Home » Мақалалар » Күз сыйы

Күз сыйы

Барасбаева Света Тилеубаевна
Астана қаласы әкімдігінің
№ 62 «Нұрсәуле» балабақшасының тәрбиешісі

(Музыка ырғағымен қыздар қолына жапырақ ұстап, ұлдар шапалақ соғып   залға кіреді.)

Жүргізуші: Береке бақ дарыған, жомарт көңіл жарқын күз.

Сары алтынға малынған, жетті міне алтын күз

Армысыздар қонақтар, балалар  «Күз сыйы»  атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Балалар күз болғанда табиғатта қандай өзгерістер болады.

Бала: Күн суытады, аспанды бұлт қаптайды.

Бала: Жапырақтар сарғайып жерге түседі.

Бала: Жаңбыр жауады.

Бала: Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар  балалар,  дегенменде бізге күздің берері көп. Берекелі , мерекелі алтын күз деп бекер айтылмаған ғой, күзде адамдардың еңбектері ерекше, егін орады, бау бақшаларда жемістерін, көкөністерін жинайды. Ал, балалар олай болса сол байлықтың, молшылықтың иесі Алтын күз ханшаймын қарсы алайық.

Музыка ырғағымен Күз ханшайымы кіреді)

Күз ханшайымы:

О, халайық жараңдар

Міне маған қараңдар

Алтын түске боялды.

Тау мен қыр да, дала түз

Келдім міне ортаңа

Менің атым – Алтын күз!

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе Алтын күз!

Күз ханшайымы: Ия, балалар мен Күз ханшайымы боламын, сендер алтын күз мерекесін тойлап жатқанда, мен қалай қалыс қаламын. Мен сендерге арнайы келдім және өз сыйымды ала келдім.

Жүргізуші: Күз аруы балаларға әкелген қандай сыйлығың бар?

Күз ханшайымы: Мінекей, мына жемістердің барлығын балаларға әкелдім.

(Қолындағы жеміс тола себетті көрсетеді)

 

 

Жүргізуші:  Рахмет саған Алтын күз. Ал, біздің балалар өнерлерін дайындап сізді қуантуға дайын отыр, олай болса  «Күз мезгілі тамаша» әнін қабылалыңыз.

Ән  «Күз мезгілі тамаша»
Жүргізуші:-
Күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық.

Күз туралы тақпақтар

1-бала

Жапырақ ұшты

Суық та түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.

2- бала

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

3 -бала

Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатамын күзді мен.

4 -бала

Алақай! Алақай!

Шаттанды  балақай!

Күз түсті, дән  пісті.

Айтамыз  алғысты.

5- бала

Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.

6- бала

Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.

Жүргізуші:- Күз Ханшайымы біздің сұлу сізге арнаған тақпақтарын айтып берді, енді көңілді би билеп береміз дейді.

Би : «Жаяу»

Жүргізуші:- Балалар  сендерге рахмет, билерің өте көңілді екен!

Енді сендер  айтыңдаршы,  жемістер мен көкөністерді жақсы көресіңде ме?

Балалар: Жақсы көреміз.

Жүргізуші:-Олай болса ортаға пайдасы мол көкеністер мен дәмі тіл үйірер жемістерді шақырайық.

(Ортаға көкенісермен жемістер болып балалар  шығады)

Көкөністер мен жемістер туралы тақпақтар

7- бала

Болса да ащы,
Дәмді етер асты.
Өседі ол жерге,
Тығып алып басты. ( Пияз)

8- бала

Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды,
Қоянға да азықпыз –
Сәбіздеріміз жазықсыз.( сәбіз)

9- бала

Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып,
Тұрған ол мен – қызанақ,
Күнге қарап ұялып.( қызанақ)

10- бала

Картоп – біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған –
Ағайынбыз бәріміз. ( картоп)

11-бала

Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым. ( алма)

12- бала

Іші толған шәрбәт,

Дәмі қандай әйбәт.

Үзесің бірден жүзін,

Менің атым жүзім! ( жүзім)

13- бала

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Басымды төмен иемін  (  шие)

Би: «Жапырақтар»

Жүргізуші: Балалар би билеп бойымыз бір сергіп қалды, енді сендерге ерке қонжық туралы ертегі айтып берейін бе?

Балалар: Айтыңыз, айтыңыз..

Жүргізуші:: Ертеде бір орманда аю мен қонжығы өмір сүріпті. Қонжығы өте ерке болыпты.

(Ортаға аю мен кішкентай қонжық шығады, ұйқысы келіп есінеп, жыламсырап)
Қонжық: Қарным ашты, ұйқым келді.

Аю:  Ұйқың келсе кел жата ғой қонжығым

Әлди, әлди, ақ бөпем

Ақ төсекке жат, бөпем.

Жылама, бөпем, жылама,

Көздің жасын бұлама.

Қонжық: Ұйқым келмейді! (жылайды)

Аю: Ал не керек саған?

Қонжық: Маған әдемі алтын түсті жапырақтар керек!

Аю: Қәзір мен тауып келемін, Қонжығым.

Жүргізуші: Анасы орманға жапырақ іздеп кетеді.

(Аю себет толы жапырақтар алып келеді)

ю: Міне саған алтын түсті жапырақтар. Енді ұйықташы.

Қонжық:  Маған жапырақ  керек емес. Алма  жегім келеді.

(Қонжық жапырақтарды шашып тастайды)

Аю: Сен үшін бәрін тауып келемін, Қонжығым.

Жүргізуші: Анасы тағыда орманға кетеді алма алып келеді.

