өз мамандығының шебері. Сізге тек сәттілік тілейміз. Жұмысыныз алға жүре берсін,шәкірттерініз көп болсын .
Сәттілік!
Керемет сәттілік
Гаухар Оралхановна өте жақсы апай, өз ісінің маманы, ақжарқын, ақкөңіл, мейірімді адам. Жұмысы жемісті болсын, Еңбегі жана берсін
Сәттілік.Еңбегіңіз жаңа берсің
Гаухар Оралхановна өте керемет тәрбиеші