Ермағанбетова Айгуль Мухтаровна
Астана қаласы әкімдігі
№62 «Нұрсәуле» балабақшасының
І санатты педагогы – психологы
Ізгілік нұры бұл қайырымдылықтан басталады. Қайырымдылық жасай отырып, басқалардың жүзіне қуаныш ұялатып, жүрегіне шаттық сыйлайды. Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге адам және барлық жандарға білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.
Елімізде болып жатқан саяси- әлеуметтік, мәдени-этникалық өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуді қажет етіп отыр. Бүгінгі өмірді жалғастырушы ұрпақ бұл қоғамнан өзінің келешегіне не ала алады деген сұраққа жалпы қауым болып жауап іздестіруде.
Ендеше, жеке тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни қайырымдылық пен ізгілікке тәрбиелеу, адам жанының руханилығын дамыту- заман талабы. Егер адам руханилығынан айырылса, онда ол эмоция мен сезімнен де айырылады. Сөйтіп, материалдық табысты негізгі мақсатқа айналдырған қоғамдық даму адамзатты рухани жұтаңдыққа душар етіп, құндылық бағдарын өзгертіп жіберуі мүмкін. Сондықтан ең бастысы этикалық қайырымдылыққа ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік жатады.
Ал интеллектуалдық қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі сезімталдық жатады. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасау — қайырымдылықтың, ізгіліктің көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедей-кепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайыр-садақа берумен де көрініс табады. Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады. Адам бойында қалыптасқан, халқымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін көрсететін әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық іспеттес небір құндылықтары бар. Осындай асыл құндылықтар адам баласының тегіне байланысты десек, қателеспейміз. Бала дүние есігін ашқаннан бастап, өмірге деген қызығушылығы артып, көп нәрсені тани бастайды. Жүрген ортасына қарай баланың мінез-құлқы қалыптасып, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Адам бойындағы небір сезімдер мен адами қасиеттер нақ осы кезде көрініс табады. Ата-ананың балаға деген көзқарасы, берген тәрбиесі, болашақта баланың бойында қалыптасатын адами қасиеттеріне зор әсерін тигізеді. Жас баланы мейірімділікке, ізгілікке бөлейтін, әрине, ата-ананың жылуы, отбасындағы жайлылық. Сондықтан адам бойындағы барлық адами құндылықтар мен жарқын мінездердің қалыптасуы тікелей отбасындағы тәрбие мен ата-ананың балаға деген көңіліне байланысты екені хақ. Адам бойындағы сондай бір жарқын, ізгіліктің нұры бастау алатын адами құндылықтарының ең көркемі- мейірімділік. Ендеше әрбір адам айналадағы қоршаған ортаға мейірімділікпен қарап, жан-жануарларға күтім жасау, адамдарға сыйластық танытып, қамқорлық көрсету, дұрыс қарым-қатынас жасау арқылы, адам жаны ізгілік пен мейірімділік, қайырымдылыққа толы болады. Басқаларға жасаған ізгілікті істің нәтижесі, сол адамдардың алғысы мен ризашылығы болмақ. Айналаңдағы адамдарға қуаныш сыйлап, алғыстарын ала білген үлкен бақыт. Мейірімге толы жүрегіміз, басқаларға деген қамқорлығымыз ізгілік нұрын төгеді.
Керемет нағыз білікті маман🌹
Керемет. Сәттілік
Сәттілік 👍👍
Керемет!!!
Айгүл Мұхтаровна нағыз білікті маман, керемет! Жарайсың!!!
Керемет! Жұмысыңызға сәттілік! Білікті білімді маман болуыңызға тілектеспіз👍🏻Әрдайым биіктерден көріне беріңіз. 👍🏻
Айгул Мухтаровна нағыз өз ісінің майталманы.Педагог-психолог қазіргі таңдағы ең сұранысқа ие жоғары мамандық,кішкентай баланың жүрегіне жол тауып еңбек жасау деген әр адамның қолынан келе бермес,еңбегіңіз еселене шығармашылығыңыз шыңдала берсін!
Керемет. Тағыда осылай еңбектеріңіз жарық көре берсін👍🏻
Керемет сәттілік
Керемет, сәттілік
Қазақ “ Жақсылық қылсаң, жасыр, Жақсылық көрсең, асыр.” деп бекер айтпаса керек. Технология дамыған заманда адамдардың бір біріне адамгершілікпен, мейіріммен қарауы болашақ өскелең ұрпаққа өнеге болары анық. Мектепке дейінгі біоім мен тәрбие беру орындарының осы мәселені керемет аңғарып зерттеп отырғандары кқңілді қуантады. Автордың мейірімділік жүректен деген ойын тиек етіп отырып, өз пікірімді “балаларымыз мейірімді қайырымды болғанын қаласақ оларға сөзбен айтып емес іспен өзіміз оларға үлгі бола білейік” деп аяқтағым келеді🫶