 (Аю себет толы алма  алып келеді)

Аю: Міне саған алма балам, тойып жеп алда  ұйықтай қойшы.

Қонжық: Жегім келмейді. (жылайды)

(Қонжық алманы шашып  тастайды)

Жүргізуші: Анасы ерке баласын қалай ұйықтатарын білмей отырғанда, ызылдаған ара ұшып келеді  (Ызылдап ара ұшып келеді)

Ара: Сен қандай ерке қонжықсың, мен аспанда ұшып жүріп бәрін көріп тұрдым. Анаңды тыңдамау, көп жылау ол жақсы әдетке жатпайды. Саған не керек екенін мен білемін. Міне саған бал әкелдім.

(Ара балды анасына береді  де ұшып кетеді, аю баласына қасықтап бал береді)

Жүргізуші:: Аю баласына бал жегізеді.

Қонжық: Мына бал қандай дәмді, қарным тойды, ұйқым келді.

Аю: Әлди, әлди, ақ бөпем

Ақ төсекке жат, бөпем.

Жылама, бөпем, жылама,

Көздің жасын бұлама.

Жүргізуші: Балдың тәттілігінен қонжық ұйықтап қалады.

Сөйтіп қонжық пен анасы қысқы ұйқыға кетеді. Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

Балалар: Ұнады.

Жүргізуші:Сендер де солай ерке жылауық боласыңдарма?

Балалар: Жооқ.

Жүргізуші: Балалар,  олай болса аю мен қонжыққа өзіміздің дайындаған әдемі биімізді билеп берейік. Ортаға көңілді тиындарды шақырайық.

Би: «тиындар»

 (Кенет күннің күркіреген дауысы естіледі)

Жүргізуші: Балалар естимісіңдер, бұл ненің дауысы?

Балалар: Жаңбырдың дауысы

Күз: Ия, ия, бұл менің жаңбырымның дауысы, көңіл-күйім болмағанда жылап-жылап аламын, сол кезде жаңбыр болып жауамын.

Жүргізуші: Балалар сендер жаңбырдан қорқасыңдарма?

Балалар: Жоқ, қорықпаймыз.

Жүргізуші: Олай болса қолшатырмен ойын ойнайық.

Ойын «Қолшатыр»

Жүргізуші: Балалар бүгін күн жаңбырлы болатын сияқты, тағы да жаңбыр жауын деп тұр.

(Ортаға қолына қолшатыр ұстап бір қыз шығады)

Қыз: Жаңбыр жаңбыр жауа бер

Қорықпаймыз біз сенен

Қолымызда қол шатыр

Ән салшы кел бізбенен.

Ән «Жаңбыр»

Күз: Балалар бүгінгі мереке маған сондай қатты ұнады, енді сендер менің биылғы жемісімнен дәм татыңдар. (Балаларға жемістер таратылады)

Балалар әрқашан астығымыз мол болсын. Келесі жылы кездескеше сау болыңдар.

Балалар: Сау болыңыз

(музыка ырғағымен Күз ханшайымы шығып кетеді)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар балалар бүгінгі біздің «Күз сыйы» атты ертеңгілігіміз аяқталды, бүлдіршіндеріміздің дені сау болып, әрбір отбасында береке, мереке, молшылық болсын.  Сау болыңыздар!

26 комментариев

  1. Жарайсыз👍мықты маман

  2. Мықты маман👌🫶👍🤚 Еңбеңіз жансын🥰😘

  3. Толғанай

    Керемет тәрбиеші. Еңбегіңіз бағалана берсін. Сәттілік тілейміз👍👍👍👍

  4. Назерке

    Өз ісінің маманы,керемет!Еңбегіңіз елене берсін!

  5. Гульден

    Жарайсыз. Енбегиниз жана берсин! Тек алга! 👍🙌

  6. Зейнегуль

    Жарайсыз еңбегіңізге жеміс тілеймін.

  7. Гулбану

    Керемет. Сәттілік

  8. Света апай жумысыныз жемысты болсын 👍мыкты маман!

  9. Зейнегуль

    Керемет 👍👍

  10. Алмагул

    Үлгі тұтар тәрбиеші. Өз ісінің маманы. Әр шығармашылығының тақырыбы нақты, мақсаты айқын. Дауыс дикциясын анық дыбыстап, баланы қызықтырып баурап алатын қасиеті бар , шебер тәлімгер.

  11. Гульзада

    👍👍 саттилик

  12. Султанбек

    Керемет ұстаз👍👍👍

  13. Керемет.Мыкты маман.Иске сат!!!

  14. Анаркуль

    Керемет!

  15. Асланбек

    Еңбегіңіздің жемісін көріңіз.

  16. Керемет 🔥🔥🔥

  17. Зульфия

    Керемет, мықты маман. Жарайсың,қызым,😍

  18. Мыкты маман! Керемет ұстаз! Жұмысыңызға сәттілік!

  19. senbek.aysezm@gmail.com

  20. Өте керемет жазылған. Еңбегіңіз арта берсін✨✨

  21. Өте тамаша жазылған. Тақпақтары қысқа, балаларға лңай. Өз ісінің шебері, білікті маман. 👍

  22. Керемет! Еңбегіңіз елене берсін!👍💐

  23. Керемет,жарайсыз

  24. Алинур Султанбекұлы

    Света Тілеубайқызы мықты мамансыз👍👍👍

  25. Еңбегіңіз елене берсін! 👍

  26. Биіктерден көріне беріңіз. Еңбегіңіз жемісті болсын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.